3. 10. Еркіндік философиясы
1 Философия тарихындағы еркіндік және ерік еркіндігі ұғымы (жағдаяттық талдау жасау). Адам және оның еркіндігі (Б.Спиноза). М.Хайдегеррдің шығармаларындағы еркіндік пен ақиқаттың байланысы.
2 Еркіндік пен жауапкершілік (Ж.-П.Сартр). Еркіндік және абсурд (А.Камю). Н.Бердяевтың еркіндік концепциясы, еркіндік деңгейлері, түрлері. Ерік еркіндігі мәселесі.
3 Еркіндік, әділдік, адамның өмірі мен намысы – адамгершілік-құқықтық құндылықтар. Құқықтың дүниетанымдық мәселелері. Саяси еркіндік. Ұлттық еркіндік. .
4 Жеке еркіндік және табиғи құқық. Тұлғаның, оның еркіндігінің, өмірді, табиғатты және мәдениетті сақтау жауапкершілігінің қалыптасу шарттары. Сөз және көзқарас еркіндігі.
5 Еркіндік пен шығармашылық – адамның мәдениетте шын мәнінде өмір сүруінің тәсілі. Абайдың «толық адам» концепциясы.
6 Алаш қайраткерлерінің философиясындағы еркіндік және тәуелсіздік идеялары.
Кілт сөздер: еркіндік, ерік, ерік еркіндігі, шығармашылық еркіндігі, жеке еркіндік, абсурд, «Толық адам», табиғи құқық, намыс, сөз еркіндігі, жауапкершілік, қажеттілік, оң және теріс еркіндік, тәуелсіздік, әділдік.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
1. Еркіндік дегеніміз не? Ерік еркіндігінің мәні неде?
2. "Еркіндік" және "еркіндік үшін" - пікірлеріне түсініктеме
3. "Еркіндік" және "қажеттілік" санаттарының мәні»
4. Еркіндік категориялары және тарихи қажеттілік деп нені білдіреді?
5. Қоғамда абсолюттік еркіндік болуы мүмкін бе?
6. Оң және теріс еркіндік дегеніміз не?
7. Саяси еркіндік дегеніміз не?
8. Ұлттық еркіндік дегеніміз не?
9. Саяси бостандықсыз ұлттық еркіндік мүмкін бе?
10. Жеке тұлғаны, оның бостандығы мен жауапкершілігін қалыптастырудың негізгі шарттары қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |