«Magister Dixit» - научно-педагогический журнал Восточной Сибири
№3 (09). Сентябрь 2013 (
http://md.islu.ru/
)
© Есимова Ж.Д., 2013
ӘОЖ 811.512.122'373.49
Есимова Жулдыз Дапеновна
Алматы, Казахстан
ЭТНОЛИНГВИСТИЧЕСКОЕ ОПИСАНИЕ ПАРЕМИЙ,
ИСПОЛЬЗУЕМЫХ В ОБРЯДОВОЙ ТРАДИЦИИ ПОХОРОН
Пословицы и поговорки, занимающие важное место в литературном
наследии любой нации являются его народным достоянием, отражением
истории народа. Пословицы и поговорки – это собрание метких выражений,
созданных народом в течение нескольких тысячелетий, выражающих мудрые
мысли народа о событиях, которые встречаются в природе и в жизни. А также в
содержании пословиц и поговорок отражается социальная жизнь народа,
обычаи и традиции, мысли и знания. Пословицы и поговорки отличаются
точностью, краткостью и глубиной мысли; являются источником для
исследований в этнолингвистики. Учитывая то, что в содержании любых
пословиц и поговорок отражается информация, касающаяся этнических
особенностей народа, его духовной культуры, мировоззрения, традиции и т.д.,
то роль пословиц и поговорок в познании сущности этноса велика.
Ключевые слова: похоронный обряд; духовное богатство; пословицы и
поговорки о смерти; обычаи; традиции.
Yesimova Zhuldyz Dapenovna
Almaty, Kazakhstan
THE ETHNOLINGUISTIC DESCRIPTION OF PAREMIOLOGY
CONNECTED WITH IDEAS OF DEATH
Proverbs and sayings occupy an important place in the literary heritage of any na-
tion, and are both its national property and reflection of the people's history. They are
the collection of apt expression created by the people within several millennium, ex-
pressing the wise thoughts of the people and events which are found in nature and
life. The content of proverbs and sayings reflects the social life of the people, its cus-
toms, traditions, ideas and knowledge. Proverbs and sayings differ the accuracy,
brevity and depth of thought. They are the most fertile source of ethnolinguistics.
Considering that the content of any proverbs and sayings display information regard-
ing the ethnic characteristics of the people, their spiritual culture, worldview, tradi-
tions, etc., the role of proverbs and sayings in the knowledge of the essence of the
ethnic group is large.
Key words: funeral ceremony; spiritual wealth; proverbs and sayings about
death; customs and traditions.
Есімова Жұлдыз Дапеновна
Алматы қ. Қазақстан
ӚЛІМГЕ ҚАТЫСТЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ПАРЕМИОЛОГИЯЛАРДЫҢ
ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Бай мұрамыздан орын алатын мақал-мәтелдер кез келген ұлттың, халықтың
шежіресі, тарихы болып табылады. Мақал-мәтелдер – халықтың сан ғасырлық
кӛрген-білгенін, бастан кешкен оқиғаларынан қорытқан ақыл-ойының
жиынтығы, анықтамасы, табиғатта, ӛмірде үнемі қайталанып тұратын
оқиғалармен, құбылыстармен байланысты туған сӛздің тобықтай түйіні.
Сонымен бірге оның мазмұнында халықтың әлеуметтік тіршілігі, әдет-ғұрпы,
ақыл-ойы, даналығы кӛрініс табады. Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен,
тереңдігімен,
ықшамдылығымен
ерекшеленеді.
Мақал-мәтелдер
де
этнолингвистикалық арнаның ең құнарлы бұлақтарына жатады. Әрбір мақал-
мәтелдердің бойына этнос болмысына, оның рухани заттық (материалдық)
мәдениетіне, дүниетанымына, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, наным-сеніміне т.б.
қатысты бай ақпарат жинақталғанын ескерсек, олардың этнос болмысын танып-
білуге қосар үлесі зор.
Түйін сӛздер: ӛлім-жітім жағдайы; рухани байлық; ӛлімге байланысты
қалыптасқан мақал-мәтелдер; әдет-ғұрып; салт-дәстүр; наным-сенім.
Жер бетіндегі әрбір этностың бір-біріне ұқсамайтын мәдениеті мен ӛзіне тән
ерекшеліктері болатыны – тарихи заңдылық. Мұндай құбылыс сол тілдік
ұжымдағы ортаның қарым-қатынасынан, олардың сӛйлеу мәдениеті мен ӛмір
сүру дағдысынан, тектік құрылымының коммуникативтік ерекшеліктерінен
анық байқалатынын аңғаруға әбден болады. Бұл ерекшеліктер сол кезеңге тән
қоғамдық сананың тілінде жақсы сақталады да, сол этностың рухани, мәдени
құндылықтарының негізін кӛрсетеді. Осыған орай қазіргі тіл ғылымында
халықтың, индивидтің этноментальды ӛмірін, дүниетанымдық сипатын
қарастыратын антропоцентрлік бағыттағы зерттеулер ӛз нәтижесін беріп келеді.
Себебі, тіл адамдардың іс-әрекетінен тыс дамымайды. Тілдік ұжымды, жеке
адамды тілі арқылы тану арқылы оның шаруашылық, мәдени ӛмірінен толық
ақпарат алуға болады.
Тілдік ұжым мүшелерінің дүниетанымы адамзат пен мәдениеттің даму
кезеңдерінің сатысынан ӛткен сайын ақиқат дүниені тек логикалық-позитивтік
қана емес, этикалық-моральдық, ментальдық тұрғыдан да таныта алады.
Осыған сай, тілде қалыптасқан тұрақты тіркестерді – мақал-мәтелдер мен
фразеологизмдерді антрпоцентристік аспектіде қарастырған еңбектер соңғы
уақыттарда жедел қолға алына бастады.
Қоғамның дамуы мен заманның талабына байланысты пайда болған
кӛзқарастар тілге де ӛз әсерін тигізе бастады. Тілді құрылымдық тұрғыдан
зерттеумен бірге оны антропоцентристік парадигмада қарастыратын кешенді
жұмыстар жүргізіле бастады. Бұл дәстүрлі тіл біліміндегі жүргізілген зерттеу
жұмыстарынан кейін, тілді жаңаша бір қырынан қарастыруды ӛз алдына міндет
етіп қойды.
Түрлі деңгейдегі когнитивтік зерттеулер дәлелдегендей, олардың
барлығына ортақ мәселе тілдік антропоцентризм, дәлірек айтқанда, тілде тілді
тұтынушының танымдық тәжірибесі, мәдени білімі концептуальды түрде
ғаламның тілдік бейнесі ретінде кӛрініс табуы екендігі анықталады.
Бай мұрамыздан орын алатын мақал-мәтелдер кез келген ұлттың, халықтың
шежіресі, тарихы болып табылады. Мақал-мәтелдер – халықтың сан ғасырлық
кӛрген-білгенін, бастан кешкен оқиғаларынан қорытқан ақыл-ойының
жиынтығы, анықтамасы, табиғатта, ӛмірде үнемі қайталанып тұратын
оқиғалармен, құбылыстармен байланысты туған сӛздің тобықтай түйіні.
Сонымен бірге оның мазмұнында халықтың әлеуметтік тіршілігі, әдет-ғұрпы,
ақыл-ойы, даналығы кӛрініс табады. Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен,
тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді.
Мақал-мәтелдер де этнолингвистикалық арнаның ең құнарлы бұлақтарына
жатады. Әрбір мақал-мәтелдердің бойына этнос болмысына, оның рухани
заттық (материалдық) мәдениетіне, дүниетанымына, салт-дәстүр, әдет-ғұрып,
наным-сеніміне т.б. қатысты бай ақпарат жинақталғанын ескерсек, олардың
этнос болмысын танып-білуге қосар үлесі зор.
Қазақ тіліндегі астарлы мағыналы мақал-мәтелдердің молдығы сол тілде
сӛйлеуші ұлттың танымдық деңгейінің тереңдігін кӛрсетеді. Яғни, мақал-
мәтелдер халық танымындағы ұғымдармен тікелей байланысты болып, ұлттың
менталитетті танытатын тілдік кӛрсеткіші болып табылады [Дина, 2002, 25 б.].
Мақал-мәтелдер бұрын да, қазір де кӛбінесе ауыз әдебиетінің кіші жанры
ретінде әдебиетшілер тарапынан, ұлттық философияның танымдық негізі
ретінде философтар тарапынан, ұлттық диалектика бұлағы ретінде педагогтар
тарапынан, кӛркем шығарма аудармасымен шұғылданушылар оның баламасын
дұрыс
беру
тұрғысынан
зерттеп
келген
болса,
академик
Ә. Қайдар негізін салған жолмен келе жатқан тілші-ғалымдар әбден
тұрақтанған, қолдануға сайланып, жұрт жадында дайын тұратын кӛркем сӛз
арсеналының аса бір қуатты да құнарлы, бейнелі де әсерлі тіл құралы,
тұрақтанған күрделі мағыналық бірлік ретінде қарастыруда. Мақал-мәтелдер
ендігі жерде: 1) фразеологизмдерге кейбір ұқсастығына қарай – фразеология
объектісі, құрам-құрылымы тұрғысынан – синтаксис объектісі, мағына,
тақырып тұрғысынан – жалпы лексикология объектісі, қолданыс, тілдік норма
тұрғысынан – стилистика объектісі болып отыр. Сонымен қатар Мақал
мәтелдердің мән-мағынасы мен о бастағы жасалу уәжіне тереңірек үңілуге
байланысты оның этнолингвистикалық қыр-сыры да ашыла бастағанын соңғы
кезде жарық кӛріп жатқан еңбектерден кӛреміз. Ғалым Ә. Қайдардың бұл
саладағы ӛзіндік түсінік-тұжырымы бойынша, «фразеологиялық тіркестер де,
мақал-мәтелдер де – тіл астында тілі бар құбылыс».
Мақал-мәтелдер
фразеологиялық
тіркестерден
ӛзгеше
лексика-
грамматикалық параллель қатар түзейді, ӛздеріне тән айырым белгілерге ие.
Мақал-мәтелдер фразеологизмдер сияқты компоненттері тұрақты, орын
ауыстыруға болмайды.
Фразеологиялық тіркестерден мақал-мәтелдердің айырмашылығы –
эмоционалдық-экспрессивтік немесе әр түрлі мезгілдік не мӛлшерлік ӛлшем
бірліктерінің орнына нақтылай белгілі бір тұжырымды ой түйінін білдіреді.
Біз мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық сипатын анықтау деп – кӛне
дәуірден келе жатқан тұла бойы тарихқа толы мақал-мәтелдердің мағына
қалыптасуының уәждерін, шығу тарихын, дерек кӛздерін, қазіргі тілдегі
қолданылуын, яғни ауыспалы мағыналарының қалыптасуын зерттеуді айтамыз.
Мағына қалыптасуындағы уәждері дегенді – мақал- мәтелдердің шығуына негіз
болған жағдайлар деп түсінеміз. Біртұтас жүйесін, тұлға-тұрпаты мен мән-
мағынасын сақтап қалған әрбір мақал-мәтелдердің ішкі формасынан, яғни
мағынасынан ұлттық діл, мәдени-ұлттық нақыш айқын кӛрінеді. Тілді
халықтың рухани мәдениеті мен тарихына, салт-дәстүріне, ұлттық
дүниетанымына байланыстыра зерттеуді мақсат ететін этнолингвистика
болғандықтан, мақал-мәтелдер тіл білімінің осы жаңа да құнарлы саласының
зерттеу нысаны бола алатынына кӛз жеткіземіз Этностың ӛткендегі тарихы мен
этнографиялық байлығы кӛрінетін мақал-мәтелдер тарихымызды, халқымызды
тануда маңызды тӛл тарихи деректеріміз.
Фразеологизмдер сияқты, мұнда да күрделі мәселе – мақал- мәтелдердің
тілде пайда болу факторлары мен дами келе, адамға (оның сын-сипатына,
мінез-құлқына, іс-әрекетіне, қалып-күйіне т.б. қасиеттеріне) ауысу уәждерін тап
басып, дәл айқындау, мән-жайын таратып, түсіндіру.
Әр халықтың мақал-мәтелдері – сол халықтың ӛзі жасап алған логикалық
формуласы, ережесі. Ол кез келген оқиғаның, мәселенің тұсында еске түседі,
тілге оралады. Сӛйтіп, кӛп ойлауды, ұзақ баяндауды керек ететін қиын нәрсені
жеп-жеңіл, оп-оңай, бір-ақ ауыз сӛзбен түсіндіреді, ұғындырады.
Мақал- мәтелдердің пайда болып, қалыптасуы үлкен екі түрлі объективті
факторға байланысты екенін академик Ә. Қайдар ӛз зерттеуінде атап кӛрсетеді
[Қайдар, 2004]. Оның біреуі және негізгісі – ішкі фактор да, екіншісі – сыртқы
фактор. Мақал-мәтелдердің ішкі факторға байланысты пайда болып,
қалыптасуын әрбір этностық қауымның халық болып қалыптасуының ұзақ
тарихи процесіне, рухани ӛмірі мен мәдени-әлеуметтік жағдаятына, тіршілік-
тірлігі мен күн кӛріс тәсілдеріне, ӛзіндік дүние танымы мен болмыстағы
құндылықтарды бағалай білуіне байланысты деп білсек, сыртқы факторын сол
этникалық қауымның бір табиғи ортада, жағырапиялық аумақта (уақытша не
тұрақты) бірге жасап, біте қайнасып кеткен басқа халықтармен араласуының,
бір-біріне тигізген рухани-мәдени әсеріне байланысты деп қараған жӛн.
Мақал-мәтелдер жайдан-жай айтылмайды, белгілі мақсатты ойды жүзеге
асыру үшін, тыңдаушының жан сезіміне ерекше әсер ету үшін қолданылады.
Мақал-мәтелдердің кӛпшілігі игі қасиеттерге үндеу, уағыздау сипатында
болады.
Жоғарыда атап ӛткен екі фактордың алғашқысының нәтижесінде қазақ
халқының халық болып қалыптасу процесіндегі мәдени-әлеуметтік жағдаятына,
тіршілік-тірлігі мен күн кӛріс тәсілдеріне байланысты мақал-мәтелдер пайда
болды. Соның бірі – ӛлімге байланысты айтылатын мақал-мәтелдер. Мақал-
мәтел тұлғалық жағынан ғана емес, мағына-мазмұн жағынан да эволюциялық
дамуды басынан кешіруі қажет болған, яғни, ол мақал-мәтелдерге қойылатын
шартты талаптарға – “тілге жеңіл, айтуға оңтайлы, кӛңілге қонымды, ақылға
сыйымды болу” – сай болуға тиісті.
Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерді этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеу
ісінде академик Ә. Қайдардың «Халық даналығы» атты зерттеуі құнды еңбек
болып саналады. Бұл зерттеуде ғалым тіліміздегі қолданылатын мақал-
мәтелдерге этнолингвистикалық түсінік береді және мақал-мәтелдердің
табиғатына ғылыми талдау жасайды.
Біз де зерттеу жұмысымызда осы еңбекті басшылыққа ала отырып, сӛздік
қорымыздағы ӛлімге байланысты қалыптасқан мақал-мәтелдердің бірқатарын
ұсындық:
Ӛлген бураның басымен атанды қорқытыпты. Ауыс. тірі кезінде әбден
тізесі батып, билігін жүргізіп қалған марқұмның ӛлген соң атын айтып, оны
тірісінде білетіндерді сескендіру, бопсалап қорқыту.
Ӛлгенге – бата, Тіріге – кӛңіл. Мұсылмандық қағида мен адамгершілік
жол-жоралғысын айқындай түсу дәстүрінде: ӛлген адамға құран ашып, бата
оқу абзал болып саналса, тірі адамға (әр түрлі жағдайына байланысты:
ауырғанда, ренішті жағдайда т.б.) – кӛңілін білдіруді жӛн деп есептейді.
Ӛлгенге ӛкпе жүрмейді. Қазақ салтында: тіршілікте бола жүретін кӛңіл
кірбіңі мен ӛкпе-назды марқұм болған адамға айтуға болмайды.
Ӛлгенде жылағанша, тіріде сыйлас. Тіршілікте ӛмірі ырың-жырың, ӛзара
наразы болып жүрген жақын, таныс адамдардың біреуі ӛлгенде екіншісінің ел
кӛзі қылып, жылап-сықтауын айтып тұр. 2. ауыс. барлық жақсылықты адамның
кӛзі тірісінде істеген жӛн демекші.
Ӛлгеннің артынан ӛлмек жоқ. Ауыс. бауыр етіндей қаншама жақын,
қымбат та қимас болса да, ӛлген адаммен бірге ӛлу, о дүниеге бірге кету жоқ.
Қазалы қайғы қаншама ауыр болса да тірі адам ӛз тірлігін істейді. Адамзат
табиғаты осылай жаралған. Бұл мақал әдетте қазалы қайғыға душар болған
адамды жұбату үшін, кӛңілін суытып, бойына күш-жігер беру үшін айтылады.
Ӛлгеніңнен жақсы екен ӛлмегенің, Кӛргеніңнен жақсы екен
кӛрмегенің. Ауыс. Ӛлмей тірі жүре беру, кӛп жасау – қандай тауқымет кӛрсең
де, одан абзал, ӛйткені ӛмірде кӛргеніңнен кӛрмеген қызығың әлдеқайда кӛп,
қартайсаң да жақсы-жаманның талайын әлі алдан кӛресің демекші.
Ӛлдің, Мамай – қор болдың. 1. Орақ-Мамай екі батырдың ӛліміне
байланысты айтырып қалған бір тәмсіл: тіршілікте қанша даңққа ие болып,
атағы жер жарса да, ӛлгеннен соң кӛп адам әркімнің сӛзіне ілігіп бұрынғы
беделінен алыстауы мүмкін.. 2. ауыс. адам тірісінде, Мамай батыр тәрізді
қанша мықты болса да, ӛлгеннен соң ол мықтылық ұмыт болады. Оның атына
кӛрінген сӛз келтіріп қорлауы және мұндай жағдай кез келген адамның
басында да болуы мүмкін демекші.
Ӛлеңді жерде ӛгіз семіреді, Ӛлімді жерде молда семіреді. 1. жазы жылы,
ылғалды, сулы-нулы жерде , шӛбі шүйгін жайылымда жүріп, құнарлы шӛбін
еркімен жейтін сиыр малының соның бірі – ӛгіздің семіретіні табиғи құбылыс.
Ал ертеректе әртүрлі індеттен, ауру-сырқаудан адам кӛп ӛлетін жерлерде діни
рәсім – қағида бойынша о дүниеге ұзату ауылдағы молдалардың міндетінде
болған және ӛлімге байланысты пітір-садақалар мен басқа да сый-құрмет,
ырым-сырымның барлығы жаназасын шығарған, немесе ясін оқыған сол
молдаларға берілетін болған. Бұл оларды қоңдатып, әл-ауқатын арттыра
түсетіні сӛзсіз. Мақал осы жайтты аңғартып тұр. 2. ауыс. біреу жақсылық бар
жерден пайда тауып кемелденсе, енді біреу, керісінше, жаманшылыққа, қайғы-
қасірет бар жерден пайда тауып кенеледі деген сӛз.
Ӛлерменнің кӛзі жаман. 1. Кӛп ауырып, ӛлетінін сезген, бұл дүниемен кӛп
ұзамай қоштасатынын іші білген адам , әдетте, дені сау, ойнап-күліп жүрген
адамдарға бірде қызыға қараса, енді бірде кӛзін сүзіп, қызғана қарайтын, тіпті,
« мына дүниеде менен кейін жасайтын осы-ау!» дегендей, пендеуи тар
ниетпен, жаман кӛзімен тесіле де ұзақ қарайтын сәттері болады.; 2. ауыс.
ӛмірдің барша қызығынан ӛзін марқұм санайтын, тірі жүргендердің бәрінен бар
дүниені қызғана қарайтын ауру адамның сұқ кӛзі.
Ӛлеріңді білсең, ӛтірік айтпа, ұсталарыңды білсең, ұрлық қылма. Ӛтірік
айтудың ӛзі де белгілі айла-амалды талап ететін, «тәуекелге бел байлау»
сияқты әрекет; ал ондай ӛтіріктің басыңа ӛлім, қауіп-қатер тудыратынын
алдын-ала білсең, оған барудың ӛзі ақымақтық; сондай-ақ ұрлық та –
қылмыстың бір түрі, онда да «тәуекелге бел байлау» бар, оны да ақыл-айламен
істемесең болмайды; ал ұсталып қалғаныңды біліп тұрып істеген ұрлық–
ақымақтық. «Ұрлық, ұрлықтың арты – қорлық» деген сӛз содан.
Ӛлмеген алтын аяқпен ас ішеді. Ауыс. адам ӛлмей, кӛп жасап жүре берсе,
ерте ме, кеш пе, әйтеуір, бір рахатқа бӛленуі кәміл. «Ӛлгеніңнен жақсы екен
ӛлмегенің, кӛргеніңнен кӛп екен кӛрмегенің» деген мақал да осы мәндес.
Ӛлмейтінге ӛлі балық жолығады. 1. Аштан ӛлуге айналған адам ӛзен
жағаласа, ең болмаса жағада ӛліп жатқан балық кездесуі мүмкін, ол соны
пісіріп жесе де ӛлмейді деген сӛз. 2. ауыс. ажалы жоқ адам қанша қиналса да,
ол тірі қаларлықтай бір себептің болары сӛзсіз. «Ӛзен жағалағанның ӛзегі
талмас» деген мақалдың да осы ұғымға қатысы бар.
Ӛлтіремін дегеннен қорықпа, «Ӛлемін!» дегеннен қорық! Ауыс.
«ӛлтіремін!» дегеннен қорықпай, «ӛлемін!» дегеннен қорқудың керектігі:
«ӛлтірімін!»деу – тек бір кісінің қолындағы іс емес, кімді кім және қалай, не
үшін ӛлтіретіні басқа адамдарға да беймәлім болып қалуы мүмкін. Ал,
«ӛлемін!» деу – жеке адамның ӛз басының ісі: ол амалын тауып , қалаған
кезінде-ақ ӛлне қалады. Сондықтан да , қауым үшін соңғысы қауіпті, «осындай
адамнан қорқу керек!» деп сақтандыру орынды.
Ӛлі арыстаннан тірі тышқан артық. 1. тірісінде «аң патшасы» атанған
арыстаннан тірі тышқанның артық болатыны – ӛмір заңдылығына
байланысты: ӛлген арыстанда бұрынғы әрекеттің (күш, айбар, тағылық) бірі де
жоқ, ал тірі тышқанның ӛзіндік тіршілігі бар. 2. ауыс. кезінде дәурендеген,
заманында билік, ӛктемдік жасап дүрілдеген, біреуге қорған болған, біреуге
тісін батырғанлауазым иесі марқұм болып тынғанда , тірісінде кӛзге ілмейтін
біреулердің тірі жүргендігі арқылы танылып,бас кӛтеріп, марқұмнан ӛзін артық
санайтыны бар.
Ӛліге – құран, тіріге – салауат. Ауыс. ӛлген (марқұм болған) адамға
бағыштап құран оқу (оқыту), ал тірі жүрген адамның бұл ӛмірде істеген жақсы-
жаман пендешілігіне салауат айтып, кешіріммен қарау дін мұсылманның, ӛсер
елдің ӛнегелі ұрпағына тән имандылық пен ибалық, ӛнеге-үлгі болып саналады
демекші.
Ӛлік шыққан үйдің алдында жолбарыс жатады. Ауыс. қазақ салт-
дәстүрінде « ӛлім» деген сӛз суық, кісісі ӛлген үйге бірден баса-кӛктеп кіріп
бару кімге болса да қиын. Себебі: адамы ӛліп, азаланып, кӛңілі құлазып, жылап-
сықтап отырған қайғы-қасіретті жандарға кӛңіл айтып, жұбату, қайғысына
ортақ болу, дұға (аят) оқу осы тәрізді істерді орындау оңай емес.Ӛлім шыққан
үйдің айдаһар жатқандай ӛте салқын, суық, болуы да содан демекші.
Ӛлім байдың малын шашады, жоқтың артын ашады. Ауыс. бұл дүниеде
ӛлімге қазақтан кӛп шығынданатын халық кемде-кем. Адам бұл дүниеден
ӛткеннен кейін, тұс-тұстағы туыстарына хабар айтылады. Естігендер кӛңіл
айтуға қазалы үйге келіп жатады. Ос күні келгендер мәйіттің құрметіне оны
ұйықтамай
күзетуде
болады.
Оларға
мал
сойылады,
«қонақасы»
беріледі.Дастархан мол тағамдармен толтырылады. Бұдан кейін үші, жетісі,
қырқы, жылына байланысты ас беру т.б. толып жатқан рәсімдер ӛткізіледі.
Бұлардың бәріне де мал сойылады, құран оқытылады. Кӛбінесе шамасы
келгендер жылқы сояды. Ӛлім қазалы үйге де, оның туған-туыстары мен бүкіл
ауылына да үлкен сын ретінде қаралады. Сондықтан бүкіл ауыл-аймақ, туған-
туыстары қолындағы барымен бӛлісіп, шығынды кӛтеріп алуға тырысады. Бұл
бір жағынан аруаққа кӛрсетілген құрмет деп есептелінеді. Ауқатты, дәулетті
адамдарӛлімде біраз малын шашады да, ал жалғызлік , кедей адамдарға ӛлім
рәсімдерін атқару ӛте қиынға соғады. Олар қыруар қарызға батады. Мақал
осыны аңғартып тұр.
Ӛлім – болжамсыз, ӛмір – болжамсыз. Ауыс. ешбір пенде қашан, қалай
және қай жерде ӛлетінін де, қалай, қайтіп ӛмір сүретінін де алдын-ала білмейді.
Демек, бұл екеуі де адам үшін алдын-ала болжауға болмайтын, беймәлім,
ғайыптан болатын құбылыс деген сӛз.
Ӛлім – бірінші күні от, екінші күні – шоқ, үшінші күні – жоқ. 1. «Тас
түскен жеріне ауыр» дегендей, қазаға марқұмның ет-жақын ағайын-тумалары
мен бала-шағаларының қатты қайғыратыны белгілі. Бірақ қазаға әркім әртүрлі
қайғырды; қаза ең жақын қимасын жоғалтқан адамдар үшін бірінші күні жан –
дүниесін ӛртеген оттай, екінші күні табы ыстық шоқтай суына бастайды; 2.
ауыс. ауыр қайғы - қазаны да уықыт басады, оның қай түріне болса да адам
баласы біртіндеп болса да кӛнеді демекші.
Ӛлімнен басқаның ертерек болғаны жақсы. 1. ешкім де ерте ӛліп,
қыршыннан қиылғысы келмейді, сондықтан да оғанасықпайды, кеш келгенін
қалайды; 2. ауыс. күткен істің тез келгенін, бсталған істің тез аяқталғанын
қалауға, оған асығуға, асықтыруға болады, бірақ ерте ме, кеш пе, әйтеуір, пенде
басына бір келер ӛлімнің ажалдың ерте келуіне асықпау, асықтырмау керек
дегенге саяды.
Ӛлімнен қорқып, ӛмір сүрме. Ауыс. жұмыр басты пенде ерте ме кеш пе,
әйтеуір, бір ӛлетінін біледі; бірақ» ӛлемін-ау» деп қайғырып, ӛмірдің қызығын
қорқынышпен, дірілдеп-қалтырап ӛткізген ӛмірдің де ӛмір сиқы болмайды
дегенді аңғартады.
Ӛлімнен – ұят күшті. Ауыс. ӛлім кімге болса да қорқынышты; бірақ адам
бір ӛлімнің боларын біледі, оны табиғи құбылыс деп қарайды. Ал, тірі жүрген
адамның ӛлімнен де жаман қорқатын нәрсесі – ел алдында масқара болып,
ұятқа қалу; ол адамның ең қымбат, ең абзал қасиеті саналатын ар-намысынан
айырылуы. Қазақтардың « Малым– жанымның садағасы, жаным – арымның
садағасы» деуі де,міне, осыдан.
Ӛлінің ісі– тіріге сабақ. Ауыс. марқұмның тірілерге қалдырар ӛнеге-
үлгісі, жас ұрпақ үйренер сабағы – оның барша болмысы, саналы ӛмірі,
артындағы игілікті ісі, рухани мұрасы, ізбасар шәкірттері тәрбиелі ұрпағы
болмақ.
Ӛлі риза болмай,тірі байымайды. Ата-бабасын сыйлап ӛскен қазақ
дәстүрінде ӛлі аруақты риза ету, артын күту, жадында сақтау – кейінгі
ұрпақтың парызы саналған; олардың ӛсіп-ӛнуі де дәуірлеп демуы да соған
байланысты деп сенген. Осыдан қазақ салт-дәстүрінде ӛлген бабаларға ас
беріп, бабасына ескерткіш күмбез, кесене орнатып, құран оқытып, артын тойға
айналдыру рәсімі күні бүгінге дейін сақталып келеді. Әрбір саналы азамат» ӛлі
разы болмай, тірі байымайды» деген сӛзді бабалардын қалған ұран-анттай
сезінеді және соның жосын-жоралғысын жасауға тырысады.
Ӛмір бар жерде – ӛлім бар. Диалектикалық ұғым: дүние-әлемдегі барлық
зат, құбылыс толассыз ӛзгеріп, дамып, алмасып отырады: осы тұрғыдан
алғанда дүниеге келу, ӛмір сүру адам үшін қандай заңды болса, дүниеден кету
де сондай заңды, ӛмірге келу де, ӛлу де табиғи құбылыс демекші.
Тілімізде жиі қолданыс тауып отыратын ӛлім-жітімге қатысты мақал-
мәтелдердің денін кӛрсете отырып, олардың тыңдаушыға әсер, ықпалын ескере
келе, берілген мақал-мәтелдерді жағымды мән тудыратын, жағымсыз мән
тудыратын мақал-мәтелдер деп екіге бӛліп қарастырып отырмыз.
Жағымды мән тудыратын мақал-мәтелдер:
Өмір бар жерде – өлім бар.
Өлі риза болмай,тірі байымайды
Өлінің ісі– тіріге сабақ.
Өлімнен – ұят күшті.
Өлімнен қорқып, өмір сүрме.
Өлімнен басқаның ертерек болғаны жақсы.
Өліге – құран, тіріге – салауат.
Өлмейтінге өлі балық жолығады.
Өлмеген алтын аяқпен ас ішеді.
Өлгенге – бата, Тіріге – көңіл.
Өлгенге өкпе жүрмейді.
Өлгенде жылағанша, тіріде сыйлас.
Өлгеннің артынан өлмек жоқ.
Жағымсыз мән тудыратын мақал-мәтелдер:
Өлім – бірінші күні от, екінші күні – шоқ, үшінші күні – жоқ.
Өлім – болжамсыз, өмір – болжамсыз.
Өлім байдың малын шашады, жоқтың артын ашады.
Өлік шыққан үйдің алдында жолбарыс жатады.
Өлі арыстаннан тірі тышқан артық.
Өлтіремін дегеннен қорықпа, «Өлемін!» дегеннен қорық!
Өлеріңді білсең, өтірік айтпа, ұсталарыңды білсең, ұрлық қылма.
Өлерменнің көзі жаман.
Өлеңді жерде өгіз семіреді, Өлімді жерде молда семіреді
Өлдің, Мамай – қор болдың.
Өлген бураның басымен атанды қорқытыпты.
Өлгеніңнен жақсы екен өлмегенің, Көргеніңнен жақсы екен көрмегенің.
Ұлт болмысында айырықша сипатқа ие ӛлім – заңдылық әрі тұрақтылық
болып саналады. Демек, қазақ халқы бұл пәниден ӛткен адамына ағаштан
сарай қаламаған, тастан мүсін тұрғызбаған, атын тасқа басып кітап
шығармаған, бүкіл рухани дүниесін киелі деп санаған сӛзі мен сазына сақтаған,
сондықтан қаза ғұрып жырларының әлеуметтік мәні мен қоғамдық маңызы аса
жоғары болған.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Дина, Б. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің танымдық прагматикалық
аспектісі [Мәтін] : Ф.ғ.к. дисс. Қолжазбасы: 10.02.02. / Б. Дина. – Алматы,
2002. – 110 б.
2. Қайдар, Ә. Халық даналығы [Мәтін] / Ә.Қайдар // А.: Тоғанай Т, 2004. -
560 б.
Достарыңызбен бөлісу: |