«Физика» пәнін оқыту бойынша тақырыптың оқу күрделілігі және тереңдігі деңгейіне назар аудару қажет



бет1/2
Дата07.01.2022
өлшемі20,25 Kb.
#20698
  1   2
Байланысты:
тусиник хат 7 сынып




Түсінік хат

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген негізгі орта білім беру деңгейінің 7-сыныптары үшін «Физика» пәнінен қолданыстағы үлгілік оқу бағдарламаларында теориялық мәліметтерді зерттеуге және білім алушылардың практикалық дағдысын қалыптастыруға арналған көрсетілім, практикалық және лабораториялық жұмыстарды орындау және білім алушылардың білімiн тексеруге бөлінетін уақыттың рационалды сәйкестігі қарастырылды. Оқыту бағытына тәуелсіз, физикаға және оның қолданбалы аспектілеріне қызығушылық білдірген білім алушыларға мектептің таңдау курстары бойынша оқуға мүмкіндік туғызу арқылы пәнді зерделеуге бөлінетін сағат сандарын ұлғайта алды [3]. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысы 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Физика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген. 7-сыныпта «Физика» оқу пәнінде табиғат құбылыстарын қарастырады, физиканың негізгі заңдарымен танысады және осы заңдарды техникада, күнделікті өмірде қолдану деңгейінде оқытылады. Физика мен оның заңдары барлық жаратылыстану саласының өзегі екендігіне басты назар аударылады.

7-сыныптың кіріспе бөлімінде «атом», «материя» және «физикалық термин», «гипотеза» және «эксперимент», «өлшем» және «өлшеу қателігі» «Халықаралық бірліктер жүйесі(SI)», «скаляр және векторлық шамалар» физиканы зерттеу үшін негіз болып табылады.

«Физика» пәнін оқыту бойынша тақырыптың оқу күрделілігі және тереңдігі деңгейіне назар аудару қажет:

- «7.1.1.7- күштерді берілген масштабта графикалық түрде көрсету. Білім алушыларға күрделі емес есептер ұсыну және әртүрлі денелердің қозғалысының нақты мысалында меңгеру үшін «вектор» бастапқы ұғымын енгізу ұсынылады;


  • 7.2.2.8 күштерді берілген масштабта графикалық түрде көрсету;

  • 7.2.2.9денеге әсер ететін және бір түзудің бойымен бағытталған күштердің тең әрекетті күшінің модулі мен бағытын анықтау.

Осы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін практикалық бөлігіне графикалық деректермен жұмыс істеудің әртүрлі нұсқалары берілген тапсырма карталарды енгізу ұсынылады.

Физика пәні сабақтарының басты ерекшеліктерінің бірі – физикалық шамаларды тәжірибе жүзінде анықтау, қолдағы құралдармен тәжірибе өткізу, көрсеткіштерді оқи білу және нәтижені талдау.

Сондықтан білім алушылар тәжірибелерді жасап қана қоймай, мәліметтерді жинақтау, талдау, градиентті тәуелділігі мен табуға қатысты кестені құрастыру, тәжірибені өткізуге әсер ететін факторларды анықтау және оның нәтижесін көре білуі керек. Сондағана білім алушы зерттеу жолын жеке меңгереді және қандай да болмасын физика заңдылығына қатысты қорытынды жасай алады. «Орындалуға міндетті практикалық және зертханалық жұмыстар тізімі» білім алушыларға пән бойынша жаңа білім алып, зерттеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретіндей етіп іріктелген.

7-сыныпқа «Сырғанау үйкеліс күшін зерттеу», «Жазық фигураның массалар орталығын анықтау» атты екі зертханалық жұмыс қосылды. Барлығы 10 зертханалық жұмыс және 22 практикалық жұмыс қамтылған.








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет