Мақсаты: Жаңа сабақта кездесетін сөздіктермен танысады. Бұл үш тілділік білім беру жүйесіне өз септігін тигізеді. Тиімділігі: Балалар үш тілділікке дағдыланады.
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау:Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
(Ұ) Компьютермен жұмыс. Тапсырма:Интернетті іске қосып, Google Chrome браузерін ашыңдар. «Қоршаған ортаны қорғау мәселелері» тақырыбында қажетті ақпаратты ізде.
Ол үшін:
Іздеу серверін таңда. Мысалы, yandex.kz іздеу алаңына «Қоршаған орта мәселелрі» тақырыбын жазып, іздеуді жүзеге асыр. (1-сұлба. 3-әдіс).
Қажетті деп тапқан сайттарды Google Chromeбраузерінің Бетбелгісіне(Закладка)қос (5-сурет). Ол үшін, браузерінің оң жақ жоғарғы бұрышындағы Настройка браузера...-Закладка командаларын орында (4-сурет).
Қажеттісайт адресі браузердің пайдаланушыға қолжетімді жеріне орналасқанын көресің.