Антикалық әдебиеті дамуының бірінші кезеңі – архаикалық кезең (б.д.б. V ғ. басы). Бұл кезеңге халықтың ауыз әдебиеті жатады. Біздің заманымызға дейін антикалық ауыз әдебиетінің үлгілері жеткен жоқ. Бұл кезеңнен тек қана б.з.д. VI ғ. жазылған грек әдебиетінің екі ұлы ескерткіші – «Илиада» және «Одиссея» поэмалары сақталды.
Аттикалық кезең (б.д.б. V-VІ ғ.) – грек классикалық әдебиетінің құрылуы мен гүлденуі. Бұл кезең классикалық кезең деп те аталады. Осы кезеңде лирика, драма, прозаның көп түрі дүниеге келген. Екінші кезеңге грек философтарының, тарихшы, шешендердің еңбектері жатады.