Эссе. «Әлем өзгергендіктен сіз де өзгересіз және қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті екенін білесіз. Сіз өзгересіз, себебі сіз білім алғанды, білім бергенді жақсы көресіз, тез өзгертін әлемде балаға бағыт беріп отыратын



Дата22.03.2023
өлшемі62,99 Kb.
#75697
Байланысты:
Эссе. Бәсекелес педагог


Эссе.
«Әлем өзгергендіктен сіз де өзгересіз және қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті екенін білесіз. Сіз өзгересіз, себебі сіз білім алғанды, білім бергенді жақсы көресіз, тез өзгертін әлемде балаға бағыт беріп отыратын, білім беретін сіз қажетсіз.Сондықтан сіз де, бала да өзгеруі қажет»
С.Бич.
«Заманына қарай адамы» дегендей, мынау сағат сайын, минут сайын дамып отырған жаһандану заманында алдында отырған ұрпаққа бәсекеге қабілетті білім беріп, өмірде өзіне лайық соқпақты нұсқап, жарқын болашақ, бақытты өмірге қол жеткізе алатын тұлға қалыптастыру қазіргі заман ұстазының басты міндеті болып отыр. Өзім ұстаздық еткен 20 жылда көңілім марқайып биіктерден көрінген, өз еңбегімнің жемісін шәкірттерімнен көрген қуанышты сәттерімді осы эссемде бөліссем деймін. Жалпы өзім кәсіби өсуімді қалай шыңдап жүрмін, өз жоспарымда нені басты назарда ұстаймын? Осы сауалдар төңірегінде ағымнан жарылып көрейін.
Кез- келген өресі биік, көкірегі ояу, парасатты да білімді ұстаз үнемі ізденісте болады деп ойлаймын. Ізденіс пен шығармашылықты тоқтатқан ұстаз жеңіліске ұшырайды, тоқырайды, «45 жыл мұғалім болсаң да, 45 минуттық сабағыңа дайындал»,-деп Ы.Алтынсарин айтқандай, әр сабағымның мәнді де мағыналы болуын ерекше назарда ұстаймын. Әр сабаққа тыңғылықты дайындалу еңбекқорлықты, ізденімпаздықты, жан- жақтылықты қажет етеді.Сәтті жасалған қысқа мерзімді жоспар құдды қызықты киноның сценариімен пара-пар дегім келеді.Сол сабақтағы әдіс- тәсілдерді тиімді сұрыптап, оқушының қызығушылығын оятатындай етіп алса, мұғалім де сабақ мақсатына оңай қол жеткізеді.Әрине, ондай шеберлік мұғалімнен көп ізденуді қажет етеді.Өз сабақтарымда интерактивті тақта, мультимедия, интернет кеңістігі, электронды оқулықтарды кеңінен қолданамын. Әсіресе, сабақтың басында оқушы қызығушылығын ояту мақсатында бейнероликтерді, сабақ ортасында әртүрлі аудиожазбаларды, сабақ соңында қорытындылау мақсатында түрлі графикалық органайзерлерді пайдаланамын. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды (иллюстация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екіншіден, осы материалдарды қолдану арқылы жаңа сабақты меңгерту процесін жеңілдететін көмекші құрал екенін байқадым. АКТ- ны қолдану сабақтың нәтижелілігіне қолайлы жағдай жасаудың бірден- бір жолы деп білемін. Ары қарай өз тәжірибемде АКТ- ны тиімді қолдануды жетілдіре бермек ойым бар, өйткені тиімді қолданған АКТ құралдары оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырманың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуіне баулитынына әбден көзім жетті.
«Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады»,- деп К.Д.Ушинский айтқандай, әрбір сабағымды маған берілген керемет мүмкіндік деп білемін. Әдіс- тәсілдерді түрлендіре отырып, оқушының ынтасы мен қызығушылығын арттыруға бағытталған тапсырмаларды әзірлеуге тырысамын. Ұстаз өзінің жас шағында неғұрлым өнімді еңбек етеді, табысқа кенеледі. Сол ұстаздық еңбегімнің жарқын беттері де жастық шағыммен байланысты. Қаншама мұғалімдер, ғалымдар, актёрлер, өнер адамдары алдымнан түлеп ұшты.Сабақты жақсы оқитын оқушы 11-сыныпта қазақ тілі мен әдебиетін таңдаса, төбем көкке жеткендей қуанамын, еңбегімнің еш кетпегеніне марқаямын. Сол жастық шағымның жарқын беттері ретінде қазір әр қалада ұстаздық етіп жүрген Касбаева Аяужан, Көңілбаева Іңкәр, Каспихан Бауыржаннның есімдері жүрегімде мәңгі сақталады.
Осылардың ішінде мектебіміздің 2015 жылғы түлегі Каспихан Бауыржанның есімін зор мақтанышпен айта аламын. Бүгінде ол ҚазҰУ-ның филология факультеті, қазақ тілі білімі кафедрасының оқытушысы, филология ғылымдарының магистрі, Алматы қаласындағы М.Базарбаев 138- гимназияның мұғалімі. Кино саласында еңбек етіп жүрген осы 2015 жылдың түлегі Бидахметов Әлидің есімі де мен үшін ыстық, «Томирис» кинофильмінде Аспардың рөлін сомдаса, 2019 жылы үздік сахнагер ретінде «Үміт»сыйлығын иеленді. Қорыта айтсам, осы айтылған есімдер менің жастық шағымдағы ұстаздық еңбегімнің жарқын беттері...
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген нәрселермен озады.Одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де ақымақшылық»,-деп ұлы Абай ақын айтпақшы,қазіргі білім саласында жасалып жатқан реформалар бәсекеге қабілетті, заман ағымына ілесе алатын білімді жастарды қалыптастыру мақсатын көздейді.Мұндай жастарды қалыптастыратын ұстаздар қауымы да ерекше еңбекқор болуы тиіс:артта қалып бара жатқан оқушыға қолдау көрсетіп, дер кезінде қатарға қосуы керек. Осы мақсатта білімді жетілдіруге бағытталған іс- әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл Lesson Study-дің әр жартыжылдық сайын мектебімізде жүргізіліп отыруын ұстаздар қауымы басты назарда ұстаймыз.2020 жылы «Іс-әрекеттегі және сабақты зерттеу:білім беру ұйымдарында жүзеге асыру тәжірибесі» атты халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференцияда сабақты зерттеу тәсілін мектепте қолдану тәжірибеммен секция аясында бөлісіп, дипломмен марапатталдым.Осы жылы Алматы қаласы, С.Демирель атындағы университетте өткен республикалық «Заманауи оқулық және білім беру құндылықтары» атты ғылыми конференцияға баяндама жасап қатыстым, университет ректоры Қ.Ерғалиевтің сертификатына ие болдым, жұмысым жинаққа енді. Осы зерттеудің нәтижесінде білім сапасы жоғарылап, түрлі пән олимпиадасы, байқау, сайыстардан жүлдегерлер саны жылдап артып келеді. Өзімнің соңғы 5 жылдағы жетістіктерім де ауыз толтырып айтарлықтай. Дарынды шәкіртім Ұшқынқызы Дина облыстық Абайтану пәні олимпиадасынан 1- орын, республикалық кезеңінен 3-орын, облыстық қазақ тілі мен әдебиеті пән олимпиадасынан 2- орын алса, облыстық «Абай оқулары», «Ақберен» т.б түрлі сайыстардан жүлдемен оралды. Бүгінде ол ШҚМУ-дың филология факультетінің 2-курс студенті. Осылайша бақытымды еңбектен тапқан жандардың қатарынанмын дер едім.
Қорыта айтсам, Зайсан қаласындағы Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейінде ұстаздық еткеніме 20 жылдан асыпты. Осы жылдар мен үшін аса қымбат, өзімді түрлі қырынан таныта алған, педагогикалық тәжірибемді шыңдаған қасиетті жылдар болмақ. «Ізденген жетер мұратқа» демекші, өз білімім мен тәжірибемді жетілдіру жолында әлі талай ізденуге тура келерін білемін, түсінемін. Ары қарай да өзімді шыңдап, «бел-белестен, өрден, қиядан,асудан» сүрінбей өтсем деген ойым бар.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет