Емтихан есептері



Дата15.12.2022
өлшемі133,87 Kb.
#57575

Емтихан есептері

  1. Түркістан - Сiбiр темір жолының барлық ұзындығы 1 500 км. Соның -і Қазағыстанның iшiмен өтедi, - i Қырғызстан, қалғаны Сибкрайдың iшiмен өтеді. Түркістан - Сiбiр темір жолының неше келометрi Казағыстанның ішімен, неше километрі Қырғызстанның, каншасы Сибкрайдың iшiмен өтедi?

  2. Бір адам банкеге 12 500 теңгені 7 жылдан кейін өтеп береді. Жана да 12 500 сомды 43 жылда өтеп бермекші. Егер де банкенiң алатын еселi өсiмiнiң шамасы 4,5% болсын десек, ол адам неше жылдан соң сол екi борышын да бiр ақ рет 25 000 теңгемен өтеп кетеді?»

  3. Бір күмісшіде 3 тұяқ күміс бар. Оның бiреуi 90-ыншы проба, екiншiсi 86 -ыншы проба, үшiншiсi 72 - iншi проба. Егер де 1 - iншi мен 2 - iншi тұяқтарды бiрге қорытса, қорытпа 84- iншi пробалы болып шығар едi. Егер де 1 - iншi мен 2 - iншi тұяқтарды бiрге қорытып алсақ, 78 - iншi пробалы тұяқ шығар еді. Үш тұяқтың барлық салмағы 45 қадақ. Әрбiр тұяқтың салмағы кандай болғаны?

  4. Гуттенберг дейтін адам 1 - iншi рет кітап басудың тәсiлiн Ғайса туғаннан кейiн мынау жылда тапқан: 1) ол жылдың ондық сыйпыры бiрлiк сыйпырынан 2 есе кіші; 2) егер де жуздiк сыйпырынан ондықтардың сыйпырын кемітсек, iзделген жылдың мыңдық сыйпыры табылады; 3) мыңдық, жүздік, ондық, бiрлiк сыйпырларының бәрiнiң қосындысы 14 болады; 4) егер де iзделген жылға тағы да 4 905 - ті қоссақ, жасалатын сан iзделген санға керi түрде жазылар едi. Сол қай жыл?

  5. 1925 жылы Әмiрике жерiнде миллион автомобиль болыпты. Бұл бүкiл жер жүзiндегi автомобильдің 87,2% - і болса, Әмірикеден басқа жерлерде қанша автомобиль болған болады?

  6. Бiр үйдiң қойы екiншi үйден төрт есе артық. Егер де ол үйлерлің екеуіне де 9 қойдан қосылса, 1 - інші үйдің қойы 2 - iншi үйден үш есе артық болар еді. Әр үйдің қойлары канша болғаны?

  7. Ақшалы кісілер ақшасын патшалық банкке сақтауға берсе, ақша иесi әрбір жүз сомнан жылына 4 сом өсім алады. Жылына 27 жүз сом, 89 жүз сом, 168 жүз сом қанша өсiм бередi?

  8. Ақтөбе өкрүгінде 1927 жылғы егiстiк ауданы 340 119 десетінге жетті, бұл 1913 жылғы егiстiк ауданына карағанда 56,4% өскен болып шығады. Актобе өкрүгінде 1913 жылы неше десетiн егін егілген?

  9. Өсiмдiктер өсiп тұрғанда жерден өзіне су тартып алып тұрады. Қара бидай құрғақ заттың (саламның, дәннiң, кебектiң) әр грамына 240 грамм су тартады (ішеді). Қара бидайдың 1 кг дәнiн алу үшін қанша су керек, егер бiр килограмм есеп дән орта есеппен 1 баудан түседі десек және бардың ауырлығы килограмм десек?

  10. Болат темірдің 0,6% - і теміртегі, 0,4% - і марғаныс, 0,1% - і кiремни- қалғаны темір болса, 24кг болатта бұлар қаншадан болу керек?

  11. Су екi газдың кiймiйелiк қоспасынан кұралған. Бiрi су - тек, екiншiсi от тек аталады. Бұлардың қоспадағы дағдылы салмақ мөлшері 8 : 1 еселік арасындай. 200 ғырам суда бұл газдар қаншадан?

  12. Күмiс бiр сомдық акшада 18 ғырам таза күміс бар. Таза күміс пен қоспаның ауырлығы 9 : 1 еселік арасындай болса, бір сомдық ақшаның салмағы қанша болады?

  13. Yш жұмысшы қосылып ағаш кескені үшін 42 сом еңбекақы алған. Жұмысшының бiрi 3, екiншiсi 5, бiрi 6 күн жұмыс қылса, бұлар үшеу ара 42 сомды қалай бөлісіп алулары керек?

  14. «Жер суғару жұмысында 6 кiсi жалданып, 20 күн iшiнде арық қазып бітіруге шарт жасасқан. Жұмысшы санын көбейтсек, сол жұмыс неше күнде бiтер едi?

  15. Семей қаласы мен Алматының арасы 975 км келедi. Осы екi ара айырпланға 7 - ақ сағаттық жол. Отарба 25 сағатта, атты кiсi 65 сағатта, жаяу кісі 195 сағатта жүрiп жетеді. Айырплан 1 сағатта неше км жер жүреді? Отарба, атты кісі, жаяу кісі әрқайсысы сағатына неше километрден жүре алады?

  16. Іле өзенінің 468 км жеріне кеме жүреді. Өзенді өрлеп, судың ағымына қарсы жүзгенде кеме осы 468 км жерге 39 сағат жүріп жетедi; төмен, ағымның ығына қарай жүзгенде 26 сағатта жетеді. Ағымға қарсы жүзгенде кеме сағатына неше км жүреді? Ағымның ығымен төмен қарай жүзгенде бiр сағатта неше км жүредi?

  17. Бұрын патша заманында бiр жұмысшы жылына 300 күн, күн сайын 12 сағат істейтін. Жұмысшының әр сағаттық жұмысы капиталиске 8 тиын пайда беретiн. Капиталис бiр жұмысшының 8 сағаттан артық істеген сағаттарынан қанша пайда алады?

  18. Сұйық заттар шелекпен, метрмен өлшенеді. Бір шелекте 10 iштоп бар. Іштопта 2 бөтелке бар. 2 литр 3 бөтелкемен барабар. Бір бөтелкеде 3 стакан, литрде 5 стакан болады. Іштопта неше стакан? 2 литрде неше стакан? 3 бөтелкеде неше стакан?

  19. Қалқоз алғашқы 10 күнде 42 сентiнер мақта тапсырып, пыланын 24% орындапты. Қалқоздың барлық тапсырмақ мақтасы қанша?

  20. 1927 /28 жылы мемлекеттік буджет бойынша Өзбекістан өндіріс орындарына 5,004 милійен сом жұмсалды. 1931 жылы одан 3,479 есе артық жұмсалды. 1931 жылы Өзбекістан өндiрiсiне қанша сом жұмсалды?

  21. Құрғатқан шалшық жердiң 10 шаршы дециметріне 150 өсiмдiк шықты. Мұның 16%- i арам шөптер. 10 шаршы дециметрде керектi өсiмдiктер қанша болғаны?

  22. Қол машинамен кендiрдiң дәнiнiң 1 килограмынан 200 грамм май алынады. Бумен айналатын машинамен май алатын зауыт одан 50 % артық алады. Қол машинасы бiр тонна дәннен майды қанша кем алады?

  23. 223- суреттегі дөңгелектің үш кермесі бірін бірі Н нүктесінде қиып өтеді. Суретті пайдаланып екенін дәлелдеу керек.

  24. 168- суретті пайдаланып екендігін дәлелдеңіз.

  25. 99- суреттегі қостабанның АВ бүйірінің ортасы – М (МА мен МВ тең), М –нен DC-ға шейін тартылған MN сызығы АD мен (ВС мен де) қатар. MN - ортасызығы екенін,DN мен NC –нің де тең екенін дәлелдеу керек.

  26. Кеңаралдан Қостөбеге шейін 707 шақырым. Қостөбеден Қызбелге шейін 7 есе кем. Ал Қызбел мен Алқакөлдiң арасы Қостөбе мен Қызбел арасынан 8 есе артық. Қызбелден Алқакөлге дейiн неше шақырым?

  27. Тауық орта есеппен жылына 73 жұмыртқа салады. Күн сайын 2 жұмыртқа жеп отыру үшін неше тауық асырау керек?

  28. Тасбақаның орта өмірі пiлдiң өмiрiнен 160 жыл артық. Ал піл орташа есеппен адамнан 85 жыл артық өмiр сүредi. Осылардың әрқайсысы қанша өмiр сүретiнiн табыңдар, егер адамның орта өмiрi 55 жыл болады десек.

  29. Көксу кооперативі банкіге 1 000 сом акша салды (6% -тен жылына). Кооператив жылына қанша өсім алып отырады?

  30. Сақтық кассесінде 1 жылға берiлген 1200 сом акша 8% - тен қанша өсім береді?


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет