1. 9-13 ғасырлардағы Франция. Людовик 9 реформалары.
2. Сословиелiк-өкiлдiк монархия. (14-15 ғасырлар). Бас штаттар.
3. Абсолюттiк монархия. (16-18 ғасырлар)
4. Ортағасырлық Франция құқығы.
1). 843 жылы Верден келiсiмi бойынша Карл Лысыйге, яғни Францияның бiрiншi королiне Рейннiң батыс жағы үлеске тидi. Алайда Франция атауы 10-ғасырда бекiдi. Орта ғасырлық Франция тарихы мына кезеңдерге бөлiнедi:
Сеньоралдық монархия (бытыраңқылық кезең) (9-13ғ.);
Сословиелiк-өкiлдiк монархия (14-15ғ.) ;
Абсолюттiк монархия (16-18ғ) ;
9-11 ғасырларда Францияда феодалдық қатынас одан әрi дамып, ерiктi шаруалар жер иеленуi жойылады. Iрi жер иелiктерiнiң құрылуы ел бiрлiгiн болдырмай территориялық бытыраңқылыққа алып келдi. Iрi феодалдар бекiнiс қамалдар төңiрегiндегi жерлердi өзiне қалдырып, басқа жерлердi вассалдарына (кiшi феодалдар) бөлiп бердi. Вассал ресми (инвеститура) түрде өз иелiгiмен танысты және өз сеньорына ант бердi (оммаж). Вассал әскери мiндеттi де атқарды. Келiсiм орындалмаған жағдайда феод (жер) қайтарылып берiлдi. Феодалдық сатының төменгi жағында рыцарлар (шевалье) тұрды. Ал оның жоғарғы сатысында король және iрi феодалдар: герцогтар мен графтар тұрды. Король билiгi әлсiз болды. Мына қағида сақталды: “Менiң вассалымның вассалы— маған вассал емес”.
9-11 ғасырларда феодалдарға тәуелдi шаруалар табы да қалыптасты. Шаруалардың басым көпшiлiгi сервтарға айналды. Олар өз қожаларына мұрагерлiк жолмен тәуелдi болды, яғни жер құралы ретiнде қаралды. Сервтер жан басы салығын (шеваж), бiр жылдық оброк және барщина (аптасына үш күн) төледi.
Басқа тәуелдi шаруаларды вилландар құрады. Олар жеке бас бостандығы бар жер ұстаушылар болды. Вилландар сеньорға оброк (талья— тiкелей салық) төледi. Барлық ауыл тұрғындары сияқты вилландар да үйленуге рұқсат сұрады, шын мәнiсiнде сатып алды (формарьяж). Барлық шаруалар баналитет тұрғысынан да тәуелдi болды: яғни сеньор пешiнде нан пiсiру, виносын дайындау т.б.
Ерекше құқықтық статусқа қала тұрғындары ие болды. 12-ғасырға дейiн олардың жағдайы шаруалармен тең болды. Одан кейiн қалалар өзiн-өзi басқаруға көше бастады. Тiптi корольдер қалалардың еркiнсуiне қарсы болып, оларға қарсы қару қолданды. Бiрақ та қалалар тұрғындарының сеньорларға мiндеттерi шектеулi болды.
Король билiгi iс жүзiнде тек өз доменi территориясына ғана жүрдi. Саяси билiк король мен iрi феодалдар арасында бөлiндi және сеньоралдық-вассалдық қатынса арқылы байланысты болды. Сеньоралдық монархияда орталық мемлекеттiк билiк болмады. 9-10 ғасырларда корольдi династиялық принцип бойынша светтiк және дiни феодалдар тобы сайлады. 12-ғасырдан бастап король тағы мұраға қалатын болды. Король әскербасы, заң шығару және сот қызметiн атқарды. Бiрақ барлығы шектеулi болды. Король куриясы немесе Үлкен кеңес бiрден-бiр жалпы мемлекеттiк орган болды. Ол король төрағалық етуiмен өткенiмен iрi феодалдар мүддесi қорғалды, iске асты.
12-ғасырға дейiн король сарайы басшысының (сенещал) ролi зор болды, ол әскердi басқарды және мемлекеттiк құжаттарға қол қойды. Король атты әскерi басшысы коннетабль болып, оның көмекшiсi маршалл атанды, ал 13-ғасырдан бастап адмирал болды. Король архивi мен қазынасын король казначейi басқарып, оған камергер көмектестi. Канцлер король актiлерiн редакциялады, мөр басты. Сарай қызметкерлерi (министриалдар) светтiк феодалдардан және священниктерден құралды. 13-ғасырдан бастап рыцарлар мен юристер (легистер) де қызметте тұрды.
Жергiлiктi басқару iрi феодалдар қолында болды. 12-ғасырдың соңында iрi әкiмшiлiк бiрлiк бальяждар пайда болды. Оның басында король тағайындаған шенеунiк бальи отырды. Ол король заңдары мен бұйрықтарының орындалуын қадағалады және бальяж шеңберiнде әскери құрылымдар ұйымдастырды, кейде сот қызметiн атқарды, салық жинауды, айып салу мөлшерiн бақылады және олардың король қазынасына түсуiн қамтамасыз еттi. Король билiгiнiң және орталық әкiмшiлiктiң нығаюына Людовик IX (1226-1270) реформасының маңызы зор болды. Соның iшiнде әскери реформа бойынша қала милициясы және жалдамалылар құрылды. Ол корольдiң әскери билiгiн бiр жағынан вассалдарынан тәуелсiз қылды.
1260 жылы король куриясы негiзiнде арнайы сот органы— Париж Парламентi құрылды, ол жылына төрт рет шақырылып, ең жоғарғы сот органы болды. Оның құрамына король тағайындаған дiн иелерi, рыцарлар және легистер кiрдi.
Людовик 9 өз доменi территориясына бiрыңғай король монетасын енгiздi. Басқа феодалдар монетасына тыйым салынды.
2. Өндiрiстiң және қалалардың дамуы бiр жағынан шаруалардың құқықтық жағдайына әсерi болды. 14-ғасырға таман серваж жойылып, көпшiлiк шаруалар басы бос цензитариилердi құрады.
14-15- ғасырларда Францияда сословиелердiң қайта құрылуы аяқталды. Iрi үш сословиенiң құрылуы феодалдық қырқысты тоқтатты және тапаралық шиеленiстi шешудiң жаңа механизмiн бекiттi.
Бiрiншi сословиеге дiн қызметшiлерi кiрдi. Оның салық және сот иммунитетi сақталды. Бiр жағынан король кеңесшiсi қызметiн атқарды.
Екiншi сословиеге дворяндар жатты. Олар 14-15 ғасырларда әлеуметтiк және саяси өмiрде жетекшi орын алды. Дворяндардың жерге абсолюттi құқығы болды және мұраға қалдырды. Олардың ерекше титулдары, гербтары және басқа да белгiлерi болды. Бiрден-бiр мiндетi корольге әскери қызмет ету ғана болды. Титулы бар дворяндар (герцогтар, маркиздер, графтар, виконттар т.б.) мемлекеттiк аппарат пен әскери жоғарғы постыларға үмiткер болды.
Үшiншi сословиеге ерiктi қала тұрғындары, цензитариилер, қалыптасып келе жатқан буржуазия кiрдi. Бұл сословиеге барлық алым-салық ауыртпалығы түстi.
14 ғасырдың басында францияда сеньориалдық монархияның орнын жаңа феодалдық мемлекет нысаны— сословиелiк-өкiлдiк монархия басты. Оның бекуiне саяси бiрiгу мен король билiгiнiң нығаюы себеп болды. Феодалдардың өзiндiк билеуi шектелдi. Жаңа салықтар салуға тыйым салынды. Людовик 9 жеке феодалдардың монета соғуын тоқтатты. 15 ғасырда бiрыңғай король монеталары айналымда болды.
Француз корольдерiнiң жолында бiр ғана саяси кедергi тұрды, яғни рим-католик шiркеуi. Бұл күресте француз корольдерi жеңiске жеттi. Француз легистерi король билiгiнiң құдай құдыретiнсiз келетiндiгiн дәлелдедi. Легистердiң бекiтуi бойынша король билiгiнiң тәуелсiздiгi айқындалды. Бiрақ та белгiлi бiр қолдаусыз король билiгiнiң нығаюы мен бекуi мүмкiн емес едi. Осы жерде король саяси тiректi феодалдардан алды.
14- ғасырдың басында король мен басқа сословиелердiң арасындағы одақтың нәтижесi ретiнде сословиелiк-өкiлдiк мекеме Бас Штаттар және провинциялық штаттар құрылды. Бас Штаттардың пайда болуы Франциядағы мемлекет нысанының алмасуының бастамасы болды.
1302 жылы король Филипп 4-нiң Бас Штаттарды шақыруының өзiндiк тарихи себептерi болды. Мысалы, соғыстар, экономиқалық қиыншылық, рим папасымен болған дау-жанжал т.б. Бас Штатты шақыру король ықтиярында болды. Жоғарғы дiнбасылар (архиепископ, епископ, аббат) және iрi феодалдар жеке түрде шақырылды. Бас Штатқа сайланған депутаттардың жетiден бiрiн юристер құрады (15%). Француз қоғамының мүлiктiк сатысын құрайтын Бас Штаттар жоғарғы мемлекеттiк орган болып саналды. Бас Штаттар талқылауына түсетiн мәселелер тәртiбiн де король бекiттi. Көп жағдайда Бас Штаттар корольге қаражат керек кезде шақырылды.
Король билiгi мен бас Штаттар арасындағы конфликт 1357 жылы шиеленiстi. Парижде көтерiлiске шыққан қала тұрғындары Бас штаттың негiзiн қалады. Олар реформалар жүргiзудi талап еттi. Осы Март орданансы бойынша қаржыны жұмсау Бас Штаттың құзыретiне көшудi, Бас Штаттың жылына үш рет король шақыруынсыз-ақ жиналуы туралы талаптар болды. Бiрақ король бұл талаптарды 1358 жылы керi қайтарды.
Бас Штаттарда әрбiр сословие өз алдына бөлек жиналып және мәселелердi де жеке қарады.
Жергiлiктi жерлердегi штаттар саны 14- ғасырдың соңында 20-ға жеттi. Бас Штаттарға және провинциялық штаттарға да шаруалар жiберiлмедi.
Король билiгi орталықтандырылған мемлекеттiк аппаратқа арқа сүйедi. Негiзгi органдарға Мемлекеттiк Кеңес (басқарудың жеке бөлiмдерiне басшылық ету және бақылау) және Есеп палатасы (қаржы басқармасы) болды.
Лауазымды орындар iшiнде мыналар маңызды болды:
Канцлер— жоғарғы лауазым. Оның басшылығымен ордананстар жобасы жасалды.
Коннетабль—король әскерiнiң басшысы.
Камерарии—қазынашы.
Палатиндер— король кеңесшiлерi.
Орталық король апппаратында клерктер, секретарьлар және нотариустар т.б. қызмет еттi.
Жергiлiктi жерлерде король жаңа лауазым губернаторларды бекiттi. Сонымен қатар 14-ғ. генерал-губернаторлар лауазымы пайда болып, олар әкiмшiлiк округтердi басқарды.
15-ғасырдың ортасында корольдiң тұрақты армиясы құрылды. Оны ұстап тұруға салықтың үнемi жиналып тұруы себеп болды. Армия негiзiн жалдамалылар құрады.
14-15 ғасырларда сот жүйесi әлi де болса әкiмшiлiк басқарудан ажырай қоймады. Ұсақ iстердi преволар шештi. Iрi қылмыстық iстер бальялар сотында қаралды. Балья сотына жергiлiктi дворяндар және король прокуроры қатынасты.
Париж парламентiнiң мүшелерi 1467 жылы бастап өмiрлiкке сайланды. Парламент жоғарғы сот қызметiн атқарды және аппиляциялық инстанция болды. Праламент 14-ғасырдан бастап король ордонанстары мен құжаттарын тiркеудi бастады. Қатесi бар немесе қайшылық туғызатын актiлердi парламент тiркеуге алмады (ремонстрация).
3. Монархияның жаңа түрi ретiнде абсолютизмнiң пайда болуының өзiндiк ерекшелiктерi бар. Атап айтсақ, жаңа қатынастардың тууы, мемлекеттiң дамуы және сословиелердiң құқықтық жағдайының өзгеруi. Осы кезде мемлекеттегi бiрiншi сословиеге дiн иелерi жатты. Оның король билiгiмен және дворяндармен тығыз баланысы көрiндi. 1518 жылдардағы келiсiм бойынша король шiркеу қызметкерлерiн (жоғарғы) тағайындайтын болды. Тiптi дiн иелерi мемлекетiк басқару қызметiн де атқарды.
Екiншi сословиеге дворяндар кiрдi. Дворяндық статұс туылған уақыттан бастап берiлдi. Дворяндық корльдiң арнайы актiсi бойынша да берiлдi. Дворяндар салықтан және басқа мiндеткерлiктерден босатылды.
Ең көп және тегi жағынан әр түрлi сословие үшiншi сословие болды. Үшiншi сословиенiң төменгi жағында шаруалар, қолөнершiлер, жұмысшылар және жұмыссыздар болды. Оның жоғарғы сатысына финансистер, саудагерлер, нотариустар, адвокаттар кiрдi.
Абсолютизмнiң бекуiне дiн иелерi және дворяндар мен буржуазия мүдделi болды. Абсолютизм елдi бiрiктiруде прогрессивтi роль атқарды.
Абсолюттiк монархияда жоғарға саяси билiк корольдiң қолына көштi. Барлық билiктi өз қолына алу үшiн король сословиелiк-өкiлдiк мекемелердi жою, бюрократиялық аппарат құру және тұрақты әскер мен полицияны ұстап тұру қажет болды.
16-ғасырда Бас Штаттар әрекет етпедi. Бас штаттар 1614-1789 жылдарға дейiн бiрде бiр рет шақырылмады.
16-17- ғасырларда король билiгiне саяси оппозиция мен Париж парламентi болды. 17-ғасырда Людовик 14 парламенттi король актiлерiн тiркеу құқығынан айырды. (Людовик 14 “Мемлекет— мен”). Король барлық мемлекеттiк және шiркеулiк қызметкерлердi өзi тағайындады, сыртқы саясат мәселесiн шештi, мемлекеттiң экономиқалық саясатын анықтады, салықтарды бекiттi, мемлекет қаржысына иелiк еттi, сот билiгiн атқарды. Сонымен қатар король жаңа мемлекеттiк органдарды ашты немесе жауып отырды. 16-ғасырда мемлекеттiк секретарь лауазымы пайда болды. Мысалы, Ришелье 32 мемлекеттiк постыны иемдендi. Мемлекеттiк секретарьлар сыртқы iстердi, әскери iстi, қолония мен теңiз iсiн басқарды. Людовик ХIҮ 1661 жылы Үлкен Кеңестi құрды. Оған герцогтар, секретарьлар, министрлер, канцлер кiрдi. Үлкен Кеңес маңызды мемлекеттiк iстердi қарады, заң жобаларын талқылады, әкiмшiлiк актiлердi қабылдады.
Жергiлiктi жерлерде орталық саясатын губернаторлар жүргiздi. Оны король тағайындады немесе алып тастап отырды. Губернаторлар кейiн тек әскери басқару шенiнде қалды. 1535 жылдан бастап провинцияларға уақытша өкiметтiлiгi бар комиссарлар жiберiлдi, олар кейiнiрек тұрақты лауазым иесi болып сөтты, қалалар әкiмшiлiгiн, қаржыны бақылап отырды. 16-ғасырдың екiншi жартысынан бастап оларға интеңдант титулы берiлдi. Қала басқармасы да тағайындалатын болды.
Мемлекет қазынасына түсетiн кiрiс салық түрiнде жиналды. Соның iшiнде талья маңызы болды (тiкелей салық). Жан басы салығы (капитация) да маңызды болды. Барлық салықтар ауыртпалығы үшiншi сословиеге түстi.
Сот жүйесi абсолютизм тұсында бұрынғыша күрделi болды. 18-ғасырға дейiн сеньоралдық юстиция қалдықтары сақталды. Шiркеу соты өз алдына бiр жүйенi құрады. Арнайы трибуналдар болды: коммерциялық, банктiк т.б.
Сот жүйесiнде Париж парламентi және қалалар парламенттерi маңызды роль атқарды.
Людовик 14 ғасырда әскери реформа жасап, ол бойынша әскер қатарына жалдамалылар алынды. Әскерде қатаң тәртiп болып, оны көтерiлiстердi басып жаншуда пайдаланды.
Провинцияларда, қалаларда iрi жолдарда полиция құрылды. 1667жылы полиция генерал-лейтеңанты лауазымы бекiтiлдi. Полиция қызметiне тәртiптi сақтау, қылмыскерлердi iздестiру, нравтық бақылау, жәрмеңкелердi бақылау т.б. жатты.
4. Орта ғасырлық Францияда бiрынғай құқықтық жүйе қалыптаспай, 1789 жылы революцияға дейiн әртүрлi құқықтық жүйелер әрекет еттi.
Құқық қалыптасуының негiзгi көзi әдет-ғұрып болды. 10 ғ. таман францияда варварлық провдалар қызметi жойылды. Оның орнын териториялық құқықтық әдет ( кутюм) басты. Әдеттер ауызша түрде таралды. 12 ғ. бастап жеке кутюмдар жазбаша түрде болды. 13 ғ. Ортасында Нормандия әдет құқығының толық жинағы- үлкен кутюм құралды. Осы уақытта король сөттары мен легистердiң жергiлiктi құқықтық әдеттердi жазып қалдыруы орын алды. Орта ғасырлық атақты құқықтық әдет жинағы-Бовези Кутюми (1283ж) болды. Одан басқада кутюмдер жарық көрдi: Тулуза кутюмi (1296) , Бретани кутюмы (1330ж). Сот жүйесiнде 1380 ж. құрылған францияның үлкен кутюмы кең қолданылды. 1454 ж. Карл ҮII арнайы ордананс арқылы барлық жерден кутюмдердi жинақтап Париж парламентiне жiберудi бұйырды. Осы талап бойынша 16 ғ, 60 үлкен кутюм жинағы және 200 кiшi кутюм жинағы редакцияланды.
Оңтүстiк францияда рим құқығы жиi қолданылды. 13 ғ. Рим құқығы мектебiнiң өкiлi Плацетин Монтпелье университетiнде рим құқығы оқуды бастады. Рим құқығы оқыту Париж университетiнде 1679 жылындан бастап Людовик ХIҮ тұсында рұқсат етiлдi.
Бүкiл ел территорияда әрекет еткен құқық көзiне канондық құқық нормалары жатты. Канондық құқық нормалары король тарабынан санкциялауды талап еттi. Король билiгi күшеюiне байланысты олардың заң шығарүшының актiлерi маңызға ие болды: ордананстар, эдиктiлер, бұйрықтар, декларациялар т.б. Король заңдарын жүйелеу 16-ғасырдан басталды.
Дворяндар мен дiн иелерiнiң жерге деген құқығы феодалдық құқықтың негiзi болды. 11-ғасырда шаруалардың жерге деген ерiктi меншiгi толық жойылды. Феод- жерге деген басты меншiкке айналды. Король билiгi күшейген уақытта бүкiл жер король атында болды.
13-ғасырда жер ұстаүшы шаруалар негiзi — цензива болды. Цензитарии жеке мiндеткерлiктең бос болды және жердi өз еркiнше пайдаланды.
Алып-сату да феодалдық құқық сипатында болды. Алып-сату келiсiмi жазбаша түрде жасалды, кейiнiрек нотариус арқылы бекiтiлдi.
Неке және отбасы францияда канондық құқықпен реттелдi. Мұрагерлiк құқықта майорат институты орын алды, яғни мұра өлген адамның үлкен ұлына қалды.
1789 жылғы революцияға дейiн қылмыстық жауапкершiлiк сословиелiк жағдайға байланысты туындады. Абсолютизм тұсында корольге, француз мемлекетiне және шiркеуге қарсы қылмыстар ерекшелендi.
12-ғасырға дейiн сот процесiнде айыптау басым болды. 13-ғасырдан бастап король және феодалдар сотында инивизицияның (дiни iздестiру соты) сөттар үстемдiк ете бастады. Сот iсi король проқұрорының айып тағуына байланысты қозғалды. 13-ғасырда сот iсi қайта қаралмады, ал одан кейiн барлық iс бойынша қайта қарау мүмкiндiгi болды.
Достарыңызбен бөлісу: |