Естен тану және кезіндегі алғашқы дәрігерге дейінгі көмек



Дата19.10.2022
өлшемі1,2 Mb.
#44090
Байланысты:
Естен тану және кезіндегі алғашқы дәрігерге дейінгі көмек

Естен тану және кезіндегі алғашқы дәрігерге дейінгі көмек

Дайындаған: Нуржалилова Феруза

СД 21-07

Тексерген: Тәттібекова А.И


Естен тану — қатты күюдің, қансыраудың, қатерлі басқалай дерттің, организмде қажетті су мөлшерінің жетіспеушілігінің немесе аса қатты аллергиялық реакцияның салдарынан болатын адам өміріне қауіпті құбылыс. Сондай-ақ естен тану жағдайын іштен көп қан кету де тудыруы мүмкін.
Естен тану
Естен танудың белгілері
Әлсіздік, тамыр соғысының жиіленуі (минутіне 100-ден астам соғу жиілігі);
Салқын тер шығу: көгіс тартып, мұздап, дененің тершуі;
Қан қысымының күрт төмендеп кетуі;
Ақыл-естің ауысуы; әлсіздік немесе талып қалу.
Естен тану жағдайын болдырмау немесе одан тез айықтырып алу үшін не істеу қажет?
Естен танудың алғашқы белгілері немесе сондай жағдайдьң қаупі байқала бастағанда:
  • Сырқат адамды аяқ жағы басынан биігірек болатындай етіп жатқызу керек.

  • Ал сырқат адамның басы қатты зақымданған болса, оны жартылай отырған қалыпта жатқызған жөн.
  • Қандай да болмасын қан кетуді тоқтатыңыз;
  • Егер сырқат адам тоңып жатса, оны көрпемен қымтаңыз;
  • Егер сырқат адам су іше алатындай халде болса, онда оған бірнеше тамшы су, әйтпесе, басқадай сусын беріңіз, ал организмде су жетіспеушілігінің белгілері байқалса, сусынды көбірек беріп және регидрат сусынын ішкізіңіз;
  • Жарақат болса, онда жараға ем-дом жасап, таңып тастаңыз;
  • Егер сырқат адамның ауруы жанына қатты батып, мазасызданса, оған аспирин немесе дерт ауыртпалығын жеңілдететін (байыз таптыратын) басқа дәрі-дәрмек беріңіз, бірақ бүлардың құрамында тыныштандыру әсерін тигізетін кодеин тәрізді қоспалар болмауы керек.
  • Өзіңізді сабырлы ұстап, сырқат адамды демеп, көңілін көтеріңіз.

Сырқат адам ес-түссіз жатқан жағдайда:
  • Басын бір қапталға қырынан салып және артқа қарай сәл кегжитіңкіреп темен қаратып жатқызыңыз (жоғарыдағы суретке қараңыз). егер сырқат адам демі жетпей түншығып бара жатса, саусағыңызбен оның тілін тартып шығарыңыз.
  • Егер ол құсып жіберсе, дереу аузының ішін құсықтың қалдығынан тазалаңыз. Құсық өкпесіне кетіп қалмауы үшін басы жоғарыда айтылғандай жағдайда жатқанын қадағалаңыз (төмен, артқа қарай сәл шалқайтылып және қырынан салынған);
  • Есін жиғанша оның аузына ештеңе апармаңыз;
  • Егер осы сәтте маңайындағы адамдардың біреуі болмаса біреуі күре тамыр арқылы ерітіндіні жиі тамшылатып жіберу әдісін білетін болса, соны қолданыңыздар;
  • Сырқат адамға тезірек дәрігерлік көмек көрсету шарасын ұйымдастырыңыз.

Естен тануларда көрсетілетін жедел жәрдем
1. Естен тану немесе стен танғаннан кейінгі уақыт ұзаққа созылып жатса: аурудың аяқ жағын көтеріңкі, бас жағын төменірек етіп жатқызамыз. Сонан соң киімінің түймесін ағытып, таза ауа енгізу керек. Беті мен кеудесіне суық су шашку және жағына шапалақпен ұру сияқты әдістер қолданылады.
2.Науқасқа нашатырь спирті, сірке қышқылы, эфир сияқты заттарды иіскету керек. Аяқтарына жилы басуға болады.
3. Егер науқас есіне келмесе тері астаны немесе бұлшықсетке 1-2 мл кордиамин немесе 10% 1-2 мл кофеин ерітінділері енгізіледі.
4.Қан қысымы төмен бокса, 5 % эфедрин немесе 1% 1 мл мезатон ерітіндісі б/е енгізіледі.
5.Науқастың пульсі мен АҚҚ қалпына келіп, есін жиған соң, тыныштық күйді сақтауды талап етіп, бақылауға алу керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет