Физика,математика және цифрлық технологиялар



Дата03.06.2022
өлшемі14,15 Kb.
#36268
Байланысты:
Студентке мінездеме


Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті
Физика,математика және цифрлық технологиялар
Жоғарғы мектебі 6В01502 –
«Математика – физика» мамандығының 1 курс студенті:
Қазыбаева Шынар Тұрсынғазқызына

Мінездеме

Шынар Тұрсынғазықызы – «Ш.Смаханұлы атындағы №62 гимназиясында» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 09.05.2022 - 28.05.2022 жж. аралығында педагогикалық практикадан өтті. Педагогикалық практикадан өту кезінде Шынар Тұрсынғазықызы өзін жақсы қырынан көрсете білді. Практиканың алғашқы күнінен бастап оқушылармен тез тіл табысып, оларды өзінің мәдениеттілігімен, кішіпейілдігімен, қарапайымдылығымен өзіне баурай білді. Бірінші күннен бастап – ақ өз ісіне ұқыптылығымен, жауаптылығымен, тиянақтылығымен көрінді. «Алгебралық бөлшек және оның негізгі қасиеті» деген тақырыпта ашық сабақ өткізді. Берілген жұмысты уақытылы және сапалы орындай білді. Шынар Тұрсынғазықызы тәжірибе барысында мектепке үнемі мол дайындықпен, көп ізденіспен келеді.
Ұйымдастырушылық қабілеті бар, мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, оқушылармен тез тіл табыса алды. Ең бастысы, табиғатынан педагог мамандығы бойына беріле отырып, өз мамандығын таңдауда қателеспегендігі. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзетуге тырысады. Сабақтарында ойындар, сергіту жаттығулары, топтық тапсырмалар, қызықты өткізе білуімен оқушыларды өзіне тарта білді. Әрбір сабағы жаңашылдықпен өткізіліп, оқушылар құрметіне ие болды. Шынар Тұрсынғазықызы болашақта білімді де білікті, үлгілі еліне адал қызмет ететін азамат болатынына сенемін.
№62 гимназия
директоры Набидоллаева М.Н.

Практика жетекшісі,


Физика пәнінің мұғалімі Кадырбаева Ф.Қ.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет