Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Жаратылыстану ғылымдары факультеті
Физика кафедрасы
МӨЖ
Тақырыбы: Физикалық құбылыстарды модельдеу. Атом физикасы. Вильсон камерасы.
Орындаған: Қадырқұл А.
Қабылдаған: Усембаева И.
Физикалық құбылыстар мен процестерді модельдеу Қазіргі таңда елімізде барлық жоғары оқу орындарында білім беру үдерісінде
компьютерді қолдану жоғары сатыға өтуде. Әсіресе, компьютерді қолдану физиканы оқыту үдерісінде аудиториялық сабақтардың кез келген түрінде сабақтың тиімділігін арттырады және келесі маңызды мәселелерді шешуге, мүмкіндіктерді жетілдіруге әкеледі:
* экспериментті басқару, графиктер құру, формула бойынша есептеу, лабораториялық практикум;
* физикалық есептерді шығару;
* сандық эксперимент;
*лабораториялық сабақтарда бақылануы қиын болған физикалық құбылыстарды модельдеу, экранға шығару;
* көрсетілімдік эксперимент;
* білім алушының ақпаратты сақтау қоры, электрондық оқулық, электрондық анықтамалар, т.б. Демек, білім беру үдерісінде компьютерді қолдану студент игерген объектілер мен құбылыстарды, үдерістерді, олардың арасындағы өзара ықпалдасуды модельдеу негізінде қабылданған шешімдер нәтижелерінің іске асуын болжау, оқу және практикалық есептер шешімін іздеу қабілетін қалыптастыру, оның белсенділік деңгейін көтеру, жеке тұлғасын дамыту мақсатында жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігін өзекті етеді. Физикалық есептерді шығару физика сабақтарының түгелдей барлық түрлері мен кезеңдеріне және аудиториядан тыс жұмыстарында орындалады. Есеп шығару физиканы оқыту үрдісінің ұдайы бөлінбес құрамды бөлігі болып саналады, есеп шығару, физиканы оқытудың әдістері, тәсілдері, амалдары ретінде әр жақты мағынада қолданылады. Физикалық есептерді шығарудың маңыздылығы: студенттердің логикалық және физикалық ойлауын дамытады, математикалық амалдар мен түрлендірулерді орындауға жаттықтырады, физикалық заңдар мен эксперименттің сандық және сапалық мағыналарын ашады; физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың практикалық маңызына және өмірмен байланыстылығына көз жеткізеді; студенттерді тапқырлыққа, өз бетінше жұмыс істеуге, еңбек сүйгіштікке қиындықты жеңу төзімділігіне үйретеді, еңбек-жігерлерін қайрайды; физикалық ұғымдарды, студенттердің практикалық іскерліктері мен дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастырады; студенттердің алған білімдерінің тереңдігі мен беріктігін тексереді; студенттердің физикаға деген қызығушылығын арттырады. Ақпараттық технологиялардың дамуы - физикалық есептерді түрлі компьютер бағдарламалары көмегімен шешуге жол ашты. Физиканы оқытуда есептерді компьютер арқылы шешудің ерекшелігі, студенттердің физикалық құбылысты жан- жақты талдауға, сол құбылыс негізделген физикалық формулаларды зерттеуге, алгоритмдер құруға, және физика, математика, информатика пәндері арасындағы байланысты құра алуға үйретеді. Физикалық есептерді компьютер арқылы шығару, негізінен, есептеу жолдары қайталанатын, есептің жауабы графикалық түрде алынатын жағдайларда тиімді болып саналады. Әрбір шығарылған есепте студенттерге әр түрлі проблемалық жағдайларда дұрыс модель құруға, есепті шығарудағы ыңғайлы әдісті таңдай алуына үйрету қажет. Студенттің стандартты білім деңгейін жоғарылату үшін жүйелі түрде есеп шығару тәжрибесі болуы керек. Бұл кейбір физикалық есеп шығару әдістерін мысалдарымен жүйелендіру және анықтамаларын тұжырымдау әрекетінен туындайды. Есеп шығарудың синтетикалық әдісі төмендегі суретте келтірілген. Жоғарыда аталған есеп шығару әдістер спектрі айтарлықтай кең және кездейсоқ арттыру әдісінен бастап (аналитикалық есеп шығаруға, есеп шығару құрылғысының үлесі нөлге жақын), калькуляторлық әдіске (компьютер үлесіне, шығару кезінде алынған, қорытынды формула бойынша әр түрлі күрделі есептеулер ғана қалады) дейін таралады. Кейбір әдістердің іргелі айырмашылығы бар, ал басқалары программаны жазуға дайындық немесе қарапайым аналитикалық шығару бөлігіне қосқан үлесімен ғана бір-бірінен ерекшеленеді. Сол себепті, әдістер мен жүйелендірулер шартты түрде сипат беріп отырады. Мысалы: аналитикалық есептеу және калькулятор әдістері арасында айырмашылық үлкен емес. Негізінде, есеп шығарудың барлық әдістерін бірдей синтетикалық әдіске алып келу мүмкін. Студент есепті белгілі бір кезеңге дейін шығарады (бұл, ақырында есеп шығаруды әдістерге бөлінуін анықтайды), программаны құрайды және компьютер есеп шығаруды қорытындылайды, не кейбір аралық нәтижелерді береді, не жауабын, не графигін немесе т.б. Алайда, физикалық есептер шығарудың модельдік, есептеу, арттыру әдістерінің мағынасын ажырата білуі, сонымен қатар, таңдап алынған әдісті қолдана отырып, физикалық есепті компьютер арқылы шешудің жүйесін меңгеруі қажет. [1]