1. Ертегідегі байдың есімі кім?
А) Ерназар
Ә) Байназар
Б) Бекназар
В) Ер Төстік
2. Күлдіреуіш деген не?
А) далалы, шөлейтті жерлерде болатын кішкене, сұр түсті құс
Ә) шаңырақтың ішіндегі айқастырып, түйісетін ағаштары
Б) киіз үйдің түндігі
В) жейтін астың бір түрі
3. Төстіктің есімін неге олай атады?
А) батырдың есіміне ұқсас болсын деп
Ә) ағаларының қалауымен
Б) ер
азамат болсын деген ниетпен
В) төстік жегегеннен туылғандықтан
4. Сегіз ағасын тауып алуға Төстікке кім ой тастайды?
А) әкесі
Ә) кемпір
Б) анасы
В) ауыл адамдары
5. Төстік өзінің сегіз ағасымен қайда табысады?
А) соғыста
Ә) тоғайда
Б) жиында
В) тауда
6. Ерназар келіндерін қалай таңдайды?
А) олардың да батыр болғанын қалайды
Ә) олардың бір үйдің қыздары болғанын қалайды
Б) олардың басқа елдің қыздары болғанын қалайды
В) оларды
таңдауды ұлдарына қалдырады
7. Әкесі Төстікке кімді айттырады?
А) Қарлығаш
Ә) Қаршыға
Б) Гүлбаршын
В) Кенжекей
8. Бекторы деген кім?
А) Төстіктің сүйген қызы
Ә) Періште
Б) Перінің қызы
В) Төстіктің жеңгесі
9. Кенжекей өз жасауына әкесінен не сұрайды?
А) жылқыдан Шалқұйрықты
Ә) түйеден Құба інгенді
Б) ақсырмалы сауытты
В)
барлығы дұрыс
10. Әкесі Кенжекейге қай елді мекенге көшін қондырмасын, әйтпсесе кесір болады деп ескертіп сәлем айтады?
А) Орқұдық
Ә) Сорқұдық
Б) Зорқұдық
В) Бозқұдық
11. Бекторы Кенжекейге қандай сусын ұсынады?
А) сүт
Ә) айран
Б) қымыз
В) саумал
12. Ерназар өз жанын аман алып қалу үшін кімді құрбан етеді?
А) Төстікті
Ә) Кенжекейді
Б) мал-мүлкін
В) сегіз ұлы мен келіндерін
13. Егеуін іздеуге шыққан Ер Төстік қай атты мінеді?
А)
Қара қасқа
Ә) Бозінген
Б) Шалқұйрық
В) Аққасқа
14. «Не Төстік өлді деген күні ботала, не Төстік келді деген күні ботала», - деп серттескен кім?
А) Кенжекей
Ә) Бекторы
Б) Төстік
В) Ерназар
15. Жер асты ханы:
А) Шойынқұлақ
Ә) Жылан Бапы
Б) Шалқұйрық
В) Көлтауысар
16. Жылан Бапы ханға араз хан:
А)
Темір хан
Ә) Терсек хан
Б) Шалқұйрық
В) Көлтауысар
17. «Екі аяғында байлап алған қазандай екі қара тасы бар. Сол тастарымен жүріп, қашқан киіктерден ағып өтіп кетпей, дәл жетіп ұстайтын» кім?
А) Саққұлақ
Ә) Таусоғар
Б) Көлтауысар
В)
Желаяқ
18. «Жер астының тыңшысы, жер астында
қандай әңгіме болса да тыңдап, біліп алатын кім?
А) Саққұлақ
Ә) Таусоғар
Б) Көлтауысар
В) Желаяқ
19. «Жұрттан асқан алып, жердің үстінде де, астында да оған тең келетін адам жоқ, қайраты ішіне сыймайтын, тауларды көтеріп ермек қылатын» кім?
А) Саққұлақ
Ә) Таусоғар
Б) Көлтауысар
В) Желаяқ
20. «Жер-жаһандағы бар нәрсенің мешкейі. Бұл жалғанда оған тойы жоқ». Кім туралы айтылған?
А) Саққұлақ
Ә) Таусоғар
Б) Көлтауысар
В) Желаяқ
21. Темір хан Саққұлақтың айтуынша қайда көшіп кеткен?
А) Сарыадырға
Ә) Барсакелмеске
Б) Адам баспасқа
В) Қайта келмеске
22. Ер Төстіктің жолдастары қай жолда қырылып қалды?
А) Жылан Бапы ханға барар жолда
Ә)
Темір ханға барар жолда
Б) жер бетіне шығар жолда
В) жер астына түсер жолда
23. Шойынқұлақ деген кім?
А) досы
Ә) жауы
Б) жолдасы
В) ағасы
24. Кенжекей Ер төстіктің оралғанын қайдан біледі?
А) Шалқұйрықтың кісінегенінен
Ә) Ер Төстіктің дауысынан
Б) Құба інгеннің дауысынан
В) Балалардың шуылынан
25. Ертегінің соңы немен аяқталады?
А) Шалқұйрықтың өлімімен
Ә) Ер Төстік хан сайланады
Б) Төстік пен Кенжекей жастық шағына оралып, ұзақ өмір сүреді,
мақсаттарына жетеді
В) Ер төстік пен Бекторы қосылады.