Эта
фотография
, автор: Неизвестный автор, лицензия:
Даиндады Эйюбов Эмиль
Тексерілді Галия Мухтарова
Эссе «Мұражай – өткен мен
болашақты жалғастырушы»
Еліміз тәуелсіздік алып, дербес мемлекет болғанынан бергі жылдар
ішінде бұған дейін бұрмаланып келген
Отанымыздың тарихы жаңа
тұрғыдан зерттеліп, оған тиісті оң бағасын беру жүзеге асуда. Бүгінгі
таңда біздің еліміз қол жеткізген табыстар бізге жан-жағымызға зер
тастауға, өткен жолымызды таразылауға әрі болашаққа батылырақ
көз салуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Еліміздің тәуелсіз мемлекет
болып әлемнің өркениетті елдері қатарынан көрініп, ғасырлар
бойғы арманына жетті. Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» жолдауында: «Бүгінгі таңда
біз тұрақтану кезеңіне өтудеміз. Ең өзекті және маңызды
міндеттерімізді шешуге қол
жеткен табысымыз бізге жан-
жағымызға түңіле зер тастауға, өткен жолымызды таразылауға, әрі
болашаққа сенімді көз салуға,
алдағы дамуымыз туралы ойлауға,
өз жоспарларымызды түзетуге мүмкіндік береді.»
Мұражай – табиғат пен адамзат қоғамының дамуы туралы
білімнің алғашқы деректемесі материалдық және рухани мәдениет
ескерткіштерін табиғат коллекциялары мен тарихи нұсқаларды
жинақтау, сақтау, зерттеу,
жәдігерлерін халыққа көрсетіп,
насихаттау қызметін атқаратын ғылыми мекен. Мұражай
жәдігерлері ғылым мен өндірістің алуан түрлі салаларын қамтиды.
«Мұражай – тарих, мұражай – шежіре. Мұражай – білім-ғылым.
Сан-салалы өнер мен ғылым қоспасы – мұражай. Мәдениетті
елдерде әрбір мұражайдың тарихы жазылып қатталады. Тіпті әрбір
мұражайдың кезеңімен алмасып, жаңарып тұрар –
экспозициясының тарихы шежіреленеді» деген көрнекті әдебиетші
ғалым Құлбек Ергөбек «Түркістан жинағы» атты кітабында.
Мен Қастеев атындағы мұражайларды араладым
және бір рет бардым,
бірақ оның мәдениетімен
танысу үшін бұл жеткілікті.Онда көптеген көрікті
жерлер мен мәдени нысандар бар, бұл атақты
жазушылардың картиналары, Андроново,
сақтардың және басқа да көптеген заттар болды.
Мұражайдың өзі танымал суретші Әбілхан
Қастеевтің есімімен аталады.
Музей бұрынғы мен қазіргі материалдық және
рухани мәдениетті сақтап, насихаттайтын киелі
орын. «Өткеніңді білмейінше, болашағыңды
болжай алмайсың»- деген өткен тарихымызды
ақтара қарап, бүгінгі күннің
көкейкесті сауалдарына
жауап іздейді, қоғамның бұдан былайғы
заңдылықтарын түсінгісі келеді. Таным дүниесіне
осылайша қарасақ, музей өткен мен болашақты
жалғастырушы түйін болып табылады.