"Геометриялық оптика", "Салыстырмалы теорияның элементтері" бөлімдері бойынша жиынтық бағалау 11 сынып



Дата11.12.2022
өлшемі25,87 Kb.
#56446
Байланысты:
11 cынып бжб 3-тоқсан


"Геометриялық оптика", "Салыстырмалы теорияның элементтері" бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
11 сынып
Оқу мақсаттары:
11.6.2.2 - сфералық айнадағы сәуленің жолын салу және сфералық айнаның формуласын есептер шығаруда қолдану
11.6.2.3 - Гюйгенс принципінің көмегімен жарықтың сыну заңын түсіндіру
11.6.2.7 - әртүрлі радиустағы екі сфералық беттен тұратын жұқа линзаның формуласын есептер шығаруда қолдану
11.7.1.1 - Галилейдің салыстырмалы принципі мен Эйнштейннің салыстырмалы принципін сәйкестендіру;
Білім алушы:

  • сфералық айнадағы сәуленің жолын салу және сфералық айнаның формуласын есептер шығаруда қолдана алады

  • Гюйгенс принципінің көмегімен жарықтың сыну заңын түсіндіре алады

  • Әр түрлі радиустағы екі сфералық беттен тұратын жұқа линзаның формуласын есептер шығаруда қолдана алады

Ойлау дағдыларының деңгейлері Қолдану
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырма
І нұсқа
1.Автомобиль фарларының жарық шоқтары тұманда нашар көрінетін себебі:
Жарық шоқтары тұманда шағылады және сынады
Жарық шоқтары тұманда түзу сызықты таралады және сынады
Жарық шоқтары тұманда тллық шағылады
Тұман су бөлшектерінен тұрады, одан жарық шоқтары шағылады және шашырайды
Тұман су бөлшектерінен тұрады, одан жарық шоқтары сынады және шашырайды
1 балл
2.Сыну бұрышы түсу бұрышына тең болатындай жағдай:
Екі ортаның сыну көрсеткіштері әр түрлі болса
Бірінші ортаның абсолют сыну көрсеткіші 1-ден кіші болса
Екінші ортаның абсолют сыну көрсеткіші 1-ден үлкен болса
Екі ортаның сыну көрсеткіштері тең болса
Түсу бұрышы ортаны бөлетін бетке перпендикуляр болса
1 балл
3.Периоды 2*10-4 см дифракциялық торға перпендикуляр монохраматтық толқын түседі. Екінші реттік максимумы дифракциялық торға перпендикуляр монохраматтық толқын түседі.Екінші реттік максимумы 300 бұрыш жасай көрінеді.Түскен жарықтың толқын ұзындығын анықтаңыз. 3 балл
4.Күн сәулесінің ауадан шыныға өткен кездегі түсу бұрышы 600 ал сыну бұрышы 300 . Жарықтың шыныдағы таралу жылдадығын және толық ішкі шағылу бұрышын анықтаңдар.
3 балл
5.Жинағыш линзадан 125 см жерден оның бас оптикалық осіне перпендикуляр орналасқан нәрсе экранда биіктігі 25 мм кескін береді. Линзаның фокус аралығы 0,25 м болса, дененің биіктігі қандай?
3 балл
6.Ғарыш кемесі 0,8с жарық жылдамдығымен қозғалатын болса, оның кинетикалық энергиясы неге тең? Ғарыш кемесінің тыныштықтағы массасы 10 т.
2 балл


Барлығы: 13 балл
"Геометриялық оптика", "Салыстырмалы теорияның элементтері"
бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
11 сынып
Тапсырма
ІІ нұсқа
1.Салыстырмалы теория бойынша:
Электродинамика салыстырмалы принципі сақталмайды
Принцип барлық физикалық құбылыстарға таралады
Оптикада салыстырмалы принципі сақталмайды
Механиканың салыстырмалық принципі сақталады
Механиканың салыстырмалық принципі сақталмайды 1балл

2. Төмендегіледі сәйкестендір.


1) Планк теңдеуі а) Е=mc2
2) Бордың екінші постулаты б) E=hv
3) Масса мен энергияның эквиваленттілігі в) hv=Em-En 1балл
3.Периоды 2*10-4 см дифракциялық торға перпендикуляр монохраматтық толқын түседі. Екінші реттік максимумы дифракциялық торға перпендикуляр монохраматтық толқын түседі.Екінші реттік максимумы 300 бұрыш жасай көрінеді.Түскен жарықтың толқын ұзындығын анықтаңыз.
2 балл
4. Оқушы шынының сыну көрсеткішін анықтау үшін зерттеу жұмысын жасаған. Зерттеу жұмысының сұлбасында шыны пластинаның орыны, түскен және сынған сәулелер бейнеленген.

(а) Транспортирді қолдана отырып, сәуленің түсу және сыну бұрыштарын өлшеңіз. [2]


(b) алынған мәліметтерді пайдалана отырып, берілген шынының сыну көрсеткішін анықтаңыз [2]
(с) шыныдан ауаға өткен сәулені салып көрсетіңіз. [1]
5. Нәрсені жинағыш линзаның алдына одан 20см жерге бас оптикалық осьтің бойына қойғанда оның шын кескіні 4F қашықтықта алынады. Линзаның оптикалық күшін есептеңдер. 2 балл
6. 0,8с жарық жылдамдықпен қозғалған протонның импульсін табыңыз.Протонның тыныштық массасы 1,67*10-27 кг. Жарық жылдамдығы 3*108 м/c/
2 балл
Барлығы: 13 балл

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет