Кернеуі 1 кВ-ке дейінгі әуе желілері үшін көбінесе алюминий, алюминий-болатты және болат сымдары қолданылады.
Әуе желі сымдарын монтаждау жинағына арнада әуе желілерін тарқату мен сымдарды қосу, сымдардың салбыраған бөліктерін көтеру, түзеу, оқшаулағыштарға сымдарды бекіту жұмыстары жатады.
Сымдарды тарқату және қосу
Сымдардың тарқатуын қондырылған тіректердің екі жағынан желі бойымен өткізеді. Сымдарды тарқату үшін конус тәріздес айналғыш (вертушка) немесе тасымалы станоктар, ал арнаға орауышпен (барабан) жеткізілген сымдар үшін бөлшектенетін орауышты көтергіштер қолданылады.
Бұрап орау бір сымды болатты және бейметалдық сымдарды қосудың қарапайым тәсілі болып табылады. Бұл әдіс бойынша 180-200 мм сымдардың ұштарын айқастырып, қосылатын жердің ортасынан пассатижбен қысып, бір сымды екінші сымға орайды.
Ңұрсаулау - бір сымды сымдарды қосқан кезде қолданады. Сымның ұшын тік бүрыштап бүгеді және қимасына сәйкес сымдарды бірінің үстіне бірін 80-120 мм ұзындығымен орналастырады. Беріктігін арттыру үшін мыс сымдарды үлкен өткіндерде ПОС-ЗО немесе ПОС-40 дәнекермен дәнекерлейді.
Сопақша гильзада қосу көп сымды алюминий сымдар үшін қолданылады. Бұл әдіс бойынша сымдарды қимасына сәйкес келетін гильзаларға енгізеді, сымдарды бір-біріне қарама-қарсы бағытта өткізіп, гильзадан шыққан сымның ұштарын сыйымдайды, артылған сымдардың ұшын түйістіріп пісіреді.
Шунтпен бірге екі гильзада сымдарды сығымдап қосуды қимасы 70 мм немесе одан жоғары көп сымды алюминий сымдарын монтаждау кезінде қолданады. Гильзаларды сығымдау механизмдерімен сығымдайды. Осындай гильзамен сығымдау тәсілдерімен бірге бұрандамалы қысқышпен қосу тәсілдері де қолданылады. Бүл тәсіл тек қана тіректерде сымдарға механикалық жүктеме әсер етпейтін жағдайда орындалады. Бұрандамамен қосу кезінде қысқыштардың түйіскен беттерін сымдарды қосу алдында бензинмен жуып, техникалық вазелин жағады. Бұрандамаларды тартып бекіткеннен кейін бұрандамалар арасында 3-5 мм саңылау қалу керек. Бұрандама түйіспелерінің тот басуын болдырмау үшін сымдарға арнайы пастаны жағады. Монтаждау жүмыстарынан 8-10 күннен кейін бұрандамаларды қосымша тартып бекіту керек. Сымдарды тарату кезінде темір жолдардың, автокөліктердің көп жүретін жолдарының үстімен жүргізуге тура келеді. Мұндай жағдайды тарату үшін өтпелі құрылғылар қолданылады.
Тіректерді жеткізу, көтеру және қондыру жұмыстарын бастамас бұрын автокөліктің шұңқырларда қондыратын тіректерді көтеруге немесе қондыруға арналған механизмдерінің арна бойымен еркін қозғалу мүмкіндігін тексереді. Көтергіш (такелажды) механизмдер мен көмекші құралдар тексерілген және жұмыс жағдайына келтірілген болуы керек.
Тіректерді көтеру және шұңңырларға орналастыру көтергіш крандармен немесе арнаулы механизмдермен (БМУ-2, БКГМАН-63 жөне т.б.) орындалады.