Коммерциялық емес акционерлік қоғам
ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИЫЕРСИТЕТІ
Физика кафедрасы
Студенттік өзіндік жұмысы
Физика 2
Тақырыбы: Айнымалы электр тогы. Айнымалы ток үшін Ом заңы. Ток пен кернеу
Орындаған: Айтмағанбет Марлен
Тобы: ЭЭк 21-13
Тексерген: Алджамбекова Гүлдана
Алматы 2022
Жоспар
Айнымалы ток.
Активті кедергі. Сыйымдылық кедергі.
Ом заңы.
Айнымалы ток, кең мағынада – бағыты мен шамасы периодты түрде өзгеріп отыратын электр тогы. Ал техникада айнымалы ток деп ток күші мен кернеудің период ішіндегі орташа мәні нөлге тең болатын периодты ток деп түсіндіріледі.
Айнымалы ток тізбегіндегі активті кедергі. Айнымалы ток тізбегіндегі сыйымдылық кедергі. Резистор мен жалғағыш сымдардан тұратын қарапайым тізбектің қысқыштарындағы кернеу заңымен өзгереді.
R кедергіні активті кедергі деп атайды.
Ток күші мен кернеудің тербелістерінің графиктері:
1-сурет. Периодты i(t) айнымалы токтың графигі
Ток күші (және кернеу) өзгерісі қайталанатын уақыттың (секундпен берілген) ең қысқа аралығы период (Т) деп аталады (1-сурет). Айнымалы токтың тағы бір маңызды сипаттамасы – жиілік (f). Дүние жүзі елдерінің көпшілігіндегі және Қазақстандағы электр энергетикалық жүйелерде пайдаланылатын стандартты жиілік – 50 Гц, ал АҚШ-та 60 Гц. Байланыс техникасында жиілігі жоғары ( 100 кГц-тен 30 ГГц-ке дейін) айнымалы ток пайдаланылады. Арнайы мақсат үшін өндіріс орындарында, мадицанада және ғылым мен техниканың басқа салаларында әр түрлі жиіліктегі айнымалы ток, сондай-ақ импульстік ток қолданылады. Ток кернеуін кемітпей түрлендіруге болатындықтан іс жүзінде айнымалы токты электр энергиясын жеткізуде және таратуда кеңінен пайдаланады.
Айнымалы токтың үш фазалық жүйесі жиі қолданылады. Тұрақты токка қарағанда айнымалы токтың генераторлары мен қозғалтқыштарының құрылымы қарапайым, жұмысы сенімді, мөлшері шағын әрі арзан қозғалтқыштарын ( асинхронды және синхронды) пайдалануға мүмкіндік береді.
Тәжірибеде жай және неғұрлым маңызды жағдайда айнымалы ток күшінің лездік мәні (i) синусоидалық заңға сәйкес белгілі бір уақыт t ішінде мынадай заң бойынша өзгереді:
Мұндағы: - ток амплитудасы, -токтың бұрыштық жиілігі, -бастапқы фаза.
Сондай жиіліктегі кернеу де синусоидалық заң бойынша өзгереді:
Мұндағы: -кернеу амплитудасы, -бастапқы фаза.
АЙНЫМАЛЫ ТОК ТІЗБЕГІНДЕГІ АКТИВ КЕДЕРГІ:
R кедергіні айнымалы ток тізбегіндегі активті кедергі деп атайды.
Айнымалы ток күшінің лездік мәні синусоидалық заңға сәйкес белгілі бір уақыт ішінде мынадай заң бойынша өзгереді: .
Сондай жиіліктегі кернеу де синусоидалық заң бойынша өзгереді: .
Мұндай айнымалы токтың әсерлік мәндері мынаған тең болады: , .
Тек активті кедергісі бар тізбектегі айнымалы токтың бір период ішіндегі орташа қуаты әсерлік ток мәні мен әсерлік кернеу мәнінің көбейтіндісінен кем болады: .
АЙНЫМАЛЫ ТОК ТІЗБЕГІНДЕГІ ИНДУКТИВТІ КЕДЕРГІ:
Айнымалы ток тізбегіндегі катушка индуктивті қосымша кедергі тудырады. Катушкадағы лездік мәні
Болатын өздік индукцияның ЭҚК-і пайда болады.
Өздік индукцияның ЭҚК-і ток өзгерісіне кері әсер етеді сондықтан тек индуктивтілік бар тізбекте ток фаза бойынша кернеуден ширек периодқа, яғни -ге өалып отырады.
Катушкадағы ток күшінің амплитудасы - идеал катушкасы бар айнымалы ток тізбегі үшін Ом заңы.
- катушканың индуктивті кедергісі.
АЙНЫМАЛЫ ТОК ТІЗБЕГІНДЕГІ СЫЙЫМДЫЛЫҚ КЕДЕРГІ:
Конденсаторды айнымалы кернеу көзіне қосса, ол үнемі қайта зарядталып отырады да тізбек арқылы ток жүреді.
Сыйымдылық С шамасы U-ге тең кернеуге қосылғанда, оны заряды: .
Периодты түрде өзгеріп отыратын кернеу периодты түрде өзгеретін зарядты тудырады да, сыйымдылық тогы пайда болады:
Ток күшінің амплитудасы:
Сыйымдылық кедергі: .
АЙНЫМАЛЫ ТОКТЫҢ ТОЛЫҚ ТІЗБЕГІ ҮШІН ОМ ЗАҢЫ:
Бір-біріне тізбектей жалғанған индуктивтігі L катушкадан, сыйымдылығы С конденсатордан және R резистордан тұратын тізбектегі айнымалы токтың толық тізбегі деп атайды. .
Түсірілген кернеудің амплитудасын
Барлық тізбектегі кернеудің амплитудасы Пифагор теоремасы бойынша анықталады: .
Ом заңына сәйкес: .
АЙНЫМАЛЫ ТОКТЫҢ ТОЛЫҚ ТІЗБЕГІ ҮШІН ОМ ЗАҢЫ:
-толық кедергі.
- реактивті кедергі.
Индуктивті және сыйымдылқты кедергілер.
Достарыңызбен бөлісу: |