Гендер, әлеуметтік топ, жыныс, этнос, жас секілді денсаулық пен аурудың әлеуметтік сипаттамаларын бағалау маңыздылығын түсіндіріңіз



Дата20.05.2022
өлшемі4,26 Mb.
#35117

Гендер, әлеуметтік топ, жыныс, этнос, жас секілді денсаулық пен аурудың әлеуметтік сипаттамаларын бағалау маңыздылығын түсіндіріңіз.
Тақырыбы
Қазіргі таңда ғылым мен қоғамда ғана емес, сонымен қатар антропологиялық ғылымдардың барлығында гендер мәселесіне үлкен мән берілуде. Соған қарамастан пәндік ерекшеліктері де сақталуда: әйел мен еркектің жеке дара қасиеттері мен ерекшеліктері талқыға салынуда; әлеметтанушылар гендерлік ереже қоғамның гендерлік стратификациясы, еңбектің гендерлік бөлінуі және басқа да қызметтері туралы жиі сөз қозғауда; педагогикада гендерлік тәрбие, гендерлік әлеуметтану және т.с.с мәселелер қарастырылуда
«Гендер ұғымы жыныстың әлеуметтік құрылымы деген мағынаны береді. Гендер қоғамның әйел және еркекке бөлінуінің өзі әлеуметтік өмірдің, жемісі екенін көрсетеді», – деп гендер ұғымын әлеуметтік тұрғыдан қарастырады .Гендер – ерлер мен әйелдер арасындағы ерекшелік сияқты әлеуметтік мазмұнға ие. Бұл ерлер мен әйелдердің бір-біріне деген әлеуметтік қарым-қатынасын білдіреді. Гендерлік әлеуметтану – бұл адамның өз гендерлік рөлін игеру үдерісі. Осы үдеріс арқылы «ер» және «әйел» ұғымына сәйкес қоғамдағы этикет нормаларын, жынысына қатысты құндылықтарды, қажеттіліктерді меңгеруге болады.
Бүгінгі таңда «гендер» ұғымы бәріміздің жиі еститін таныс сөзімізге айналды. Бұл ұғымның әйел мәселесіне байланысты екенін аңғарамыз. Осы ұғымға терең үңіле қарасақ, «гендер» тепе-теңдікті үйлестіріп отыратын саясатты қамтиды. Демек, тепе- теңдіктің өлшемі – ер азамат. Ал әйел ер адамнан кем болмауы тиіс. Олай болса, ер азаматқа жүктелген шаруаның бәрінен әйелдерді тыс қалдырмағанымыз жөн.
Баланың мінез-құлқы тәрбие арқылы қалыптасады. Егер бала ебедейсіз, шамшыл, өбектеліп өскен болса, бұған ең алдымен оның ата-анасы кінәлі. Отбасы үшін бала – зор қуаныш. Баласыз бақыт жоқ, бірақ баланың тууы ата-анаға зор міндет пен жауапкершілік те жүктейді. Отбасы тәрбиесі – бала мінез-құлқы мен психологиялық бейнесін қалыптастырудың қайнар көзі. Сондықтан оны балғын шағынан оқытып, жақсы тәлім-тәрбие беру керек. «Егер бала тәртіпсіз болса, оған әкесі де кінәлі» демекші, баланы тәрбиелеу – әкенің де парызы. Келешекте ақылды әрі білімді ұрпақ тәрбиелеу үшін ата-анасы баласын үнемі назарда ұстауы тиіс. Балаларды қолөнерге баулу, ғылым-білімге деген құштарлығын ояту – ата-ананың қасиетті парызы («Балаңыз өмірде өксімес үшін оған білім мен кәсіп бер»). Үлгілі тәртіптің негізі – білім, әдет-дағдыларға машықтану.
Әлеуметтік психология тұрғысынан қарастырсақ, гендер – еркек пен әйел міндеттері және әлуеметтік ақпаратта әйел мен еркек арасындағы айырмашылықтар өте көп деп сендіретін орныққан мәдени ерекшеліктердің зор ықпалында. Осыған байланысты жастардың гендерлік тәрбиесі өзекті мәселелердің бірі болып есептелінеді. Гендерлік тәрбие жоғары оқу орындарының студенттеріне маңызды өмірлік мәні бар, өйткені осы мәселе бойынша ақпараттың жеткіліксіздігі ортадағы таптаурындардың, дұрыс емес гендерлік көзқарастың, кейде гендерлік рөлдік кикілжіңдер күйзелістердің пайда боуына соқтырады.
Көбінесе антикалық кезеңдегі гендерлік зерттеулер туралы айтатын болсақ, оларды Аристотель және Платонның есімдерімен байланыстырамыз. Афиналық Платон жалпыға бірдей оқыту позициясын ұстанды. Ол балалардың қоғамдық тәрбиесі ұлға да қызға да бірдей болуы керек екендігін алға тартады. Әйел адамның табиғаты еркекке қарағанда ерекше болса да, ол түрлі міндеттерді атқаруына кедергі тигізбейді деп тұжырымдаған. Әйелдер өз қабілеттеріне қарай философ та, жауынгер де бола алатындығын айтқан. Платон да теңдік идеясын қолдады. Бірақ оның көзқарастарында қарама-қайшылықтарды да кездестіруге болады. Ол әйелді төменгі сатыға жатқызып, оған деген махаббаты ұрпақты жалғастыруға негізделген жануарлық сезім деп есептеген. Аристотель қыздар мен ұлдарды бөліп оқыту идеясын ұстанған. Ол еркек пен әйел табиғаты әртүрлі, сол себепті өз қызметтеріне сай білім мен дағдыны қабылдауы тиіс деп санаған.
. Ритцер Дж., Степницки Дж., Әлеуметтану теориясы. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. – 856 бет.2. Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С., Әлеуметтану негіздері. 9-басылым. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. – 464 б.3. Мертон Р., Социальная теория и социальная структура. – М.: ACT: ACT МОСКВА: ХРАНИ- ТЕЛЬ, 2006. – 873 с.4. Смелзер Н., Социология. – М.: Феникс, 1994. – 688 с.5. Здравомыслова Е.А., Тёмкина А.А., 12 лекций по гендерной социологии. – СПб.: Изда- тельство Европейского университета в Санкт-Петербурге, 2015. – 768 с.6. Risman B.J., Gender Vertigo: American Families in Transition. – New Haven, CT: Yale University Press, 1998.7. West C., Zimmerman D.H. Doing Gender/Gender and Society, 1984. Vol. 1, No. 2. – 125–151.
Қолданылған әдебиеттер

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет