Gmail аккаунттарын құру



Дата10.04.2022
өлшемі0,61 Mb.
#30528
түріПротокол
Байланысты:
Gmail аккаунттарын құру Кендербай Жасмина

Gmail аккаунттарын құру

Кендербай Жасмина

  • Gmail (Google Mail-ден қысқартылған, джи-мэ́л немесе гмэйл деп оқылады) — америкалық Google компаниясынан электрондық пошта тегін қызметі. Уеб-интерфейс және POP3, SMTP, IMAP протоколдары арқылы пошталық жәшікпен қолдануға мүмкіндік береді. 2012 жылдың 6 маусымындағы жағдайына сәйкес, әлем бойынша 425 миллион белсенді қолданушысымен Gmail ең кең тараған уеб-негізделген электронды пошта қызметі.
  • Бұл пошталық қызметтің қолданушылары үшін gmail.com доменінде пошталық адресі беріледі (username@gmail.com сияқты) және googlemail.com доменінде бүркеме ат беріледі (username@googlemail.com). Google Apps қолданушыларға пошталық адрес өз группаларындағы доменде беріледі. Google Apps кәсіптік пакет қолданушыларға электрондық поштаға 25 Гб кеңістік беріледі. Сервис пошта сақтау үшін 10 гигабайттан көп кеңістік береді, бұл сан 2005 жылдан бастап өсіп келеді, сол жылы сервиске бір жыл толып, кеңістік 1 Гб-тан Гб-қа өсті. 2012 жылдың 24 сәуірінде Google Drive пайда болысымен Google пошталық жәшіктің 7,5 Гб-тан 10 Гб өсетіні туралы жариялады.
  • Gmail уеб-интерфейсі браузерлік скрипті программалау тілі JavaScript-те жасалған, бұл уеб-орта үшін әдеттегіден тыс мүмкіндіктер береді, мысалы командаларды пернетақтадан қабылдау, бетті қайта жүктеусіз жаңарту (AJAX технологиясы), адресаттардың жалбыраған тізімі және басқалар. HTML-де жасалған интерфейске көшуге болады, ол барлық браузерлермен қолданылады. Уеб-интерфейс жүктелгенде браузер нұсқасы тексеріледі, егер браузер JavaScript қолданатын барлық нұсқауларды қолданбаса, уеб-интерфейс автоматты түрде HTML-режимге ауыстырылып, қолданушы браузер бүкіл функцияларды қолдамайтыны туралы хабарланады

Тарихы

  • 2004 жылдың көктемінде Google қалаушылары Сергей Брин және Лари Пейдж Google-дан электронды пошта жасау туралы шешім қабылдайды. Жоба дайындалуы құпия болып, 2004 жылдың 1 сәуірінде іске қосылды. Сол кездегі басқа электронды пошталарға қарағанда, Gmail көбірек пошталық жәшікке көбірек кеңістік берді (Hotmail және Yahoo! 2-4 МБайт қарағанда 1 Гбайт-қа дейін ).
  • Жүйені тарқату үшін, компания мыңдаған кездейсоқ адамдарға оны қолдануға берді. Басында, пошталық жәшікті ашу үшін, пошталық жәшігі бар адамдардан шақыру алу керек болды, немесе АҚШ тұрғындары үшін, SMS текстті хат жіберу қажет болды. Қазіргі уақытта тіркелу бүкіл елдердің тұрғындарына ашық. Бета-нұсқа дәрежесі 2009 жылдың 8 шілдесінде алынды.

Ерекшеліктері

  • Басқа электрондық пошталарда болмаған жаңа енгізілімдер Gmail-де бар.
  • "Контакттардың жетілген тізімі". Әр әңгімелесуші үшін сурет, адрес және телефон енгізуге болады.
  • Автотолтыру — тізімнен адрестерді алмастырып қою, ол "Кімге" деген жолда, текст тергенде шығады (қолданушы аты не элктрондық адресі бойынша).
  • Кіріктірме орфографии тексеру". Хабарламаның тілін автоматты түрде танып, қате жазылған сөздерді түзеу үшін нұсқалар ұсынады.
  • Хат фильтрлері.
  • Жарлықтар (ярлык).
    • Архив жасау.
  • Автосақтау. Хат жазыб жатқан кезде 1 минут сайын текст сақталады, бұл электр көзі өшіп қалса, ақпараттың жоғалмауына көмектеседі.
  • Енгізілген чат. Хаттарды тек пошталық протоколдар арқылы ғана емес, Jabber протоколы арқылы да жіберуге болады, сол арқылы қолданушыларпоштаның уеб-интерфейсі және Google Talk программасы арқылы, немесе Jabber қолдайтын басқа программалар арқылы лезде хаттармен алмаса алады. Одан басқа Gmail чатында дауыстық және видео байланысу мүмкіндігі бар.
  • RSS қолдауы.
  • 10 гигабайт хаттарға арналған кеңістік. Бірақ, жіберетін не қабыл алатын бір хаттың көлемі 25 мегабайттан аспау керек.
  • Қауіпсіз қосылуды қолдану. Басқа тегін не кейбір ақылы пошталық сервистермен салыстырғанда, Gmail SMTP/POP3/IMAP протоколдары арқылы шифрленген жалғастыруды ұсынады. Уеб-интерфейс шифрленген HTTPS протокол арқылы жұмыс істейді.
  • Интернет жарнама өте сирек кездеседі. Бұл интернеттен жүктелетін ақпарат мөлшерін төмендетеді,

Гугл аккаунтты тіркеу

  • Ондағы тіркелу бетіне өту үшін мына адрес бойынша жүру қажет: https://accounts.google.com/SignUp. Содан соң мына бетті көресіз:

Содан соң өзіңіз жайлы ақпараттарды толтырасыз. Мысалы астыңдағы сурет секілді:

Барлық ақпараттық жерлерді толтырған соң, далее батырмасың басасыз, егер сіз телефон номеріңізді жазған болсаңыз келесі бет шығады:


Содан соң телефон номеріңізге келген хаттағы кодты жазасыз. Сонымен болды, сіздің Гугл системасында аккаунтыңыз бар.

Google Drive

  • Google Drive — Google компаниясына тиесілі, пайдаланушыға өзінің әртүрлі ақпараттары мен құжаттарын «бұлтта», яғни интернет желісінде сақтап коюға және Ғаламтордың басқа пайдаланушыларымен бөлісуге мүмкіндік беретін бұлттық ақпараттар қоры. Активтенуінен кейін Google Құжаттың орнына ауыстырылады

Сақтау қоры

  • Google Дискте ақпараттарды сақтау үшін тегін 15 Гб ұсынылады. Егер бөлінген кеңістік жеткіліксіз болса, онда 100 ГБ-тан 30 ТБ-қа дейін ақылы қосымша жадты иеленуге болады. 2013 жылдың 13 мамырында Google Gmail-дің Google Диск және Google+ Photos дисктік кеңістіктерінің лимиттерінің біріктірілуі туралы жариялады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет