Гипертониялық криз кезіндегі шұғыл көмек
Гипертониялық криз - вегетативті бұзылыстардың барысында ми және жүрек қан айналымдарының бұзылуы асқынып, артериялық қан қысымының кенеттен көтерілуін айтады.
Гипертониялық криз кез-келген гипертониялық ауруы бар немесе симптоматикалық артериялық гипертония кезінде дами алады. Кейде сау адам да гипертониялық кризге ұшырауы мүмкін.
Әдетте гипертониялық кризге ұшырататын жағдайларға мыналыр жатады:
• психоэмоционалды жүктеме
• Ауа райының өзгеруі
• Кофе, алкогольді ішімдіктерді шамадан тыс пайдалану
• Гормондық бұзылулар
• Бұрын қабылдаған гипотензивті препараттарды доғару
• Мидағы аурулар (инсульт), жүрек (миокард инфарктісі, стенокардия), бүйрек аурулары.
Гипертониялық криздің белгілері:
• Кенеттен бірнеше минут ішінде немесе 1-3 сағат ішінде пайда болады;
• Жеке жоғары қан қысымы (бір пациентте, 240/120 болса, кейбір адамдарға 130/90 деңгейі жоғары болып табылады). Бұл қан қысымының бастапқы деңгейіне байланысты. Егер науқастың қан қысымның деңгейі үнемі төмен болса, ондағы қан қысымының аздап болса да көбеюі гипертониялық кризді тудыруы мүмкін.
Гипертониялық криздер мынадай клиникалық суреттемелер түрлеріне бөлінеді:
• Нейровегетативтік синдромы бар гипертониялық криз. Әдетте мұндай дағдарыс, куйзелістен, психо-эмоционалдық күйзелістен тез бастау алады. Науқастың басы ауырып, басы айналып , жүрек айныуы болады, сирек жағдайда асқазаны көтеріліп құсады. Адамды қорқыныш сезімі билеп және ауа жетіспегендей болды. Пациенттің көңілі алабұртып, оның қолында діріл, сыздау, терлеу пайда болады. Бұл жағдай қысқа уақытқа яғни 1-ден 5 сағатқа дейін созылады. Бұндай гипертониялық кризді бастан кешірген адамның кейінгі жағдайда көп мөлшерде зәр шығаруы кездеседі. Әдетте гипертониялық криздің бұл түрі өмірге қауіп төндірмейді.
• Сулы-тұзды гипертониялық криз. Тұрақты түрде жүрек айнуы мен құсу, қатты бас ауруына шағымдар пайда болады.. Науқастар көбінесе шаршаңқы, кейде мардымдары жоғалып, уақыт бірлігін шатастырады . Олар бүгінгі күннің атын ұмытып, таныс жерде де адасып кетуі мүмкін. Көру қабілеті бұзылып, көз алдына қара дақтар көрінеді, есту қабілеті нашарлауы мүмкін. Бұл жағдай бірнеше күнге созылуы мүмкін.
• Ауыр гипертониялық энцефалопатия. Бұл қан қысымының айтарлықтай көтерілуінен туындаған ауыр жағдай. Жоғары қан қысымының пайда болуына байланысты мидың қалыпты қанмен қамтамасыз етілуі бұзылады. Бұл жағдайда есеңгіреу, діріл пайда болып, уақытша сөйлеу қабілеті бұзылуы мүмкін.
Барлық криздер былайша бөлінеді:
Қарапайым криз - ағзаларды зақымдамайды. Мұндай криздің науқастың өміріне қауіп төндіру ықтималдығы бар. Бірнеше сағат ішінде қан қысымын төмендету керек.
Күрделі криз - «мақсатты мүшелерді» байланысты. Мақсатты органдар - бұл аурудың салдарынан көпті немесе азды зардап шегетін органдар. Артериялық гипертензиядан жүрек, ми, қан тамырлар, бүйрек зақымдалады. Мұндай криздің түрі науқастың өміріне қауіп төндіреді және 1 сағат ішінде тез арда қан қысымын төмендетуді талап етеді.
Мұндай криздің ұзақ уақытқа созылуы, мынадай аурулардың асқынуына жол ашады:
• Жүректен (миокард инфарктісі, тұрақсыз стенокардия, аритмия),
• Тамырлар (аорттың қабыршықтану аневризмасы, қан кету)
• Ми (инсульт, жедел гипертониялық энцефалопатия),
• Бүйрек (қауіпті бүйрек жеткіліксіздігі).
Гипертониялық криз кезіндегі шұғыл көмек
Жедел жәрдем шақырыңыз. Науқастың (немесе оның туыстары үшін) жедел жәрдем келгенге дейін қабылдануы тиіс барлық іс-шараларды дәрігермен алдын ала талқылау қажет. Біріншіден, криздің белгілерін нақты білу қажет. Егер белгілері бар болса, дәрігеріңіз тағайындаған емдік шараларды қолданып, криздің асқынуының алдын алуға тырысу қажет. Екіншіден, дәрігердің рецептісі бойынша тыныштандыратын дәрі қабылдау маңызды. Өйткені стресс криздің асқынуына әкеп соқтырады. Егер де криз басталған болса, жедел жәрдем шақырып, дәрігер белгілеген дәріңізді қабылдаңыз. Жартылай шалқайып отырып, аяқтарыңызды жылытыңыз (ол жүрек және мидағы қан бөлігін кері бағыттайады), терезені ашып, қысыңқы киімдерді шешіп тастаңыз.
Жедел жәрдем дәрігері гипертониялық криздің осы түріне қажетті барлық дәрі-дәрмектерді енгізеді. Егер криздің асқынуын тоқтата алмаса, науқас ауруханаға жатқызылады.
Гипертониялық криздің алдын алу әлде қайда жақсырақ. Өз дәрігеріңізге уақытылы қаралып, барлық нұсқаулықтарын орындап, қан қысымын күн сайын тексеріп тұрыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |