Жұмбақ шешу
Орманда жоғары,
Ағашқа қонады.
Тұмсығын балта етіп,
Тоқ - тоқ - тоқ соғады.
Ол не? (тоқылдақ)
Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады. (қоян)
Үй тапсырмасын сұрау. Сүтқоректілер
Жануарлардың, аңдардың, құстардың түрлерін атау.
Топтастыру
Суретке қарап жануарлар тобын жікте.
Жануарлар кез келген жерлерден табылады. Суға үңілсек те, топырақты қазсақ та, аспанға назар аударсақ та, айналаға көз салсаң та жануарлар кездеседі. Тіпті кез келген тірі ағзаларда да паразит жәндіктердің өмір суретші мәлім. Қазір ғаламшарымызда 1,5 миллионнан астам жануардың түрі бар деп есептеледі. Қаншама жануарлар түрі жер бетінен жойылып бітті. Біз қарастырғалы отырған омыртқасыздардың жәндіктердің саны бір миллионнан асады.
5-7 мин.
Ортақ жүргізуге болады.
Өсімдіктер сияқты жануарлар да алуан түрлі ортада – суда, құрлықта, топырақ арасында тіршілік етеді. Қай орта болсын ондағы өлі, тірі табиғаттың жағдайлары бар жерлерде мекендейді. Осы жануарлардың барлығы да әр түрлі ортада тіршілік етеді.
Оқулықпен жұмыс. Мысалы, камбала деген балық теңізде тіршілік етеді. Ол өзіне қажетті қоректі теңіз түбінен ғана табады, сондықтан ол су түбінен көтерілмейді.
Аузы үлкен, бүйір сызығы түзу
Денесінің ұзындығы 5 метр
Салмағы 300 кг
Көзі денесінің бір жағында болады.