Гормондардың жалпы қасиеттері мен қызметтері



Pdf көрінісі
Дата25.11.2023
өлшемі8,66 Mb.
#126066


ГОРМОНДАРДЫҢ ЖАЛПЫ
ҚАСИЕТТЕРІ МЕН
ҚЫЗМЕТТЕРІ


ЖОСПАР
Гормондар туралы жалпы түсінік 
Гормондардың жіктелуі 
Гормондардың биологиялық қызметі


 Дене мүшелерінің құрылысы мен қызметін, зат
алмасуды реттейтін, биологиялық әркетшіл,
белсендіргіш заттарды сыртқы (өзекті) және ішкі
(өзексіз) секреция бездер бөледі. Қанға заттар бөліп
шығаратын бездер ішкі секреция бездері («endo»-ішкі,
«crino»- шығару): ұйқы безі, жыныс бездері, мидың
қосымша безі-гипофиз, бүйрек бездері, қалқанша без т.б.
Без өздерінің бөліп шығаратын уытын (секрециясын)
бірден қан арқылы
барлық денеге таратады


ормондар деп ағзаның дамуы мен заттар алмасуының реттелуіне
қатысатын және қан немесе лимфаға бөлінетін, безді клеткаларда түзілетін
заттарды айтады.
Оларға тән қасиеттер:
1) әсер етудің дистанттылығы
2) биологиялық әсердің қатаң талғамдылығы 3) жоғары биологиялық
белсенділік
Эндокринология – бездер, олардың қызметі, және олардың сөлдерінің
бөлінуінің қалыпты жағдайдан ауытқуларын туғызатын науқастар туралы
ғылым. «Гормон” термин 1905 ж Бейлис және Старлинг 12 елі ішектегі
бөлінуші секретин гормонын зерттеу кезінде енгізілген.
Алғаш 1849 ж Аддисон “кола ауруын” суреттеп жазғаннан басталады. Қазіргі
кезде 60 жуық гормон бар.


 Гормондардың жіктелуі
1.Анатомиялық жіктеу, яғни гормондарды олардың бөлінетін
мүшелерінің атымен атау.
2. Химиялық құрамына сәйкес гормондарды 3 топқа бөлуге болады:
2.1 Амин қышқылдарының туындылары. Мысалы, адреналин,
норадреналин, дофамин, тироксин – тирозиннің,гистамин-
гистидиннің, сиротонин – триптофанның туындылары.
2.2 Табиғи ақуыздық, пептидтік гормондар. Инсулин – 51 амин
қышқылынан тұратын А және В полипептид. Эндорфиндер және
энкефалиндер, нейропептидтер т.с.с. 2.3 Стероидтық гормондар.
Бұлар холестериннен синтезделеді (кортизол, эстрадиол,
альдостреон)


Гормондардың физиологиялық қызметтері мынаған
бағытталған:
1) физикалық, жыныстық жетілуіне және ақыл-ойдың дамуына
көмектеседі
2) физиологиялық мүмкіндік жасайды және оны қамтамасыз
етеді
3) бірқатар аса маңызды физиологиялық
көрсеткіштердің(осмостық қысымның, қандағы глюкоза
деңгейінің) бірқалыпта болуын қамтамасыз етеді.




ҚОРТЫНДЫ
Ағзада жүретін барлық үдерістер бір бірімен
байланысты және оларды жүйелер қызметі реттейді. Жүйелерде және ағзаларда
жүретін зат алмасудың реттейтін тілмәш заттар- ағзадағы дене мүшелерінің
құрылысының қызметін реттеп отыратын, биологиялық әрекетшіл, белсендіргіш зат
болатынын және оларға бездерде түзілетінін, бездердің түрлерін білдік. Бездер
химиялық құрамы әртүрлі, болмашы мөлшердің өзінде ақ ағзаны айтарлықтай
физиологиялық өзгеріске әкелетін, яғни зат алмасу үрдісін жеделдететін, өсу, көбею
қарқынын үдететін биологиялық белсенді, әрекетшіл гормондар деп аталады.
Жалпы ағзаның дамуы мен заттардың алмасуының реттелуіне қатысатын және қан
немесе лимфаға бөлінетін, безді жасушаларда түзілетін білдік. Олардың
биологиялық әсері өте қатаң талғампаз, жоғары биологиялық белсенді, әсер етуі
дистантты.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет