Генетикалық код аминқышқылдарының реттілігін кодтау тәсілі



Дата10.12.2023
өлшемі13,65 Kb.
#135812
Байланысты:
днк


ДНК – тірі организмдердегі генетикалық ақпараттың ұрпақтан ұрпаққа берілуіне, сақталуына жауапты нуклеин қышқылдарының бірі. Оның негізгі бөлігі жасуша ядросында орналасады, аз мөлшерде хлоропластар мен митохондрияларда болады. Днк көптеген мононуклеотидтерден тұратын полимер полинуклеотид болып табылады. ДНК құрылысының екі түрі бар: пиримидинді – Ц және Т, пуринді А және Г азотты негіздерден тұрады. Азотты негіздер фосфорлы қышқылмен және дезоксирибозамен байланысады.
Аденин тиминмен 2 сутектік байланыспен, ал гуанин мен цитозин 3 сутектік байланыспен байланысқан. Бұл ДНК құрылысының маңызды қасиеті болып табылады. Азотты негіздердің осылай орналасуы ДНК тізбегіндегі комплементарлық деп аталады.
ДНК ақпаратты ұрпақтан ұрпаққа беру қабілетін өздігінен екі еселену қабілетіне, яғни репликациялануына байланысты. Репликация – генетикалық ақпараттардың көшірмесін жасайды және ұрпақтан-ұрпаққа берілуін қамтамасыз етеді. Әр жаңа ДНК молекуласы бір ескі және бір жаңа синтезделген полинуклеотидті тізбектен құралады. ДНК көмегімен нәруыздардың, ферменттердің және гормондардың биосинтезі жүреді.
Генетикалық код – аминқышқылдарының реттілігін кодтау тәсілі.
ДНК-да 4 нуклеотид – А, Г, Ц, Т. Бұл әріптер кодтың әліпбиін құрайды. РНК-да тимин Урацилмен ауыстырылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет