Тақырып: «Бұлшықет жиырылуы, механизмы. Қозудын синапс арқылы өтуі»
Тақырып: «Бұлшықет жиырылуы, механизмы. Қозудын синапс арқылы өтуі»
Дәріс жоспары:
1. Бұлшықеттің құрылымдық және функционалдық маңызы.
2. Бұлшықеттің физиологиялық қасиетттері.
3. Бұлшықет жиырылуының түрлері.
4. Бұлшықеттің жиырылуы мен босаңсуы туралы қазіргі ілім.
5. Еттің қажуы.
Бұлшықет тінінің түрлері:
Бұлшықет тінінің түрлері:
1. Көлденең жолақты қаңқа бұлшықеті;
2. Көлденең жолақты жүрек бұлшықеті;
3. Бірыңғай салалы бұлшықет.
Қаңқа бұлшықетінің қызметтері:
- адам дене қалпын сақтауға қатысады;
- дененің кеңестікте қозғалысын қамтамасыз етеді;
- дене бөліктерінің бір-біріне салыстырмалы түрде қозғалысын қамтамасыз етеді;
- жылу көзі болып табылады (жылу реттеуге қатысады).
Бұлшықеттің физиологиялық қасиеттері
1. Қозғыштық – бұлшықеттің тітіркендіргішке қозып жауап беруі;
2. Өткізгіштік – бұлшықет бойымен қозудың өтуі;
3. Жиырылу – бұл қозу кезінде ұзындығы немесе кернеуінің өзгеруі;
4. Эластикалық (созылғыш, майысқақ) – жиырылудан кейін бұлшықеттің бастапқы пішініне келуі;
5. Автоматия - бұл тіннің сырттан тітіркендірусіз өзінде пайда болатын серпіністер арқылы қозуын айтамыз.
6. Пластикалық – бұл ұзындығы өзгерген пішінін біраз уақытқа дейін сақтау.
Қозуды өткізу жылдамдығы:
-көлденең жолақты қаңқа еті – 3,5-14 м/сек;
-көлденең жолақты жүрек еті – 0,5-1м/сек;
-бірыңғай салалы еттері– 0,5мм - 5-10см/сек.
Бұлшықеттің жиырылу түрлері
I. Еттің жиырылуы белгілі бір жағдайға (тәуелділігіне) байланысты:
- изометриялық режим;
- изотониялық режим.
- ауксотониялық режим.
II. Сандық жағынан:
- бұлшықеттің дара жиырылуы;
- жинақы бұлшықет жиырылуы:
а)шала жинақталу;
б) толық жинақталу.
- тетанус (немесе сіреспе):
а) тісті тетанус;
б) тегіс (жайпақ) тетанус.
Еттің дара жиырылуы (ЕДЖ)
ЕДЖ – жеке импульс әсері нәтижесінде пайда болады.
1. Латенттік (жасырын) кезеңі – 0,01 сек;
2. Жиырылу кезеңі – 0,05 сек;
3. Босаңсу кезеңі – 0,05-0,06 сек.
Тетанус – бұл жиі тітіркендіргішке бұлшықеттің ұзақ және күштірек жиырылып жауап беруі.
I. Тісті тетанус төменгі жиілікті тітіркендіргіш әсер еткенде пайда болады
(10 – 20 Гц).
II. Тегіс тетанус жоғары жиілікті тітіркендіргіш әсер еткенде пайда болады (↑ 20 Гц).
Жинақталу тұрлері
Толық
Шала
Тітіркендіргіш жиілігінің оптимумы мен пессимумы (Н.В. Введенский)
Оптимум – бұл ең жоғары тетанусты тудыратын тітіркендіргіш жиілігін (оптималды) айтамыз.
Оптимум – бұл ең жоғары тетанусты тудыратын тітіркендіргіш жиілігін (оптималды) айтамыз.
Пессимум – бұл төмен тетанус тудыратын ең жиі тітіркендіргішті айтамыз.
Саркомер құрылымы
Миозин жіпшелерімен оның көлденең көпіршелері
Актин жіпшелері
Электромеханикалық ұласу кескіні
Бұлшықеттің жиырылу механизмі
Тітіркендіру→ Әрекет потенциалының пайда болуы→ Оның жасуша мембранасы мен талшықтардың көлденең түтікшелері бойымен өтуі→ Саркоплазма ретикулум цистерналарынан Са2+ иондарының босап шығуы және олардың миофибриллдерге енуі→ Са2+ ионының тропонинмен байланысы→ Тропомиозиннің деформациясы→ Көлденең көпіршелердің белсенді актин орталықтарымен байланысы→ Актин жіпшелерінің жылжыуы, яғни миофибриллдер қысқарады→ Кальций насосының белсенуі→ Саркоплазмадағы бос Са2+ иондарының концентрациясының төмендеуі→ Көлденең көпіршелердің босауы→ Миофибриллдердің босаңсуы.
Қажу – бұл жасушалар мен мүшелердің немесе тұтас организмнің уақытша қызметінің төмендеуі. Демалыстан кейін қызметі қалыпына келеді.
Қажу – бұл жасушалар мен мүшелердің немесе тұтас организмнің уақытша қызметінің төмендеуі. Демалыстан кейін қызметі қалыпына келеді.