Сабақ мақсаты: Оқушылардың «Кинематика»


Эрстед тәжірибелерінен шығатын қорытынды



бет121/160
Дата06.01.2022
өлшемі16,87 Mb.
#11429
түріСабақ
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   160
Байланысты:
10-pplan

Эрстед тәжірибелерінен шығатын қорытынды:

  • Магнит өрісін ток немесе бақылаушыға қатысты қозғалыста болатын заряд тудырады және ол тек токқа немесе қозғалыстағы зарядқа әрекет етеді.

  • Магнит өрісі тогы бар өткізгішке тек күшпен ғана әрекет етпейді, ол сонымен бірге магнит өрісінің күш сызықтарына қатысты оның бағытын да өзгертуге тырысады.

  • Электростатикалық өрістен магнит өрісінің айырмашылығы, магнит өрісі құйынды, тұйық өріс.



Магнит өрісінің күш сызықтары деп өрістің кез келген нүктесіне жүргізілген жанама осы нүктедегі магнит күшінің бағытымен сәйкес келетін көрнекі сызықтарды айтады.

Магнит өрісінің күш сызықтарының бағытын анықтау үшін қосалқы мнемоникалық әдістер пайдаланылады:



1. Бұранда ережесі.

2. Сол қол ережесі.

Бұранда ережесі магнит өрісінің күш сызықтарының бағытын анықтауға қолданылады.

Сол қол ережесі магнит өрісі тарапынан өткізгішке әрекет ететін күш бағытын анықтауға қолданылады.

Тұйықталған магнит өрісі күш сызықтарын бейнелеп көрсету үшін белгілеулер ензізіледі.

Тогы бар өткізгіштің өрісін нұсқама мен нүктелер жиынтығы түрінде беруге болады.



Тұрақты магниттің және катушканың магнит өрісі күш сызықтарының бағыттары суретте көрсетілген.



Магнит күш сызықтыраның түрліше конфигурацияларын зерттеу француз ғалымы Амперге тұрақты жолақ магниттердегі магнит өрісін оның ішшіндегі дөңгелек микротоктар тудырады деген гипотезаны ұсынуға мүмкіндік берді.




ІV. Пысықтау.

  • Магниттік және электрлік құбылыстардың байланысы қалай дәлелденеді?

  • Қандай өзара әрекеттесу магниттік деп аталады?

  • Магниттік өрістің негізгі қасиеттері қандай?

  • Магнит индукция векторының бағытын қалай анықтайды?

  • Магнит өрісі күш сызықтарының бағытын қалай анықтауға болады?

  • Электростатикалық өріс пен тұрақты магниттік өрісінің айырмашылығы неде?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет