Тәжірибелік сабаққа арналған тапсырмалар ФӨт заттар мен энергия алмасу Тапсырма№1. Анықтама беріңіз Заттар мен энергия алмасу дегеніміз
бет 1/5 Дата 28.11.2022 өлшемі 295,57 Kb. #53219 түрі Сабақ
Тәжірибелік сабаққа арналған тапсырмалар
ФӨТ
Заттар мен энергия алмасу
Тапсырма№1. Анықтама беріңіз Заттар мен энергия алмасу дегеніміз – заттар мен энергияның адамның организмінде физикалық , химиялық, физиологиялық жолмен өзгеру үрдістері.
Тапсырма №2. Зат алмасуының 4 кезеңі бар. Кестені толтырыңыз
Этаптары
Негізгі қызметі
1.
Қоректік заттардың ішек-қарындағы гидролизі – қоректік заттардың ферменттік ыдырауы.
2.
Гидролиз өнімдерінің қанға және лимфаға сіңуі.
3.
Қоректік заттар мен О2 жасушаларға тасымалдануы – заттар мен энергияның жасуша ішілік алмасуы.
4.
Заттар алмасуының соңғы өнімдерінің сыртқа шығарылуы.
Тапсырма №3. Анықтама беріңіз
Негізгі алмасу дегеніміз – тіршілікке қажетті ең төменгі энергия алмасуы.
Кестені толтырыңыз
Негізгі алмасуды стандартты жағдайларда анықтайды:
1. Аш қарында, ас қабылдаған соң 12-14 сағаттан кейін.
2. Дене еттері босаңсыған , толық тыныштық күйде.
3. Комфортты температурада – 18-22о С
Достарыңызбен бөлісу: