Емтихан сұрақтары
1. Механикалық қозғалыс. Түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс,қисық сызықты қозғалыс. Бірқалыпты үдемелі және бірқалыпты кемімелі қозғалыстар.
2. Ньютонның заңдары. Қозғалыс мөлшерінің сақталу заңы. Дене импульсы. Импульстың сақталу заңы.
3. Энергия. Механикалық жүйелердегі энергияның сақталу заңы.
4. Механикалық жұмыс. Қуат.
5. Қатты дене механикасы. Ілгерілмелі және айналмалы қозғалыс.
6. Күш моменті және инерция моменті. Қатты дененің қозғалмайтын осьтен айналысы.
7. Сұйықтың ағын сызықтары мен түтіктері. Бернулли теңдеуі.
8. Тұтқыр сұйықтың қозғалысы. Стокс заңы.
9. Гармониялық тербеліс. Гармониялық тербелістің теңдеуі.
10. Өшетін тербелістер.Еріксіз тербелістер. Резонанс.
11. Толқынның таралуы. Толқын теңдеуі. Толқын интерференциясы.
12. Идеал газдардың негізгі заңдары. Клапейрон-Менделеев теңдеуі. Универсал газ тұрақтысы.
13. Газдардың молекула-кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі.
14. Идеал газ молекулаларының жылдамдықтар бойынша таралуы. Максвелл заңы.
15. Больцманның таралу заңы. Молекуланың еркін жүру жолының орташа ұзындығы.
16. Термодинамиканың бірінші бастамасы. Көлемі өзгерген кезде дененің істейтін жұмысы.
17. Термодинамиканың бірінші бастамасын изопроцестерге қолдану. Адиабаталық процесс.
18. Термодинамиканың екінші бастамасы. Карно циклі.Жылу машинасының пайдалы әсер коэффициенті (П.Ә.К.).
19. Электростатика. Электр зарядының сақталу заңы. Кулон заңы.
20. Электростатикалық өріс және оның кернеулігі.Электрлік диполь.Электр өрісінің кернеулік сызықтары.
21. Кернеулік векторының ағыны. Электрлік ығысу.Остроградский-Гаусс теоремасы.
22. Электростатикалық өрістің потенциалы.Электр өрісіндегі жұмыс.Потенциал градиенті. Эквипотенциалдық беттер және олардың қасиеттері.
23. Диэлектриктер және олардың поляризациясы. Диэлектриктердегі өріс кернеулігі.Сегнетоэлектриктер.
24. Электр өрісіндегі өткізгіштер. Электр сыйымдылық.Конденсаторлар және оларды қосу.
25. Электр тогы және ток күші.
26. Ом заңдары. Өткізгіштердің кедергісі.
27. Токтың қуаты және жұмысы. Джоуль – Ленц заңдары.
28. Тармақталған тізбек үшін Кирхгоф ережелері.
29. Жарықтың табиғаты. Жарықтың толқындық және корпускулалық теорияларының дамуы.
30. Жарық толқындарының интерференциясы. Интерферометрлер.
31. Жарықтың дифракциясы. Гюйгенс-Френель принципі.
32. Френель дифракциясы.Фраунгофер дифракциясы.Дифракциялық торлар.
33. Оптикалық приборлардың ажыратқыш қабілеті. Голография туралы түсінік.
34. Жылулық сәулелену.Кирхгоф, Стефан-Больцман және Вин заңдары.
35. Жарықтың кванттық теориясының пайда болуы.Оптикалық пирометрия.
36. Сыртқы фотоэффект құбылысы және оның заңдары. Эйнштейн теңдеуі.
37. Атомның ядролық моделі.Сутек атомының теориясы.
38. Атом ядросының құрылысы мен қасиеттері. Ядроның спині мен магнит моменті.
39. Радиоактивтік.Радиоактивтік сәулелену. Радиоактивті ыдырау заңы.
Ядролық,тізбекті,термоядролық реакциялар. Элементар бөлшектер.Олардың өзара әсерлесуі мен түрленуі
Достарыңызбен бөлісу: |