Гипофиз, гипоталамус гормондары



бет1/5
Дата26.04.2023
өлшемі398,58 Kb.
#87198
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Биохим 13 (копия)

Гипофиз, гипоталамус гормондары



Жоспар:

Жоспар:

  • Кіріспе.
  • Негізгі бөлім
  • Гипоталамус-гипофиздік жүйе.

    Аденогипофиз.

    Нейрогипофиз.

    Гипоталамус гармондары.

  • Қорытынды.
  • Пайдаланылған әдебиеттер.

I. Кіріспе.

Гипоталамус-гипофиздік жүйе.

  • Гипоталамус — аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық. Әдеби тұрғыда айтатын болсақ: гипоталамус ішкі секреция бездерінің «композиторы». Гипоталамус пен гипофиз тығыз байланыста жұмыс істеп, Гипоталамус-гипофиздік жүйені құрайды. Гипоталамус гипофиз безін реттейді, ал гипофиз ағзадағы барлық басқа бездердің жұмысын реттейді. Олар нейрогормондар бөліп рефлекстік және гуморальдік реттеуді жүзеге асырады. Гипоталамус гипофизге әсер ететін статин (гипофиздың гормон түзуін тежейді) және либерин (гипофиздің гормон бөлу белсенділігін арттырады) гормондарын бөледі. Окситоцин және вазопрессин гормондары гипофиздың артқы бөлігінде жиналады.
  • Гипофиз — аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің ең негізгі жетекші орталығы. Әдеби тұрғыда бұл гормон ішкі секреция бездерінің «дирижері» болып саналады. Гипофиз - сопақша пішінді, салмағы 0,5-0,7 г. Гипофиз гормондарының барлығы химиялық құрамы бойынша пептидті (нәруызды). Гипофиз үш бөліктен тұрады: алдыңғы, артқы, ортаңғы

Гипофиз

Қызметі:

Қызметі:

  • 1) гипофиздің алдыңғы бөлігі құрамы нәруыздан тұратын өсу гормонын (соматотропин) бөледі. Өсу гормоны дененің, әсіресе ұзын сүйектерінің өсуіне әсер етеді;
  • 2) нәруыздың, майдың, көмірсудың алмасуын реттейді;
  • 3) жыныс бездерінің жұмысын қалпына келтіреді;
  • 4) сүт безінен сүттің бөлінуін камтамасыз етеді;
  • 5) бүйрек үсті безі қыртысының өсуіне, одан бірнеше гормондар бөлінуіне, қалқанша бездің дамуына әсер етеді;
  • 6) кандағы темірдің тұрақтылығын сақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет