Философияның пайда болуы және дамуы



Дата26.01.2023
өлшемі18,21 Kb.
#63169
Байланысты:
1 дәріс философия


1.Дәріс: Философияның пайда болуы және дамуы.
Философияның пайда болуы, оның дамуы белгілі логикаға сүйененді. Мәселен, антик философиясы екі негізден туындайды: бірі – мифология, екіншісі – жаңа туындап келе жатқан ғылым. Орта ғасырда философия дінмен тығыз байланыста болды. ХV – ХVІ ғасырлардағы қайта өрлеу дәуіріндегі эстетикалық ой пікірлердің әсері арқылы дамыды. Реформация дәуірі адам тағдырын, оныњ ішкі дүниесін зерттеуді алға қойды. ХVІІ – ХІХ ғасырда философия ғылымға сүйенді. Сондай ақ, бұл кезеңде ағартушылық мәселесіне ( ХVІІІ ғ.) және санаға ерекше мән берілді. Философия өзінің зерттейтін обектісін ерекше қарастырады. Мәселен, математик, бірлік санын неше түрлі сарапқа салып, философтар болмасы солай сараптап, талдайтын болды.
Алғашқы грек философтары дәстүрлі мифологияны сынаудан, айталық Гомердің поэмасындағы оқиғаларды, олардың тұрақсыздығы мен әділетсіздігін сынаумен болды. Бірақ сол сынды бастай отырып, олар өздері өмір сүрген қоғамдық құрылыстың әдет- ғұрпынан, мәдени дағдарысынан қол үзіп кете алмады. Дегенмен, философтардың тарихи тағдыры қашанда ауыр, қайғылы болатын. Өйткені, олар қалыптасқан діни, мәдени, көркемдік, саяси, құқылық дағдыланған болмыстық әдет-ғұрыптарға, егер, олар прогресс талабына сай болмаса, қарсы шығып, өз пікірін ашық, батыл айта алған.
Философтардың бұлай істейтіні неліктен? Себебі - шындықты білу, оған жету, көз жұмып, құлай сенуден бас тартып, әр нәрсенің байыбына жетіп, жүрек әмірі тұрғысынан әділ шешімін айтып, неліктен деген сұрауға жауап іздеу. Өмір сүрудің мәні неде? Болмыс деген не? Оның үстіне философия алғашқы пайда болған кездерден бастап-ақ дүниеге көзқарас ретінде қалыптасады. Ол ертедегі грек философиясы (б.з.б.Vғ) бұған дейінгі дағдыланған мифологиялық дүниетанымға қанағаттанбағандықтан басталды. Оған себеп болған, сана-сезімнің оянуына әкелген: экономикалық жағдайлар, теңіз саудасы арқылы гректердің басқа елдерге барып, олардан көп нәрсе көріп, үйренуі, оған ой жүгіртуі, өз елі шекарасының ұлғаюы, т.б.
Осыдан келіп жаңа өмір тұрғысы, жаңа қоғамдық сана қажет болды. Содан бастап арнайы ұстаздық ететін философтар шықты, сондай-ақ оның пікірін қабылдап, одан дәріс алатын Платон академиясы, Аристотель лицейі, Эпикур бауы (мектебі)деген оқу орындары болды, оған сәйкес жаңа ұғымдар қалыптасты. Сократта ешқандай мектеп болған жоқ, бірақ оның төңірегіндеде шәкірттер жиналды. Солардың бірі Платон, ал Платон шәкірттерінің бірі Аристотель болса, ол – атақты Александр Македонскийдің ұстазы. Байқап отырғанымыздай, бәрі бір заманда өмір сүрген. Тек Сократ ойын қағазға түсірмеген. Әркіммен сөйлесіп, сұқбаттасып жүріп, философияны дамытқан. Ертедегі грек ұстаздары былай жаса, былай бол демейді. Олар өздерінің ойын, пікірін, болжамдары мен топшылауларын айтқан.
Шәкірттері олардан ой-өрнегін құруды үйренген, қортындыны әркім өзінше шығарған. Философия солай дамып отырды. Ал оның пайда болып, дамуы нақты жағдайларға, оның талаптарына байланысты. Оны тудырған - өмір. Не істеу керек деген сұрау. Философтар соған жауап іздеген, пікір айтқан.
Сондықтан да философтар тарыдай шашылған жеке - дара емес, шоқ жұлдыздардай болып дүниеге келген дедік. Олардың пікірлері де бір-біріне жалғасып жатты.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет