Ф.И. Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясына, оның мәні мен салдарына объективті баға беріңіз
Большевиктер жаңа экономикалық саясатты ұзақ мерзімді стратегия деп қарастырған еді. Сондықтан олар осы саясат аясында ауыл шаруа қожалықтарын біртіндеп кооперативтендіру арқылы ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құруды көздеді. Шаруалар кооперациясы мемлекеттік тұрғыдан күштеу арқылы емес, экономикалық қажеттіліктен туындайтын қозғалыс болуы керек еді. Алайда 1925 жылдың соңында қазақ өлкелік партия комитетіне Ф.И.Голощекиннің келуі жағдайды түбегейлі өзгертіп, ғасырлар бойы дамып келе жатқан қазақ ауылын төңкеріс соқпағына түсірді.
Ф. И. Голощекиннің есімі қастерлі қазақтың тарихында социализмнің бұрмалануы 1925 – 1933 жылдарындағы әрекеттерімен есте қалған.Өз жерінде еркін ойнап күле алмаған сорлы қазақтың қайғысына қайғы қосылып,езулерінен күлкі қашқан сұрғұлт заман дәл осы кездермен күңіренген еді. Голощекин жергілікті ауылдардың қазақ лебін сезінбегенін алға тартып,бізге Қазан төңкерісі керек деп,өзінің ойлап отырған,жоспарлап жүрген идеясын халыққа ұсынған болатын. Қазақ ауылдарын бақылай отырып, Ф.И.Голощекин: «Мұнда кеңестердің орнағаны мүлдем байқалмайды» деген пікірге келіп, Сталинге «Кіші қазан» идеясын ұсынды. Голощекиннің ойынша қазақ жерінде коммунизмнің белгілері болмады,сондықтан бұл «қателіктерді» түзету керек еді.
Голощекин алғаш идеясын халыққа таныстырған кезден бастап көптеген қарсылықтарға ұшырап отырған,көбі оның идеясын даттаса,енді бірі мақтаған.Осындай кезде жоғары жақтын қолдауын күткен Голощекин Сталинге арнап хат жазған болатын.Ол өзінің хатында өзінің идеясының қоғамға пайдалы екенін айтып барынша ағынан жарылған болатын.Нәтижесінде Сталин оған кері хат жазып,оны қолдайтынын білдірген.Сталин хатында Голощекиннің идеясының жақсы саясат екенін айтқан.Осылайша алып қолдауға ие болған Голощекин өз идеясы жолында алғы жұмыстарды жасай бастайды.Дәл осы кезден бастап Голощекин идеясына жол ашылды. Голощекиннің негізі «Кіші Қазан» төңкерісінің бағыты екіге бөліктер тұрған,оныі біріншісі өлкенің өнеркәсіптерін орташа және жоғарғы деңгейде дамыту,ал,екіншісі сол өлкелердегі шикізат қорын молайту.Голощекин негізі өзінің идеясын 1927 жылы ұсынып,ол 3 жыл аралығында қолдау көрмей тек 1930 жылы осы идеясы партиялар жиналысында мақұлданған болатын.
Кеңес үкіметіне наразылықтарын білдіріп,ел қамын ойлап,шыр-пыр болып жүрген қаншама адамдар соқпақ жолдардан өтуге мәжбүр болды.Олардың айтқан пікірлерін бұрмалап,сүбелі сөздерін теріске шығарып оларды «тап жаулары», «ұлтшылдар», «жат пікірдегілер», «әлеуметтік қауіпті элементтер» деп атап,жала жауғандар мол болды.Осы кездерде Голощекин өзіне қарсы шыққандардың барлығын дерлік жазалап,түрлі айыптармен кінәлап түрмелерге қамаған болатын.Тек олар ғана емес сондай-ақ дінге қызмет етіп жүрген талай дінқызметкерлерінде өзге жат дінді ұстанушылар деп жазалап,халық алдында бейнелерін жаман реңде көрсеткен болатын.
1926 жылы 20 мамырда «Жерге орналаспай жерді пайдаланатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардың шабындық және егістік жерлерін уақытша қайта бөлу туралы» заң қабылданды. Заңға толықтыру енгізіліп, оған қолды ХҚК төрағасы қызметін уақытша атқарушы Н. Нұрмақов қол қойды. Сөйтіп шабындық жерлер қайта бөліске салынды. Кейінгі шаралардың бірі ірі бай шаруашылығын тәркілеу жөнінде болды.Тәркілеу туралы заң 1928 жылы 27 тамызда қабылданды. Тәркілеуге 696 шаруашылық ұшырады, оның 619-ы округта тұрудан аластатылды.Ұжымдастыру Қазақстанда өте тез қарқынмен жүргізілді. 1929 жылдың 1 қазанынан 1930 жылдың 1қаңтары аралығында 100 мың кедей және орташалардың шаруашылықтары ұжымдастырылды. Саяси және экономикалық сипаттағы ұжымдастыру науқанын тез арада жүргізу үшін шаруашылықтарды жаппай ірілендіру басталды. Кулактар мен байларды тап ретінде жерлерінен қуып, ұсақ шаруалар шаруашылықтарын бір-біріне қосып, ірілендіріп, ұжымдастырды және егіндік жерлердің мөлшерін кеңейтті. Ауқаттының малын еріксіз ортаға алып, енді жекешенің күн көрісіне жарап отырған азын-аулақ малды да тартып ала бастады. Сол тұста «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген ұран тарады. Зорлаумен ортаға түскен мал күтімсіздіктің салдарынан жаппай қырыла бастады. 1929 жылы 1 қаңтардағы архив құжаттарындағы мәлімет бойынша 45 миллионға жуық мал болса, 1934 жылы 1 қаңтарда не бары 4,5 миллионы қалды
Ұжымдастыруға қарсы 80 мыңнан астам адам қатысқан 372 ірі көтеріліс болды.Ең ірілері Созақ, Бұқтырма, Қарақшы, Ырғыз, Абыралы, Шұбартау, Балқаш өңірлерінде болып өтті.1931-1932 жылдары елді жаппай аштық жайлады. Жергілікті халықтың ауыр халін көрген зиялылар Голощекин мен Сталинге арнайы хат жолдады. Ғ. Мүсірепов, М. Ғатауллин, М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышев Голощекинге жазған хатын тарихта «Бесеудің хаты» деп атайды. Т. Рысқұлов Голощекинге де, Сталинға да хат жазды. 1931-1933 жылдардағы ашаршылық кезеңі «Ұлы жұт» атауына ие. Суықтан,түрлі аурулардан 2,1 млн қазақ, 200-250 мың өзге ұлт өкілдері қырылды. 1 млн 700 мың қазақ Қытай, Монғолия, Иран, Ауғанстанға өтіп кетті. Кеңес үкіметі қателіктерді түзету шешімін тек 1932 жылдың қырқүйегінде ғана қабылдады.
Жалпы Голощекиннің кіші қазан идеясының мазмұнын түйіндесек: келді, ұжымдастыру деп байбалам салды, малды тәркілеп байларды конфескациялады, малы жоқ халыққа еттен салық салды, төрт-түлікпен көшіп жүргендерден қап-қап астық өткізуді талап етті, 1931-1932 жылдары қайғысы ауыр ашаршылықты қолдан жасап, халықты қырды. Саясаткер ретінде емес, қазақты қанауға келген қанішер ретінде есте қалған оның "Кіші қазан" идеясы расымен мемлекеттік құрылымға әсер етіп, үлкен бұрылыс жасады. Алайда, миллиондаған халықтың қазасына әкелген саясатты қалай жақтасақ та ақтауға келмейді. Даттамасақ та, солақай саясаттың, жазықсыз қалың қазақтың қанының иісі шығып тұрады бұл тақырыптан. Міне, Голощекиннің "кіші қазанының" тарихи мазмұны осылай ұмытылмас ақтаңдақтармен қалып қойды.
Достарыңызбен бөлісу: |