Ғылыми зерттеулердің методологиясы мен технологиясы және ғылыми стиль. Библиография



бет1/4
Дата15.10.2022
өлшемі32,47 Kb.
#43229
  1   2   3   4
Байланысты:
Ғылыми зерттеулердің методологиясы мен технологиясы


Ғылыми зерттеулердің методологиясы мен технологиясы және ғылыми стиль. Библиография.
Қазіргі заманғы ғылым – еңбек іс- әрекетін адамның ойлауы мен психикалық және дене күштерінің ынталануын талап ететін бір түрі болып табылады. Ғылым іс – әрекеттің ең бір қиын да, күрделі, көп ақпараттық білімді, білік дағдыны талап ететін бір саласы болып есептеледі.
Қазіргі зерттеуші — ғалымның алдында кез келген ғылыми мәселені шешетін дұрыс бапты анықтау міндеті тұр. Мұндай бапты беталды іздеу көп уақыт пен күшті талап етеді, бұның өзі де көбінесе дұрыс шешімге әкелмейді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта дұрыс сұрақты қоя білу, оған жауапты анықтау қажеттілігімен ғана шектелмей, ғылыми еңбектің жемісін пайдалану нәтижелерін көре білу керек. Ғылыми жұмыстың нәтижелілігі көп жағдайда таңдалған әдіснамаға байланысты.
Ғылыми әдіснаманың үш деңгейі бар:
Философиялық, жалпы ғылыми, нақты ғылымдылық. Бұлардың арасында айқын шекара жоқ, себебі олар бір – бірін алмастырып, толықтырып жатады.
Философия әдіснама ретінде зерттеушіні табиғат, қоғам, сана дамуының жалпы заңдарын білуімен, әлемнің біртұтастығын қамтуымен, зерделенген мәселені басқалардың ішінен орны мен байланысын анықтаумен қаруландырады.
Ғылыми әдіснаманың ең бір басты бөлігі – салада жаңалық ашу. Ғылыми әдіснаманың бірінші және ең нағыз талаптарының бірі – кәсіби білім деңгейін үнемі және жоспарлы түрде арттыру. Бұл мақсатқа жету үшін, мектеп қабырғасынан бастап ғылыми пәндерден өз біліктілігін көтеріп, жан – жақты білімді тұлға болуға ұмтылу.
Философия әдіснамасының басты маңызды бөлігі болып саналады. Философия қағидаларын білу адамның ой- өрісін байытады. Философия біздің бүкіл өмірімізден өтеді, себебі қандай іс – әрекеттпен айналысса да ол бұрынғы ата – баба тәжірибесінен қалған немесе айналадағы ортадан алған, өзі қорытындылаған жалпы ұғымдарға, ортақ түсініктер мен ерекше атауларға сүйенеді. Философияның негізгі заңдарын, білімін елемеу жалған ғылыми теориялардың батпағына батырады, нәтижесінде ғылыми қағидалар таза ғылыми іс – әрекеттен алшақ тұрған көзбояушылық қорытындылар және теориялармен алмастырылады.
Ғылыми жұмыстың тиімділігі көп жағдайда адам ой- өрісінің кеңдігіне, білімділігіне, жалпы ақпараттық мәдениетіне байланысты. Табиғатқа, әдебиетке , музыкаға, суретке деген қызығушылық эмоционалдық қанағат береді, ғылыми мәселелерді шешуде пайда болатын шаршағандықты сыпырып алады, шығармашылық үрдісті шапшаңдатады, күтпеген ассоциация тудырады, тасаланып тұрған заңдылықтар мен байланыстарды көруге мүмкіндік береді.
Осы қағидаларға сүйенсек жас зерттеуші сауатты, көп салалы, білімді азамат болу керек. Орта мектепте оқи жүріп қазіргі заманға лайық және жалпы білімді меңгеруге міндетті.
Ғылыми жұмыстың маңызды сәтінің бірі жаңа ой – пайым (идея) шығару және болжам (гипотеза) жасау. Жаңа, әлі белгісіз, бірақ өмірде кездесетін заңдылықты іздеу барысында ол туралы болжам жасайды, мүмкін ол дұрыс болып шығар, мүмкін жалған да болар. Гипотеза – ғылыми болжау, ғалым жұмысының айырылмас серігі. Нағыз ғалым өз жұмысын қиялсыз жасай алмайды. Қиялсыз, тапқырлықсыз, жаңа ой – пайым табу қабілетінсіз ғалым табысқа жетуі мүмкін емес. Жалаң грамматиканы игеріп, поэманы жазу мүмкін еместей, жаңа логика төзімділік пен еңбекқорлықсыз жаңа ой – пайым тудыра алмайды. Гипотезаны құру – ғылыми шығармашылық дамуының заңдылықты кезеңі.
Жаңа идеяларды ұсыну және гипотеза жасауда сауатты болу үшін ғылыми көріпкелдік қажет. Ал, ол тек қана ғылыми білімге сүйенген жағдайда болуы мүмкін. Тұспалдау мүмкіндігі ғылымның құбылыс пен заттардың арасындағы байланысты реттеуі, ауық – ауық қайталануын орнықтыру мәнінен туындайды.
Сондықтан да ғалымдар мен философтардың еңбектерінде тұспалдау жасау мәселесі үлкен орын алатыны кездейсоқ жағдай емес. Осылайша тұспалдаудың ең кең тараған әдісінің бірі экстрополяция деп аталады. Бұл әдісті қолданғанда белгілі заңдарды белгісіз көріністерді түсіндіру үшін пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет