Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр елдің, әр
халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, тарихи ерекшелігіне және
эстетикалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із
қалдырып келеді. Қазіргі кезде қолөнер элементтерін үй интерьерінде, киім
сәндеу кезінде, бас киімді әшекейлегенде көп қолданып жүр. Қолөнер –
ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып,
ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Өнер туындыларының иесін шебер деп
атаған. Қолөнер шеберлері табиғаттың әсем көріністерін қолөнер
бұйымдарында жиі қолданған. Оның орындалу технологиясына да
ерекшеліктер еңгізіп отыр. Мысалы, ою-өрнекпен әшекейленген бұйымда
қатырма жапсыру, моншақтармен, түрлі түсті тастармен безендіру жиі
кездеседі. Неше түрлі жібек, жылтыр люрекс жіптері қолданылады.
Дегенмен, көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнері өз халқының дәстүрлі
көркемдік мұрасын сақтап қалған. Сол қолөнердің бір түрі – кесте тігу. Бірақ
ерекшелігі – кестені ұсақ моншақпен, кішкене түйме тәріздес долмалақ
жылтыр материалмен орындау. Моншақпен тек киімді ғана емес,
жаулықтарды, неше түрлі сувенир заттарды кестелеуге, панно тігуге болады.
Моншақтардың тесікшелері өте кішкентай болғандықтан, жіңішке ине алған
жөн. Жіп моншақпен түстес болу қажет.
Қолөнерде жүнді пайдалану. Қазақ қолөнерінде пайдаланылған негізгі
шикізат түрі — жүн. Оның табиғаттық қасиетіне зер салып, тиімділігі мен
күнделікті тұрмыста қолайлы жақтарын қарастыра отырып, әдемілік жағына
да көңіл бөлінді. Бүгінге дейін дәстүрлі қолөнер түрі – киіз басу. Бұл көне
заманнан бері әйгілі. Бұрын киізді қара немесе ақ түсті етіп басқан, соңғы
кезде оюлап басу кеңінен тарап кетті. Жүннің пайдалы да, сонымен қатар
зиянды жақтары да бар. Жүннен жасалған бұйым, әрине, жылы, төзімді
келеді. Ал гигиена тұрғысынан қарағанда – шаң, ауа өткізгіштігі төмен. Қазақ
халқы-кең байтақ елімізде қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері
және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы, ұлттық қолөнердің
үздік үлгілерін атадан балаға мұра етуші.Қасиетті қазақ халқының, соның
ішінде әйел адамдардың қолдарынан шыққан қолөнер туындыларының
тарихы тым тереңде жатыр. Ол кең байтақ жерімізді мекендеген сақ, үйсін,
қыпшақ, ғұн тәрізді көне түрік тайпаларының мәдениетінен арқау алады.
Және де оған Оңтүстік-Сібір, Орта Азия мен Ресей халықтарының да
мәдениеті өз әсерін тигізген. Осындай үнемі жаңғыру үстінде болған қазақ
халқының дәстүрлі қолөнерінің даму биігіне көтерілген кезеңі ХІХ ғасырдың
2-жартысы мен ХХ ғасырдың басы.Археологиялық қазбалар мен жазба
ескерткіштерге арқа сүйенсек, Қазақстан аймағын мекендеген тайпалар
жүздеген жылдар бойы металл, тас, сүйек, саз балшық, ағаш, жүн, тағы басқа
да шикізаттарды шаруашылық кәсіптері мен күнделікті тұрмыс қажетіне
жарап, қол өнердің өз ұлтына тән ерекше көркем түрлерін қалыптастырған.
Қазақстан көне мәдениет өлкесі. Ерте замандардан-ақ оны мекен етушілер
мал бағып, егін салумен шұғылдана жүріп, өзіндік өрнегі мол, өнерін,
мәдениетін қалыптастырады.Қазақ халқының қолөнері санау ескі заман
тарихымен бірге өсіп. Біте қайнап келе жатқан өте бай қазына.Қазақ
халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру,тігу, тоқу,
мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық өнер жиынтығын
айтады.
Қолөнер түрлерінің әр қайсысының талай ғасырлық тарихы бар.Қазақ халқы
өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім кешек тігуді, азық-
түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбез-күн тіршілік
барысында пайдаланса, әсем бұйымдар жасап өмірде сән салтанат құра білді.
Халық шығармашылығының қандай түрі болсада халық өмірі мен, сол
халықтың қоғамдық тарихымен, кәсібімен тығыз байланысты болады.
«Өресі биік, өрісі кең» өнер атаулының қай саласынан болсын жер жүзіндегі
басқа да халықтар сияқты қазақ халқыда өзінің көне замандардан бері келе
жатқан тамаша тарихымен және бір өзіне ғана тән қайталанбастай
ерекшелігімен көзге түседі. өнердің түрі көп. Бізді қоршаған өміріміздің
барлығы өнер. Ал қандайда болсын өнер және талант иелерін өмірге
келтіретін халық.
Қазақтың сәндік қолданбалы өнерінің тамаша үлгілері атадан балаға мұра
болып біздің заманымызғада жетті. Қазақтың қолөнерін зерттеу мәселесі ерте
кезден көптеген саяхатшылармен коллекционерлердің ғана емес, ғалым
этнографтар, археологтар мен суретшілердің де көңілін аударып келеді.
Дүние жүзінде әр халық ата-баба мұраларын, халық өнерін сақтап қалуы
парыз. Атадан балаға мұра болатын қолөнерін жалғастырушы шеберлер
әрқашанда халық арасында құрметті.
Қолөнер бұйымдарын дүниеге алып келу көптеген уақытты және еңбекті,
шыдамдылықты қажет етеді.
Қолөнердің қайнар көзі-еңбек екенін М.Горькийдің еңбек туралы, оның
адамды ұлы данышпан ететін ұлы күш екенін айтатын аталы сөзін айтуға
болады. Еңбек адамның іскерлігімен ой-өрісін ғана өсіріп қоймай оның
адамгершілігін, дүниеге көзқарасын қалыптастырып, рухани сезімін
байытады. Еңбек-өнер өрісі-өмір жемісің-дегендей еңбек пен өнердің егіз
екенін айтқан жөн. Өнердің қай түрі болмасын қажымай, талмай еңбектенуді
талап етеді.
Халықтың қолөнеріне әдет-ғұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал
өсіруге және егіншілікке қажетті құрал жабдықтарда кіреді. Осыған орай
қолөнердің өзі бірнеше түрге бөлінеді, олар: зергерлік-өнер, металды өңдеп
өрнектеу (алқа, жүзік т.б. бұйымдар) Ағаш , тас қашау, тоқыма өнері кесте,
және көркемдеп тігу, тері өңдеу, өрмек тоқу т.б.
Қолөнермен айналысатын адамдарды төрт топқа бөлуге болады.
Шебер-ағаштан әр түұрлі бұйымдар жасайтын адам. Ұста-қару-жарақ, ер-
тұрман, сауыт-сайман жасаумен шұғылданатын адам.
Ісмер-ұлттық киімдер тігумен айналысатын, қолынан іс келетін адамдар.
Зергер-алтынмен аптап, күміспен күптеп сырға, білезік, алқа жасайтын
адамдарды айтады.Қазақтың ұста, зергерлерікөркем құйма, бедерлеу, соғу,
қаптау, күмістеу, темелеу, бұрау, үзбелеу тәсілдерін терең меңгерген. Алтын
күміспен әшекейленген алуан түрлі өңір жиектері мен алқалар,
асылтастардан көз салынған шолпылармен мен шашбаулар, әдемі құс мұрын
жүзіктер мен білезіктер-міне осы дәлелі.
Киіз үйдің сүйегі, ағаш кереует, кебеже сандық жасап кілем, сырмақ алаша,
ши тоқу, түрлі бау-басқұрлар тоқып, кесте тігіп, арқан, жіп есіп, өрім-өріп,
қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, адал бақан, асадал, бесік және т.б. көптеген
заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасап, түрлі
нақыштармен әшекейлеп отырды. Шеберлер тас қашау, сүйек ою, ағаш ою,
мүйіз бақылту, металды өңдеп өрнектеу сияқты ауыр кәсіппен де
шұғылданды. Сондықтан қолөнер «ер адамдарға тән іс» және «әйел
адамдарға тән іс» деп екіге бөлініп келеді. Мысалы: тастан, балшықтан
сүйекпен мүйізден, метал мен ағаштан бұйымдар жасап, оны әсемдеу сияқты
ауыр жұмысты ер адамдар атқарады.
Кесте тігу, жиек жүргізу, өрмек тоқу, ши орау, сырмақ сыру, оюлау, теріден
киім тігу сияқты істерді әйел адамдар атқарады.
Тері илеу, киіз басу, ши тарту, шом, жазы жасау жұмыстарын ерлер мен
әйелдер бірлесіп атқарады.
ХІХ ғасырда және ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ халқының қолөнері ішінде
киіз үйдің сүйегін, ағаш төсек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу, киіз басу,
кілем тоқу, өрмек тоқу кең өріс алды. (өрмек тоқу, кілем тоқу).
Өрмек тоқу.Өрмек халық қолөнерінің тоқу ісінде қолданылатын өте
қарапайым әдісі, яғни оны тоқу станогы десе де болады. Күрделі техникасыз,
кез келген жағдайда қолданып, керекті жабдықтары оңай табылатын өрмектің
екі түрі бар. Оның біріншісін аспалы немесе термелі өрмек дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |