Физика пәнінен кіріспе бақылау жұмыстарының



Дата25.11.2023
өлшемі10,62 Kb.
#127312
Байланысты:
Срез ТАЛДАУ, Исламқұлов DOC-20230913-WA0000


«Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі 7-8-9-10-11-сынып оқушыларының физика пәнінен
кіріспе бақылау жұмыстарының
ТАЛДАУЫ.
2023-2024 оқу жылы
Бақылау жұмысының мақсаты: физика пәні бойынша білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды анықтау, оқу жетістіктерінің деңгейін білу, сыныптарда өткен тақырыптар бойынша олқылықтардың орнын толтыру бойынша одан әрі жұмысты жоспарлау.
Бақылау бөлімінің мазмұны курсы бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтыды.
Бақылау жұмысының түрі: (тест, бақылау жұмысы)

Тақырыптар

Қиындық туғызған мәселелер;

  1. Физика-табиғат туралы ғылым.

  2. Өлшеулер мен есептеулер дәлдігі. Үлкен және кіші сандарды жазу

  3. Векторлық және скалярлық шамалар.

  4. Отынның жану жылуы, отынның меншікті жану жылуы.

  5. Линзалар. Жұқа линзаның формуласы.

  6. Қисықсызықты қозғалыс, материалық нүктенің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысы.

  7. Денелердің жүзу шарттары, Архимед заңы.

  8. Заттардың агрегаттық күйлердегі денелердің тығыздықтарын анықтау

  9. Денелердің кинетикалық және потенциалдық энергияларын анықтау.

  10. Термодинамиканың негіздері. Идеал газ күйінің теідеуі;


  • Бірінші тақырып бойынша оқушылар физикалық денелер мен физикалық заттарды ажырата алмаған.

  • Өлшеулер жүргізген кезде өлшеуіш құралдардың бөлік құнына назар аудармаған. Үлкен сандарды жазу барысында, дәрежеде қателер жіберген

  • Физикалық шамалардың векторлық және скалярлық шамаларын толық ажырата алмаған

  • Оқушылар отын түрлерін ажырата алмаған, кітапта берілген отынның меншікті жану жылуының сан мәндерін дұрыс алмаған

  • Қисықсызықты қозғалыс тақырыбында оқушылар дененің сызықтық жылдамдығы мен бұрыштық жылдамдығының формулаларын шатастырып жазған.

  • Заттардың агрегаттық күйлеріндегі заттарыдың тығыздықтарын анықтау формуласын білмеген.

  • Архимед заңын дұрыс тұжырымдамаған, денелердің жүзу шарттарын дұрыс жазбаған.

  • Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергия формулаларын ауыстырып жазып қойған, сол себепті есептеулерде қателер жіберген.

  • Термодинамика негіздерін толық меңгермеген, Идеал газ күйінің теңдеуін жазу барысында тұрақты сан мәндері бар физикалық шамаларды дұрыс жазбаған.

1. Бақылау жұмысының нәтижелерін талдау келесі білім деңгейін көрсетті:
7-11-сыныптар бойынша жоғары балл жиғандар: 85-100%, 367 оқушы 21,6 %
7-11-сыныптар бойынша орташа балл жиғандар: 64-84% , 631 оқушы 37 %
7-11-сыныптар бойынша төмен балл жиғандар: 40-63%, 698 оқушы 41 %
Бастапқы бақылау жұмысының қорытындысы бойынша білім сапасы: 58,8% ды құрап, 2022-2023 оқу жылының 4-тоқсан қорытындысымен салыстырғанда: төртінші тоқсанда 63,7 %, яғни 5%-ға төмен.

2. Тапсырмаларды орындау кезінде білім алушыларда туындаған қиындықтар тізбесі:



  • Дәрежелерді қысқартып және оларды жазу;

  • Формулаларды жазып және оларды қорытып шығару;

  • Үлкен және кіші сандарды дәрежеге келтіріп жазу;

  • Физикалық заңдар мен ережелерді есте сақтау және т.б

  • Өлшеулер жүргізген кезде өлшеуіш құралдардың бөлік құнына назар аудармаған. Үлкен сандарды жазу барысында, дәрежеде қателер жіберген

  • Физикалық шамалардың векторлық және скалярлық шамаларын толық ажырата алмаған

3. Жоспарланған түзету жұмыстары: І, ІІ, ІІІ және ІҮ тоқсандағы оқу күндері яғни жыл бойы




ӘБ жетекшісі: С Ерсинов

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет