Хаттама №3. Бірлестік отырысы «Майлин атындағы мектеп-балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (білім беру ұйымының атауы)
Математика – жаратылыстану пән бірлестік отырысының хаттамасы
Өткізілген күні: 04.01.2023
(жылы, күні, айы )
Қатысқандар: 5
Қатыспағаны: жоқ
Күн тәртібі:
І жарты жылдықты қорытындылау,
«Қалыптастырушы бағалау – оқушы мүмкіндігін арттыруға жол ашады»
География пән апталығының қорытындысы
Тыңдалды: Бірлестік жетекшісі Нұртаева Құралай І жарты жылдықта оқу бағдарламасының толық атқарылғанын, әр пән бойынша білім сапаларын айтып өтті. Осы өткен екінші тоқсанда оқушылар «Ақбота» Республикалық білім марафонымен, басқада интернет олимпиадаларына қатысып жүлделі орындар алғанын айтты. Сонымен қатар қараша айында өткен мектепішілік пәндік олимпиадалардан информатика пәнінен 9 сынып оқушысы Ермеков Біржан, химия пәнінен 11 сынып оқушысы Әшім Жанбота, биология пәнінен 11 сынып оқушысы Дүйсенби Әдемі аудандық кезеңге жолдама алды.
Физика пәні мұғалімі Төлеуова Іңкәр «Қалыптастырушы бағалау – оқушы мүмкіндігін арттыруға жол ашады» тақырыбында баяндама оқып, оқушыларды қалыптастырушы бағалау арқылы қалай ынталандыруға болатынын айттып өтті. Өз сабақтарында қалай қолданып жүргенін нақты мысалдармен көрсерсетті.
Темирбеков Болат география апталығында атқарылған іс-шаралардың қорытындысымен таныстырды.
Жиналыс шешім етеді:
1. І жарты жылдықта математика-жаратылыстану пән бірлестігінің атқарған жұмыстары қанағаттанарлық деп танылсын, табысты жұмыс істеу мұғалімдерге тапсырылсын. 2. Төлеуова Іңкәр оқыған «Қалыптастырушы бағалау – оқушы мүмкіндігін арттыруға жол ашады» баяндамасы ескерілсін. 3. География пәні апталығының қорытындысы «өте жақсы» деп танылсын. Жиналысы төрағасы: Нұртаева Қ. Хатшы: Төлеуова І.