100
энергияның, қалыптасқан энергия көздеріне қарағанда экономикалық тұрғыда
бәсекелестігінің төмендігі басты кедергі болып саналады. Бұдан бөлек, қайта
жаңғырылатын энергия көздерін өндірістік жолға қоюға қажет инвестицияның
жоқтығы. Орта Азияның бірқатар елдерінде, қалыптаспаған энергия көздері
базасында тәуелсіз энергия өндірушілерге қаржылық жеңілдікті кепілдендіретін
заң базасының әлсіздігі, бұл энергетика саласы басқаларға қарағанда кейін пайда
болған, сондықтан елімізде әлі де жетекші орын алмай отыр.
3) Қазақстанда су энергиясын пайдалануға барлық жағдай бар екені жоғарыда
дәлелденіп айтылып өтілді. Оның ішінде шағын ГЭС іске қосу – экономикалық
және экологиялық жағынан да өте тиімді.
Әдебиет:
1. Джангиров В.А. Роль инженерных изысканий в освоении гидро- энергетических ресурсов
государств Содружества // Гидротехническое строительство, 2002 - № 3, с. 3 – 5.
2. Мирзаев Ф.Т., Турецкий Н.Б. Гидротехническое строительство в Средней Азии и перспектива
освоения гидротехнических ресурсов // Гидротехническое строительство, 2002 - 2, с. 26 – 27.
3. Чокин Ш.Ч. и др. Основы развития энергетики Казахстана. Алма – Ата: Казахстан, 1971.
4. Васильев Я.А., Вальковицкий И. Я. Гидроэнергетические ресурсы Казахстана: состояние и
перспективы использования // Гидротехническое строительство, 2002 - 2, с. 42 – 46.
ƏӨЖ 687
ҰЛТТЫҚ ҚАЗАҚ НАҚЫШТАРЫН ТАЛДАУ НЕГІЗІНДЕ ƏЙЕЛДЕР
ЗАМАНАУИ КОСТЮМІ
Жақсылық А.Т., Омарбекова М.Т.
(М.Х.Дулати атындағы Тараз МУ)
Мəдени мұраларының маңызды құрамы өткен ғасырлардағы қазақ халқының
рухани өмірі мен материалдық өндірісінің деңгейін бейнелейтін ұлттық нақыштар
кіреді. Ұлттық фольклормен қатар, олар халық тарихын өмірлік бейнелерін жəне
эстетикалық идеалдарын терең ұғынуға арналған бастамалар болып табылады.
Қазақстан Республикасының президенті Н.А.Назарбаевтың халыққа жолдаған
сөзінде: «Дəстүрлі мəдениеттердің қайта жаңғыруы, халықтың дəстүрлік тəжірибесіне
көңіл бөлу – бұл еліміздің тəуелсіздік алған кезеңдегі заңды құбылыс болып
табылады».
Елімізде соңғы жылдары шығарылатын өнім ассортименттерін кеңейту жəне де
қазақтың ұлттық ою-өрнектерін бұйымға ендіру қажеттілігі өркендеу үстінде. Ұлттық
нақышта өндірілетін бұйымдар белгілі бір əлеуметтік топтарда жоғары сұранысқа ие
болып келеді.
Дəстүрлі костюмдер негізінде бəсекелестік қабілетке ие қазіргі заманға сай
киімдердің жаңа жобалық шешімдерін құрастыру – алғашқы бастамаларды мұқият
зерттеуді талап етеді. Алғашқы бастамаларды терең ұғынып меңгеру көп уақытты жəне
амал-тəсілдерді талап ететін, еңбек сыйымдылығы жоғары үрдіс болып табылады. Бұл
дегеніміз, өнеркəсіптік үлгілердің дайындау уақытын ұзартатады жəне күрделіндіреді.
Сондықтан, дəстүрлі костюмдер мен оның ассортименттері, қолданылатын дəстүрлі
101
материалдары, көркемдік безендірілуі жəне басқа да маңызды композициялық
түзушілері туралы бастапқы жүйеленген мағлұматтар бойынша жобалық құрастырулар
əр уақытта да өзекті болып келген.
Қазіргі таңда шексіз шығармашылық бастама ретінде дəстүрлі ұлттық
костюмдерді зерттеу жұмыстары да аз емес. Соның ішінде орыстардың, қазақтардың,
буряттықтардың, башқұрттардың жəне Солтүстік Кавказ елдерінің ұлттық нақыштағы
элементтерін зерттеу жұмыстарының көпшілік бөлігі – ұлттық костюмдерінің
конструктивті композициялық шешімдерін зерттеу төңірегіне негізделген.
Дəстүрлі қазақ костюмдер негізінде қазіргі заман костюмдері жобалау кезінде
қайта жаңғыру элементтері ретінде композициялық үйлесімділігі, силуэті,
конструкциясы, көркемдеп сəнделуі, материалдары мен дəстүрлі қазақ костюмдерінің
пішімдері қызмет етеді.
Ұлттық киімдердің жобалануындағы ғылыми негіздердің шешімі орыс жəне қазақ
ғалымдарының еңбектерінде бейнеленген. Атап айтсақ, Ф.М.Пармон, И.Н.Савельева,
Е.Я.Сурженко,
Н.Б.Мокеева,
Б.Ж.Асанова,
М.А.Нуржасарова,
Б.Р.Рыскулова,
Л.К.Шильдебаева, К.Ж.Кучарбаева, Э.К.Тогузбаева жəне т.б. Бұл зерттеушілермен
əртүрлі қолданыстағы бұйымдардың теориялық жəне əдістемелік мақсаттарының
құрастырылуы қалыптастырылған, ұлттық костюмдерді зерттеу процесіндегі жаңа
əдістер мен əдістемелер, сондай-ақ ұлттық костюмдер негізінде қазіргі заман
киімдерінің жаңа жобалары ұсынылған. Сонымен қатар, ұлттық қазақ нақыштар
негізінде заманауи əйелдер киімінің үлгілерін жобалау сұрақтарын тиімді шешуге
мүмкіндік береді.
Жұмыстың мақсаты қолөнердің бай мұраларын жинап, заманымызға лайықты
сапа, түр беру əдісімен оларды сақтап қалу жəне дамыту болып табылады.
Жұмыста дайындалған бұйымдар сериясы – ұлттық қазақ нақыштарын қолдану
арқылы жасалынған этнографиялық стильдегі əйелдерге арналған костюм. Бұл
костюмдердің негізгі атқару қызметі сəн көріністерінде, театр жəне сахналық
қойылымдарында, салтанатты ресми кештерде ұлттық қолданбалы өнерін насихаттау
мақсатымен қолдану болып табылады. Сондықтан жобаланатын ассортиментінің
арналуын ескере отырып қарастыру қажет. Жобаланатын үлгілер үшін тұтынушылық
талаптардың ішінен ең маңыздысы эстетикалық талап болып табылады. Эстетикалық
талаптар бұл – бұйымның сəн бағытына сəйкестігімен, композициялық шешімінің
деңгейімен анықталады. Əсемдік хақында əр адамның өзіндік көзқарасы бар, соған
сəйкес ол өзінің гардаробын жасақтайды. Өз тұтынушысының мəдениетті жəне
əлеуметтік мəртебесі жөніндегі ақпаратты белгілі шамада киімінен де білуге болады.
Эстетикалық қасиеттер көрсеткіші материал мен бұйымның ауыспалы сəн талаптарына,
белгілі бір мəдени дəстүрге сəйкес анықталады жəне адам өзінің субъективті
қабылдануы негізінде белгіленеді.
«Дала керуені» атты дивизді этностильдегі заманауи əйелдер костюмі үш
бұйымнан тұрады: көкірекше, белдемше жəне көйлек. Театр жəне сахналық
өойылымдарда, салтанатты ресми кештерде қолдануға болады. Синтетикалық қоспасы
бар түрлі-түсті киіз.
102
Сурет 1. «Ақ керуен» атты топтамадағы этностильді костюмнің алдынан көрінісі.
Сурет 2. «Ақ керуен» атты топтамадағы этностильді костюмнің артынан көрінісі.
103
Көкірекшенің силуэті трапеция тəрізді. Жеңі қондырмалы ұзын, жеңнің шыңтақ
бөлігі ашық киіз таспалармен тігілген, ұштары үшкірленген жəне жасыл киізбен мен
алтын таспамен өңделінген. Түймелігі арнайы ілгектермен тігілген. Жағасы үлкен
жатық. Алдыңғы жəне артқы бойларда бүкпелері бар. Көкірекшенің жағасында құстар
бейнелері қоңыр аппликация ретінде жапсырылған жəне əшекей тастармен
безендірілген, жағаның шеттері жасыл киізбен мен алтын таспамен өңделінген. Бел
қимасында баска тігілген. Көкірекшенің баскасында талдар мен шөптер бейнелері
жасыл апппликация ретінде, бұғылар мен еліктер бейнелері қоңыр аппликация ретінде
жапсырылған жəне əшекей тастармен безендірілген, басканың шеттері жасыл киізбен
мен алтын таспамен өңделінген.
Белдемшенің силуэті тік. Алдыңғы жəне артқы кездемелерде бүкпелері бар.
Ұзындығы сəл тізеден асады. Бүйір жақтары киіз таспалармен өңделінген жəне етегі
жасыл киізбен мен алтын таспамен, сəндік тастармен безендірілген. Белдемшенің
алдыңғы жəне артқы төменгі бөліктерінде балықтар мен бал бейнелері қоңыр мен
жаслы киізбен жапсырып безендірілген. Түймелігі таспа-жапсырмалар тігілген.
Көйлектің силуэті қынамалы. Стрич-атлас матадан тігілген. Жеңі қондырмалы
ұзын жəне жеңнің аузы сəндік таспабен бастырылып тігілген. Алдыңғы жəне артқы
бойларда белінде екі бүкпелері бар жəне артқы бойда иығында бүкпелері бар. Артқы
бойын жасырынды сырма тігілген. Көйлектің мойын ойындысы сəндік таспамен
бастырылып тігілген. Көйлектің ұзындығы тізеден жоғары. Ұсынылатын өлшемдер:
170(176)-88(92)-96(100).
Қорытындылай келгенде, бұл əйелдер костюмінде ою-өрнек үлгілері – адамның
мифтік дүние танымынан туған қиялдық бейнелер жапсырылған. Мұндай стильденген
зооморфтық бейнелерді көне дəуірде салынған ежелгі сақ, Алтай қорғандарынан
табылған зергерлік бұйымдардан кездестіруге болады. Ою-өрнек ғасырдан-ғасырға,
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жақан қазақ халқының мəдени мұрасының ажырамас
бір бөлігі. Халқымызда жазу болмағанда ою-өрнек болды. Сол ою-өрнек арқылы
халқымыз өз тыныс-тіршілігін, мəдениетін, өнерін, мəдени құндылықтарын, жоғары
деңгейде дамыған тұрмыстық қажеттіліктерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, дамытып
отырды. Келешек ұрпақ мақсаты осы киелі өнерді əрі қарай дамыта отырып, көздің
қарашығындай сақтау болып табылады.
Əдебиет:
1. Херольд Р. Костюмы народов мира. – М.: Планета, 1990-242 с.
2. Савельева И.Н. Теоретические основы гармонизации народной одежды. – Уфа: РИО РУНМЦ
Госкомнаука Республики Башкортостан, 2001. – 190 с.
3. Козлова Т.В., Рытвинская Л.Б., Тимашева З.Н. Основы моделирования и художественного
оформления одежды. – М.: Лег. Инсдустрия, 1979. – 168 с.
4. National dothes of Kazakh people. – Алматы кітап», 2007. – 384 б.
5. Казахская национальная одежда Алма-Ата, «Жалын» баспасы, 1976. – 431 б.
6. Жəнібеков Ө. Қазақ киімі. Альбом. – Алматы: Өнер, 1996 – 192 б.
7. Байділдаұлы Ш. Қазақтың ою-өрнектері (1-кітап). – А.: Өнер, 2006.-159 б.
8. Гусейнова Т.С. Товароведение швейных и трикотажных товаров: Учеб. для вузов. – М.:
Экономика, 1991. – 287с.
9. Никитина Е.Д., Талғатбекова А.Ж. Киімді конструкциялау: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2008. –
280 б.
10. Тігін өндірісінің материалтануы: Жоғарғы оқу орнының студенттеріне арналған оқулық / Б.Р.
Рысқұлова, А.Ж. Құтжанова, Э.С. Масанова, Ж.Ш. Маханова. – Алматы: 320 б.
Достарыңызбен бөлісу: |