Фариза Оңғарсынова атындағы №77 мектеп- гимназиясының 1 а сынып оқушысы Базарова Сафия Арманқызыңа мінездеме



Дата12.12.2022
өлшемі14,41 Kb.
#56698



Фариза Оңғарсынова атындағы №77 мектеп- гимназиясының
1 а сынып оқушысы
Базарова Сафия Арманқызыңа


МІНЕЗДЕМЕ
София 2022 жылдың 1 қыркүйекте мектепке қабылданды. Мектепке дейінгі мекемеде болған.Өз отбасы туралы толық мәлімет бере алады.Өзіне–өзі қызмет ете алады.Қойылған талаптарды қабылдайды,тәртібі мектеп ережесіне сай.
Оқу материалын қабылдауы жоғары. Зейіні тұрақты, ойлау қабілеті жоғары. Мінезі ашық, көңіл – күйі тұрақты. Қоршаған орта туралы түсінігі мол, айналасындағы адамдармен тіл табыса алады, қарым–қатынасы жақсы, кішіпейіл.Сыныптан тыс шараларға белсене қатысады.
Оқу бағдарламасы бойынша өткен тақырыптарды толық меңгерген.Пәндерге қызығушылығы жоғары. Қай пәннен де тапсырмаларды өздігінен орындай алады.
Математикадан сандарды оқып, қосып және азайтып алады. Мазмұнды есептер мен логикалық тапсырмаларды орындауда ойлау, анализ жасау қабілеттері өте жақсы дамыған.
Әліппеден барлық әріптерді толық меңгерген.Сөздермен мен сөйлемдерді тұтас жүргізіп оқиды. Мәтінге қатысты сұрақтарға дұрыс жауап бере алады.Сөздік қоры жас ерекшелігіне сай.Сауатты жазады, жазу дағдысы жақсы қалыптасқан,зейіні тұрақты.

Сынып жетекшісі: Бақытқалиева А.Б




Машықкер: Жанагизова А.А.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет