Еркіндік –адамның халықтың өз мүдделері мен мүмкіндігіне сай әрекет етіп, өз қалауын жүзеге асырып,жақсылық пен ізгіліктен өзге принциптердің құлы болмау деген сөз. Мойындарына бұғау салынса да сағы сынбайтын, жігері мұқалмайтын, ар-ожданы еркіндік көгінде шарықтап өтетін қаншама жандар бар.
Бүгінде көп елде теңдік пен бостандық жайлы жиі айтылып жатады. Кейбір адамдар әділетсіздіктен, алалаушылық пен кедейшіліктен азат болғысы келеді. Тағы біреулер сөз еркіндігі, таңдау еркіндігі және өздері қалағандай өмір сүру құқы үшін күреседі. Кім-кімді алсаң да, азаттыққа ұмтылады. Еркіндікті шексіз бостандық деп түсінетіндер біле тұра немесе білместікпен хайуанға тән еркіндік пен адами еркіндікті шатастырып жатады.Ал шын мәнінде тәннің пасық қалауын орындау жолында сиынған еркіндік – толығымен хайуандықтың белгісі, ал рухтың жетілуіне бөгет болатын кедергілерді жойып, ар-ожданның шарықтауына мүмкіндік жасаған еркіндік – нағыз адамдықтың белгісі.
Көп адам нағыз еркіндік деген қалаған нәрселерді істей беру деп біледі. Бір беделді энциклопедияда еркіндік “шешім қабылдап, оны жүзеге асыра білу қабілетін” білдіреді делінген. Бірақ онда мемлекеттің орнатқан шектеулері әділетті, қажетті және ақылға қонымды болса, адамдардың еркін болатыны жайлы да айтылған.Бүкіл адамзат шектеулі еркіндікке ие.
Бұл дегеніміз — әр адамның еркіндігі болу үшін қандай да бір шектеулер қажет деген сөз.
Кейбір адамдар шексіз еркіндікке ие болсақ, тамаша болар еді деп ойлайды. Шынымен солай ма? Еркіндіктің жақсы жақтары көп екені рас. Бірақ ешқандай шектеу болмаса, дүниемен не боларын елестетіп көріңізші.
Ақиқаттан бір елі ажырамай-ақ, өзге жандарға қылдай қиянатыңды тигізбей-ақ қалағаныңды жасай алсаң,осы еркін адам деп білемін.