Эссе тақырыбы: “ К. Д. Ушинскийдің педагогикалық ой-пікірлері ” Орындаған



Дата01.11.2022
өлшемі38,07 Kb.
#46816


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

ЭССЕ
Тақырыбы:
“ К.Д.Ушинскийдің педагогикалық ой-пікірлері ”

Орындаған: Батырханова Ділназ
Тексерген: Шарипова О.Б
Астана.қ 2022
“ К.Д.Ушинскийдің педагогикалық ой-пікірлері ”
К.Ушинскийдің мынадай сөздері бар: Егер педагог адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе,онда педагог ең алдымен сол адамды барлық жағынан білуі керек.Демек, мұғалімнің қызметінің табысты болуы оның балалардың ішкі дүниесіне терең енуіне байланысты.
Жалпы Константин Дмитриевич Ушинский 1823 жылдан 1870 жылға дейін 47 жыл өмір сүрді. Бірақ ол жалпы тәрбие мен бала тәрбиесі күнделікті жұмыс емес, шығармашылық жұмыс екеніне барлығын сендіре білді. Ушинский оқуды қашан және неден бастау керек, оқу процесі жалықтырмайтын және пайдалы болу үшін ата-аналар мен мұғалімдер балалардың қандай ерекшеліктеріне назар аудару керектігі туралы жазды. Мұғалімнің жеке басының үлгісіне мән берді. Ол үнемі оқып, өз білімін арттырып отыруы керек, мұғалім оқуын тоқтатқан күні ұстаздық беделінен айрылады деді. 
Ушинскийдің бүкіл өмірі бала тәрбиесімен байланысты болды. Отаныма неғұрлым көбірек пайда келтіру- менің өмірімнің бірден бір мақсаты деп айтып кеткен болатын.Ушинский өте жас кезінде оның мамандығы педагогика екенін түсінді. Мәскеу университетін бітіргеннен кейін ол бірнеше оқу орындарында: Ярославль Демидов лицейінде, Гатчина балалар үйінде, Смольный әйелдер институтында сабақ берді.
1862 жылдан қызметтен босатылғаннан кейінгі қалған өмірін педагогика теориясы мен бастауыш оқытудың әдістемесіне арнады.
К.Д.Ушинский өзінің “Педагогикалық әдебиеттің пайдасы” (1857) атты мақаласын отбасы тәрбиесі мен мектеп тәрбиесінің мәселелеріне арнады. Онда педагогикалық теорияны тәжірибемен байланыстыру, педагогиканы тәрбие өнеріне айналдыру, оны тек теория деңгейінде ғана емес, халықтың тәжірибесімен байланыстыру қажеттігін айтты.
К.Д.Ушинский еңбектерінің жетістігінің бірі — бастауыш оқыту мәселесін мейлінше зерттеді. Оның негізгі еңбектері: “Сауат ашу — білімді кеңейту құралы” (1858), ”Балалар әлемі мен Хрестоматия”, “Оқу кітабы. Ақыл-ойды жаттықтыруға арналған табиғат әлемімен біртіндеп танысу” (1865), “Алғаш орыс тілін оқыту” (1864) оқушыларға арналған “Ана тілі” және “Ана тілін оқытуға ата-аналарға кеңес” (1864).

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет