Гендерные стереотипы в казахском обществе по произведению «Бақытсыз Жамал»



Дата07.12.2022
өлшемі17 Kb.
#55644
Байланысты:
Эссе гендер


Гендерные стереотипы в казахском обществе по произведению «Бақытсыз Жамал»
«Бақытсыз Жамал» романының оқиғасына арқау болған мәселе осы, ескі әдет-ғұрыптың қыспағына түскен қазақ қызының тағдыры. Сүйгеніне қосылып, бақытты өмір сүруді армандаған бойжеткеннің трагедиялық жолы.
Мұғалім қайтып кеткен соң Сәрсенбай енді бір молда ұстаймын деп ертең-бүгінмен жүргенде қыс та болып қалып және де әркімнің: - Енді жарар. Жамалды оқытпай-ақ қой, он екі пәнді түгел білсе де, әйел бала дәріс айтып елге бас болмас, - деген сѳзіне Сәрсенбай айналып, тіпті молда ұстамай қойды.
Жамалдың осындай зеректігі ауызға ілініп, он жасына жеткен уақытында әркімдер: «Сәрсенбай үйінде бір жақсы бала бар»- деп айттыруға қызыға бастап және де Жамалдың анасы ақылды, кѳркем қатын болғанға,«анасын кѳріп қызын ал, аяғын кѳріп асын іш» деген мақалды да еске тұтып сѳйлеуші еді.
Атасы бай адам болмаса да, Ғали инабатты жігіт болып, әрдайым алыс-беріс істерінде уағдаласында опашыл болғандығы кѳрінгенге, байлар шамалап несие беруден тартынбаушы еді.
Басқа шет елдерден күйеуіне разы болмай, екінші жігітпен қашып кетіпті дегенді естігенде, ішінен ойлап: «Олар да мен секілді бейшаралар ғой», - деп аяушы еді. «Олар секілді бір жігітпен кѳңіл қосып қашсам, пәленшенің қызы қашып кетіпті деген сѳз болып, атамның сүйегін сындырғандай боламын. Разы болып Жұманға барсам, ғұмырымша қор боламын ғой», - деп қайсысын істеуге ақылы жетпей, бағзы уақыттарда түн бойы ойлаумен ұйықтамай да шығушы еді.
Жігіттің еркі ѳзінде - жылдың құсы,
Ұшса да, я келсе де отырғысы.
Мысалы, жазы болған жаққа кетер
Бір жердің қары жауып, туса қысы.
Қыз байғұс қолға түскен сандуғаштай,
Торында ғұмыры ѳтер кілтін ашпай.
Сатады мал кѳп берген кісі болса,
Кетеді жылап сорлы қарсыласпай.
Теңіне қыздың кѳбі бара алмайды,
Кѳнбеуге және дағы жоқ шамасы.
Қалайша тұрсын енді жыламай қыз,
Ерлерге қарсы келсек ұнамаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет