Құрамы C4H10O болатын ациклды қосылыстардың барлық структуралық изомерлерін жазыңыз және оларды орынбасушы және радикалды-функционалды номенклатуралар бойынша атаңыз. Бұл қосылыстар қандай класқа жататынын,олардың формуласындағы біріншілік,екіншілік және үшіншілік көміртек атомдарын белгілеп жазыңыз.
Органикалық заттарды зерттеу әдістері. Жеке заттарды бөліп алу тәсілдерін сипаттап жазыңыз.
Органикалық қосылыстардың элементтік анализі жөнінде жазыңыз.
Физика-химиялық әдістермен заттардың құрылысын анықтау жөнінде жазыңыз.
Химиялық байланыстың электрондық теориясы. Органикалық қосылыстардағы иондық және коваленттік байланыстар жөнінде жазыңыз.
Органикалық қосылыстардағы семиполярлы және сутектік байланыстар жөнінде жазыңыз.
Бағытталған валенттіліктер теориясы. Тетраэдрлік гибридтелу. Тригоналдық гибридтелу жөнінде жазыңыз.
Диагоналдық гибридтелу және арендердегі гибридтелу түрі жөнінде жазыңыз.
Төменде әрбір қосылыс үшін әр көміртегінің гибридтелуін,байланыс бұрыштарының мәнін жазыңыз: 1) пропин; 2) пропен; 3) пропан; 4) бутадиен-1,3.
Электрондардың ығысу теориясы. Индуктивті эффект және оның түрлері. Мезомерлі эффект және оның түрлері. Резонанстық эффект жөнінде жазыңыз.
Изомерия. Структуралық изомерия және оның түрлерін жазыңыз.
Стереоизомерия: конфигурациялық және конформациялық изомерия жөнінде жазыңыз.
Геометриялық изомерия және оның түрлерін жазыңыз.
Оптикалық изомерия және оның түрлерін жазыңыз.
Органикалық реакциялардың жіктелуі. Гомолиттік және гетеролиттік реакциялар және олардың жіктелуін жазыңыз.
Субстрат, реагент, радикалды, электрофилді және нуклеофилді бөлшектердің, карбкатион және карбанионның анықтамаларын,мысалдарын жазыңыз.
Органикалық реакциялардың механизмдері. Орын басу және қосылу, қайта топтасу реакцияларының түрлері және механизмдері жөнінде жазыңыз.
Органикалық қосылыстардың жіктелуі. Ациклді, карбоциклді, гетероциклді қосылыстардың анықтамаларын және мысалдарын жазыңыз.
Нуклеофилді орын басу реакцияларына жалпы сипаттама. Қаныққан көміртегі атомындағы нуклеофилді орынбасу реакциясының жалпы схемасын, SN1 және SN2 механизмдерін жазыңыз.
Нуклеофилді орын басу реакцияларындағы нуклеофилдердің түрлерін (оттекті,күкіртті,азотты,галогенді,көміртекті нуклеофилдер) және субстраттар түрлерін жазыңыз.
Нуклеофилді орын басу реакциясының түрлері. Бимолекулалы нуклеофилді орын басудың механизмі (SN2), энергетикалық диаграммасы, активтендіру энергиясы жөнінде жазыңыз.
SN2-реакцияларына әсер етуші факторлар (субстраттың,нуклеофилдің,кетуші топтың табиғаты), конфигурацияның айналымы (вальдендік айналу), рацематты қоспалардың түзілуі жөнінде жазыңыз.
SN1-реакцияларына әсер етуші факторлар (субстраттың,нуклеофилдің,кетуші топтың табиғаты) жөнінде жазыңыз.
Көрсетілген әр жұптың қайсысында SN2 реакция жылдам жүретіндігін жазыңыз: 1) бромметан мен су және бромметан мен гидроксид-ион; 2)хлорэтан мен иод-ион және бромэтан мен иод-ион; 3) иодпропан мен гидроксид-ион және бромпропан мен гидроксид-ион.Реакция теңдеулерін жазыңыз.
Ароматты қосылыстардағы электрофилді орын басу (SЕ1) реакциялары жөнінде жазыңыз.Электрофилді орынбасу реакциясының механизмі: және комплекстері, резонансты (қаныққан) құрылымдар, мезоформула жөнінде жазыңыз.
31.Органикалық қосылыстардың қышқылдылығы мен негізділігі. Бренстед теориясы. Льюис теориясы жөнінде түсінік беріңіз.
32.Алкандар. Номенклатурасы, табиғатта кездесуі, физикалық қасиеттері,өндірістік және лабораториялық алыну әдістерін түсіндіріңіз.
33.Алкандардың химиялық қасиеттері. Крекинг, риформинг, пиролиз процестерін түсіндіріңіз.
34.Алкандардың галогендеу, нитрлеу, сульфототығу, сульфохлорлау реакцияларының өту жағдайлары және олардың механизмдерін түсіндіріңіз.
35.Алициклді қосылыстар. Циклоалкандар. Мұнай құрамы, нафтендер. Циклоалкандардың номенклатурасын және геометриялық изомериясын,бананды байланыстарды түсіндіріңіз.
36.Үш, бес және алты мүшелі циклоалкандардың алыну жолдары. Алициклді көмірсутектердің физикалық және химиялық қасиеттерін түсіндіріңіз.
37.Табиғи алициклді қосылыстар. Терпендер. Терпеноидтар. Стероидтар. Биологиялық маңыздылығын түсіндіріңіз.
38.Алкендер. Номенклатурасы, табиғатта кездесуі, физикалық қасиеттері, өндірістік және лабораториялық алыну тәсілдерін түсіндіріңіз.
39.Алкендердің стереоизомериясы және химиялық қасиеттерін түсіндіріңіз. Марковников ережесін түсіндіріңіз.
40. Алкадиендердің номенклатурасын, физикалық қасиеттерін, алыну тәсілдерін, стереоизомериясын, химиялық қасиеттерін, қолданылуын,алкадиендердің Дильс-Альдер реакцияларын түсіндіріңіз.
41.Алкиндер (ацетиленді көмірсутектер). Номенклатурасы, табиғатта кездесуі, физикалық қасиеттері, өндірістік және лабораториялық алыну тәсілдерін түсіндіріңіз.
42.Алкиндердің химиялық қасиеттері. Марковников ережесінің қолданылуын түсіндіріңіз. Алкиндерге галогенсутектердің, судың,сутегінің қосылу реакциялары.Алкиндердің тотығу реакциялары,ацетиленидтердің түзілу реакцияларын түсіндіріңіз.
43.Арендердің гомологтық қатары. Бензолдың электрондық құрылысы. Хюккельдің ароматтылық ережесін түсіндіріңіз. Бензолдың алыну әдістері, физикалық және химиялық қасиеттері, электрофилді орын басу реакцияларын, қолданылуын түсіндіріңіз.
44.Алкилбензолдар. Номенклатурасы, изомериясы, алыну әдістері, қолданылуын түсіндіріңіз.Толуолдың электрондық құрылысы. Физикалық және химиялық қасиеттері, алынуы, қолданылуын түсіндіріңіз.
45.Бензол сақинасындағы электрофилді орын басу реакцияларының бағыттау ережелерін түсіндіріңіз. Бірінші және екінші ретті орынбасушылар қатысуымен жүретін электрофилді орынбасу реакцияларын түсіндіріңіз.
46 Екі орынбасқан бензол туындыларындағы бағытталу ережесі. Келісімді және келісімсіз бағытталуын мысалдармен түсіндіріңіз.
47.Бензолдың және толуолдың нитрлеу, сульфирлеу, галогендеу, Фридель-Крафтс реакцияларын және олардың механизмдерін түсіндіріңіз.
48.Ароматты көмірсутектерді нитрлеу реакциясы, механизмі. Нитрлеуші агенттер. Нитрлеу кезіндегі қосымша реакцияларын түсіндіріңіз.
49.Ароматты көмірсутектерді сульфирлеу. Сульфирлеуші агенттер, сульфирлеу механизмін түсіндіріңіз.
50.Ароматты көмірсутектерді галогендеу. Механизмі, реагенттері, катализаторы жөнінде түсінік беріңіз.
51.Ароматты көмірсутегінің бүйір тізбегінің галогенденуі. Механизмі, реагенттері, катализаторы жөнінде түсінік беріңіз.
52. Ароматты көмірсутектерді Фридель-Крафтс бойынша ацилдеу. Механизмі, ацилдеуші реагенттері, катализаторлары жөнінде түсінік беріңіз.
53. Ароматты көмірсутектерді Фридель-Крафтс бойынша алкилдеу. Механизмі, алкилдеуші реагенттері, катализаторлары жөнінде түсінік беріңіз.
54. Келесі галогеналкандардың сілтінің спиртті ерітіндісімен әрекеттесу реакцияларының теңдеулерін келтіріңіз, механизмін және түзілетін өнімдерін атап түсіндіріңіз: 1) 2-бромпентан; 2) 2-хлор-3-метилгексан.
55. Өздеріне сәйкес моногалогеналкандардан келесі олефиндерді алыңыз,реакциялар теңдеулерін келтіріңіз, өту жағдайларын және механизмін түсіндіріңіз: 1) 2-гексен; 2) 3-метил-2-гептен.
56.Этиленді көмірсутектерді мына спирттерді дегидратациялау арқылы алыңыз.Реакциялардың өту жағдайларын және механизмдерін, өнімдерді атап түсіндіріңіз: 1) 4-метилпентанол-1; 2) 4-метилпентанол-2.
57. Төмендегі электрофилді орынбасу реакцияларының теңдеулерін келтіріп, механизмін түсіндіріңіз.: 1) бензолдың трет-бутилхлоридпен AlCl3 қатысында әрекеттесуі;2) бензолдың пропаноилхлоридпен AlCl3 қатысында әрекеттесуі; 3) п-ксилолды нитрлеу;4) трифторметилбензолды нитрлеу; 5) фенолды HNO3-мен сірке қышқылында нитрлеу; 6) анизолды сірке қышқылында бромдау.
58.Келісімді және келісімсіз бағыттаушы орынбасарлар қатысуымен жүретін электрофилді орынбасу реакцияларын және олардың механизмдерін түсіндіріңіз.
59. Төмендегі электрофилді орынбасу реакцияларының теңдеулерін келтіріп, механизмін түсіндіріңіз: 1) бензолдың пропилхлоридпен AlCl3 қатысында әрекеттесуі;2) бензолдың этаноилхлоридпен AlCl3 қатысында әрекеттесуі; 3) о-ксилолды нитрлеу;4) трихлорметилбензолды нитрлеу; 5) фенолды HNO3-мен сірке қышқылында нитрлеу; 6) анизолды темір бромиді қатысында бромдау.
60.Алкандардың тежелген және тасаланған конформациялары.Ньюмен проекциялық формулалары.Циклогексанның конформацияларын және цис-,транс-изомерлерін түсіндіріңіз.
61.Көп ядролы ароматты қосылыстардағы (нафталин, антрацен және фенантрен) электрофилді орынбасу реакцияларын және олардың өнімдерін көрсетіңіз.
62.Төмендегі электрофилді орынбасу реакцияларының теңдеулерін жазып, механизмін көрсетіңіз: 1)бензолды және толуолды нитрлеуші қоспамен реакциялары; 2) бензолды және толуолды сульфирлеу; 3) бензолды және толуолды FeBr3 қатысында бромдау; 4) бензолды және толуолды AlCl3 қатысында хлорэтанмен алкилдеу; 5) бензолды және толуолды AlCl3 қатысында ацетилхлоридпен ацилдеу.
63.Төмендегі электрофилді орынбасу реакцияларының теңдеулерін жазып, механизмін көрсетіңіз: 1) анизолды сірке қышқылында бромдау; 2) бензальдегидтің нитрлеуші қоспамен әрекеттесуі; 3) нитробензолды бромдау; 4) хлорбензолды нитрлеу; 5) п-нитротолуолды бромдау; 6) 4-хлор-N-метиланилинді сірке қышқылында бромдау.
64.Бензол сақиналары конденсацияланған (біріккен) және конденсацияланбаған ароматты көмірсутектердің структураларын, химиялық қасиеттеріндегі ерекшеліктерін көрсетіңіз.
65.Нафталин және оның туындылары. Нафталиннің химиялық қасиеттері. Нафтахинонның биологиялық маңызын көрсетіңіз.
66.Антрацен және оның туындылары, химиялық қасиеттері, алыну жолдарын көрсетіңіз.
67.Фенантрен және оның туындылары, химиялық қасиеттері, алыну жолдарын көрсетіңіз.
68.Полиядролы ароматты көмірсутектер және олардың реакциялары. Пирен, бензопирен структурасын көрсетіңіз.
69. Қаныққан көміртегі атомындағы нуклеофилді орын басу реакциясы. Бромды этилді синтездеу мәселесін шешіңіз және реакция механизмін көрсетіңіз.
70. Ароматты қатардағы электрофилді орын басу реакциялары Сульфанил қышқылы синтездеу мәселесін шешіңіз және реакция механизмін көрсетіңіз.
71. Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Бензой қышқылы синтездеу мәселесін шешіңіз және реакция механизмін көрсетіңіз.
72.Қатты органикалық затты қайта кристалдау, балқу температурасын анықтау әдістемесін көрсетіңіз.
73.Сұйық қоспаларды бөлу әдістерін (айдау түрлері, экстракциялау, хроматографиялау) көрсетіңіз.
74.Сұйық органикалық заттардың физикалық константаларын анықтау әдістерін (тығыздығын, қайнау температурасын, сыну көрсеткішін анықтау әдістемесін) көрсетіңіз.
75.Органикалық еріткіштер және оларды тазарту әдістерін көрсетіңіз.
76.Алкандар және олардың сапалық реакцияларын көрсетіңіз.
77.Алкендер және олардың сапалық реакцияларын көрсетіңіз.
78.Алкиндер және олардың сапалық реакцияларын көрсетіңіз.
79.Ароматты көмірсутектер және олардың сапалық реакцияларын көрсетіңіз.
80.Органикалық химиядағы зерттеудің физикалық әдістері. Инфрақызыл спектроскопия әдісінің принципі. ИҚ-спектрлердің табиғаты, оларды бейнелеу әдістерін қолданыңыз.
81.ИҚ-спектроскопия әдісімен органикалық қосылыстарды зерттеу әдістемесін көрсетіңіз.
82.Электрондық спектроскопия әдісінің принципі. Спектрлерді бейнелеу әдістерін қолданыңыз.
83.УК-спектроскопия әдісінің принципі. Хромофорлы топтарды қолданыңыз.
84.УК-спектроскопия әдісімен органикалық қосылыстарды зерттеу әдістемесін көрсетіңіз.
85.Ядролы магнитті резонанс (ЯМР) әдісінің принципі. Спектрлердің табиғатын, негізгі сипаттамаларын, қолданылуын көрсетіңіз.
86.ПМР-спектроскопия әдісімен органикалық қосылыстарды зерттеу әдістемесін көрсетіңіз.
87.Төрт пробиркада алкан, алкен, алкин және арен орналасқан, оларды сапалық реакциялармен бір-бірінен қалай ажыратуға болатындығын дәлелдермен көрсетіңіз.
88.Масс-спектрометрия әдісінің принципі. Масс-спектрлердің қолданылуын,масс-спектрометрия әдісімен органикалық қосылыстарды зерттеу әдістемесін көрсетіңіз.
89.Көмірсутектердің УФ, ИК-, ПМР- спектрлерін талқылап, мысалдармен көрсетіңіз.
90.Элиминирлеу реакциялары. Е1 және Е2 реакцияларының механизмдерін көрсетіңіз, Зайцев ережесін қолданыңыз.