|
Есте сақталады тарих шежіресінде алтын әріппен жазылған оқиғалар
ЕСТЕ САҚТАЛАДЫ
ТАРИХ шежіресінде алтын
әріппен жазылған оқиғалар
көп. Совет халқының фашис-
тік Германияға қарсы жүргізіл-
ген Отан соғысын жеңіспен
аяқтаған күні — 9 май сол та-
рихи маңызы зор оқиғалардың
төрінен орын алады. Совет
Одағының Қарулы Күштері,
оның батыр ұлдары мен қыз-
дары өз Отанының тәуелсізді-
гі мен намысын қорғап қана
қойған жоқ, сонымен қатар
Европадағы көптеген елдердің
халықтарын фашизм құлдығы-
нан азат етті, өзінІң интерна-
ционалдық борышын абырой-
лы өтеді.
Міне сол Ұлы Жеңістің
жиырма бір жылдығын тойлап
отырмыз. Жеңіс өздігінен кел-
ген жоқ. Бақайшағына дейін
қаруланған неміс басқыншы-
ларына қарсы шайқаста көпте-
ген құрбандықтар беруге ту-
ра келді. Сан мыңдаған совет-
тік семьялар аяулыларынан
айрылды. Жетім балалар мен
жесір аналардың көкірегін
ашы қайғы кернеді. Уақытша
жау басып алған қалалар меи
селолардың тұрғындары фа-
шистердің озбырлығынан азап
шекті.
Бірақ та фашистік қанішер-
лердің айуандық әрекеттері
халқымыздың әділеттік үшін
күресте қайрат-жігерін мұқал-
та алмады. Коммунистік пар-
тияның төңірегіне берік топ-
тасқан көп ұлтты совет хал-
қы жауды талқандау үшін қол-
дан келгеннің барлығын да
істеді. Қазақ халқының патри-
от ұлдары мен қыздары да
ұпы жеңіске жету жолындағы
күреске өз үлестерін қоса біл-
ді.
«Ер басына күн туса, етігі-
мен су кешер, ат басына күн
туса, ауыздығымен су ішер»
дегендейін, өлім мен өмір
белдескен сұрапыл соғыстың
зардаптарын отандастарымыз,
оның ішінде майданның ал-
ғы шебінде жаумен жалғас-
қан әрбір жауынгер ешқашан
ұмытпақ емес.
1943 жылдың қоңыр күзі
болатын. Соққыдан соққы кө-
ріп, қансыраған фашистерді
советтік өскери бөлімдер өк-
шелей қуып келе жатқан еді.
Ер азаматтардың қанына
боялғандай алаулаған алтын
күн бірте-бірте көк жиектеп
асып ж о қ болды. Фашист бас-
қыншыларының зұлымдығына
куә болған қарт Днепрдің кө-
бік шашқан толқындары жаға-
ға ұруда. Қас қарая жел то-
ластады. Алайда жарылған
с н а р я д дүмпуі, тынымсыз
ызыңдаған оқ дауысы ежелгі
өзеннің тынысын тарылтып,
мазасын кетіргендей. Өзеннің
жау бекінген оң жағалауынан
әлсін-әлсІн атылған ракета сәу-
лесімен оның беті кенет жар-
қырап көрінеді де, қайта қою
қараңғылық құшағына енеді.
Ал, ұлдарым, мен бөгет бол-
майын, өтіңдер, ұмтылыңдар
алға, жаудан кек алыңдар де-
гендей үнсіз, жай ағады қарт
Днепр.
Біздің полктың атқыштары
өзеннен өту өзірлігінде. Оң
жағымызда қалың тоғай, сол
жағымызда фашистөр өртеп
кеткен Любечи селосының ша-
тырлы үйлері сытыр-сытыр жа-
нып жатыр. Құрастырылған
тақтайшаны қайық, сапер кү-
регін ескек етіп суға түспек-
піз.
Біздің артиллерия жаудың
бекінісін атқылай бастаған кез-
де өзенге түстік. Ортада ста-
нокты пулемет, Сергей екеуі-
міз құрастырылған тақтайдың
екі жақ шетіне тізерлей отыр-
дық та, кішкене күрекшеміз-
бен суды сылдыратпай өсіп,
ілгері жылжыдық. Жағадан
15—20 метрден қашықтаған
кезде немістердің ракетала-
ры бірінен-соң бірі аспанға
көтерілді. Су бетіндегілер ала-
қанның аясындағыдай айқын
көрінді. Сол-ақ екен ерсілі-
қарсылы оқ зуылдап, айнала-
мызға снарядтар түсе бастады.
Жақын жарылған снарядтар-
дың дүмпуінен пайда болған
өктем толқын астымыздағы
жадағай тақтайшаны аударып
кетерліктей. Күрекшемізді
құлаштай сермеп, жанталаса
алға ұмтылдық. Біреулер ауда-
рылып, біреулер оққа ұшып
суға батып жатыр.
Совет жауынгерлерінің соқ-
қысына төтеп бере алмаған
гитлершілдер құтырынған қас-
қырдай өршелене түскен. Жау-
дың жанталасқан қарсылығына
қарамастан қиян кескі арпа-
лыспен сол 23 сентябрьдің
түнінде жау бекінген жағаға
шықтық. Құрғаққа өкшеміз тиі-
сімен біз де пулеметтің оқ
шашқан стволын жауға бұ-
рып, ұрысқа араластық. Неміс-
тер таң ата жүремелете үш
дүркін біздің атқыштарға ша-
буыл жасады. Күші басым жау
автоматтарын кезеніп, қаз-
қатар сап түзеп келе жатты.
Алпыс-жетпіс метрдй жақын-
даған кезде біз фашистерге
пулеметтен бората оқ жау-
дырдық. Оң және сол жақ
қанатымыздағы полктастары-
мыз да өршеленген жауға
өлтіре соққы берді. Сөйтіп
жаудың алғашқы әрекеті сәт-
сіздікке ұшырады.
Шабуылға шыққан неміс
солдаттары мен офицерлерінің
үштен бірі ғана қашып құтыл-
ды. Ж е р жастанған жау сол-
даттарының өлекселері ашық
далада қала берді. Бұдан
кейінгі шабуылдарда неміс
фашистері тұмсыққа ұрылған
жыртқыштай қансырап, өлім
құшағына енді. Полк атқышта-
рының шағын тобы жаумен үш
күн бойы айқасты. Келесі
күнгі ша6уылдардың бірінде
серігім Сережа жау оғынан
қаза тапты. Үшінші күнге қа-
раған түні біздің басқа да әс-
кери бөлімдер Днепрден өтті.
Біз майдандастарымыздын
өзеннен аман өтуіне өз әлі-
мізше көмектестік.
Төртінші күн дегенде ша-
буылға шығу біздің үлесіміз
тиді. Ұшқыштарымыз аспаннан
тастаған бомбалар мен арти-
леристеріміз дәлдеп түсірген
снарядтардан жау бекінісінің
күл-талқаны шықты. Қаншама
солдаттарын құрбан етіп,со-
ғыс техникаларын барынша
қарсы қойған жау дүркірей
кейін қашуға мәжбүр б о л д ы .
Жан беру оңай емес қой. Фа-
шистік басқыншылар шегіне
отырып қарсылық көрсетті.
Біздің атқыштар ротасынан аз
ғана адам тірі қалғанын мен
осы шабуыл кезінде ғана біл-
дім. Днепрден өткеннен кейін
жауды өкшелей қуып келе-
жатқан кезде ауыр жаралан-
дым...
Днепрден бірінші өткендер-
дің ішінде маған да Совет
Одағының Батыры атағы бе-
рілгенін госпитальда емделіп
жатқанда естідім. Отанның
тәуелсіздігі мен намысы үшін
жаумен жағаласта өткен сын
сағаттар, ажалмен айқасқан
сұрапыл ұрыстар ешқашан
ұмытылмайды.
М. МАМРАЕВ,
Совет Одағының Батыры.
Орталық Қазақстан.-1966ж.-9мамыр.-2б.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|