Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университет Фиолология факультеті
ОСӨЖ №3 Тақырыбы:Эмоционалдық интеллектіні дамыту бағдарламасын құру
тапсырған:Ғаниев.Ә тексерген:
Ақтөбе,2023
Эмоционалдық интеллектіні дамыту бағдарламасын құру
Эмоционалдық интелект
Эмоциялық интеллект түсінігіне қоршаған ортадағы адамдардың эмоциясын түсіну және олардың эмоциялық күйіне икемделу арқылы тұлғаның тиімді қарым-қатынас құра білу қабілеттері жатады. Өзін-өзі ұстай білу және өзара әрекеттесудің сауатты үлгісін құру адамдармен тікелей қатынасуға байланысты қызмет салаларында аса маңызды болып жатады. Тұлғаның кәсіби жетістіктері, сөзсіз, оның білімімен, қабілеттерімен, дағдыларымен, жан-жақтылығымен және кеңінен ойлау білу қасиеттерімен, яғни оның жалпы интеллект деңгейімен байланысты болып келеді. Алайда көптеген жағдайларда интеллектінің жоғары деңгейіне ие болу жеткілікісіз. Эмоциялық интеллект идеясының пайда болуы әлеуметтік идея турасындағы түсініктердің дамуы нәтижесінде мүмкін болды. Тұлға табыстылығының жалпы интеллект деңгейі мен әлеуметтік ортамен тиімді өзара әрекеттесуі арасындағы сәйкессіздіктердің жиі орын алуының нәтижесінде әлеуметтік интеллектінің жекелеген дара қабілет немесе тұлға қасиеті ретінде бөлініп қарастырылуына түрткі берді.
Термин
Ғылымға «эмоциялық интеллект» терминін американдық екі психолог Питер Сэловей мен Джон Мэйер 1990 жылдары енгізген болатын. Олар алғашқы болып эмоциялық интеллектінің бірінші үлгісін ұсынды. Аталған авторлар эмоциялық интеллект деп «өзінің және өзгенің сезімдері мен эмоцияларын байқай білу, оларды ажырату және осы ақпаратты ойлау мен іс-әрекетте қолдану» деп түсіндірді . П. Сэловей мен Дж. Мэйердің үлгісі негізінде Д. Гоулманның аса танымал үлгісі жасап шығарылды. Оның 1995 жылы шыққан «Эмоциялық интеллект» атты еңбегі кітап сатылымында бірінші орындарға шығып, аталған мәселенің ғылыми және көпшілікке арналған әдебиеттерде осы күнге дейін қызу талқылануына түрткі берді.
Эмоционалды интеллект: IQ-дан да маңызды
90-жылдардың ортасында Дэниел Гоулманның «Эмоционалды интеллект: IQ-дан да маңызды» психологиялық бестселлері жарық көрді. Белгілі журналистің зерттеу еңбегі көпшілікке ой салды. Кітабында ересектер мен балаларды бірге зерттеген. Қорытынды шығарғанда баланың қандай отбасында тәрбиеленгені, мектепте, университетте алған бағасы үлкен өмірге сүйеу бола алмайтынын көрсеткен. Адамның қоршаған ортамен байланысы, яғни эмоцияны игере алуы болашағына кепіл бола алатынын жазған. Жеке өмірде де эмоцияның ықпалы зор. Қарым-қатынас орнату, жаңа ортаға сіңісу аталған тақырыппен байланысты екен. Мұны бұрыннан білеміз ғой деуіңіз мүмкін. Бірақ бұл – сіз ойлағаннан да күрделірек тақырып.
Ежелгі гректер ақылды адам деп ақыл-ой, логика, эмоция үштігін біріктіре алатын тұлғаны айтқан. Эмоциялық интеллектпен ойлауды алдыңғы орынға қойған. Бұл екі жарым мың жыл бұрын тіркелген дерек екен. Соған қарамастан, адам эмоциясы мәселесі – әлі күнге өзекті тақырып.
Эмоцияларды қабылдау
Эмоциялар квадраты тәжірибиесі
Әрекет етуге дайын болу
БАТЫЛДЫҚ
БРЭЙНШТОРМ
Шығармашылық жаңа идеялар
КОЛЛОБАРАЦИЯ Жаңалыққа ашық болу Адалдық
СЫНИ ОЙЛАУ
Қатені іздеу
3 РЕАКЦИЯ
құрамасы
Біз эмоцияларға |тәнімізге |мәнге ықпал ете аламыз
- ТӘН
- ЭМОЦИЯЛАР
лимбикалық жүйемен байланысты
- МӘНДЕР неокортекс осы жағдайға әрдайым түсінік береді
Қолданылған әдебиеттер:
1.Люсин Д.В. Современные представления об эмоциональном интеллекте. // Социальный интеллект: 2.Теория, измерение, исследования. - М.: Изд-во «ИП РАН», 2004. - С. 29–39.
3.Гоулман Д. С чего начинается лидер. - М.: Альпина Бизнес Букс, - 232 с.