Хх ғасырдағы екеінші жартысындағы Қазақстандағы кеңістік реформалардың қайшылықтары мен зардаптары



Pdf көрінісі
Дата26.03.2022
өлшемі1,93 Mb.
#28890


ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ЕКЕІНШІ

ЖАРТЫСЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕҢІСТІК

РЕФОРМАЛАРДЫҢ

ҚАЙШЫЛЫҚТАРЫ МЕН

ЗАРДАПТАРЫ

Орындаған:Елемес Қарлығаш 

Қабылдаған:Мүтән Гүлнұр Қаирқанқызы




Соғыстан кейінгі жылдағы Қазақстандағы ауыр ахуал

Қазақстан экономикасын бейбіт жағдайға бейімдеу көп қиыншылықтар

тудырды. Соғыс жылдары Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар

азат етілген аудандарға қайта көшірілді. Сонымен бірге білікті мамандар

да қайтты. Соғыста жарты миллионнан астам адам қазатапты, көбі

мүгедек болып оралды т.с.с. Мұның бәрі шаруашылықты қалпына

келтіруді кешеуілдетті. Қазақстан соғыстан зардап шеккен өңірлерге

барынша көмек корсетті. Сталинград, Ленинград, Киев қалаларын,

коптеген қираған кәсіпорындарды қалпына келтіру барысында

қазақстандықтар көп үлес қосты.




Cоғыстан кейін қираған

экономиканы, халық

шаруашылығын қалпына келтіру

басты міндет болды. Бұл бағытта ең

алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі

кедергі жасады. Себебі КСРО

соғыста 27 млн адамнан айырылды.

Осыған байланысты Қызыл Армия

қатарында демобилизация

(әскерден босату) басталды. 1945-

1948 жылдары Қызыл Армия

қатарынан 8 млн 500 мың адам

босатылды.



Соғыстан кейiнгi жылдары Қазақстан экономикасы, әсiресе,

өнеркәсiп саласы дамыды. Қазақстан еңбекшiлерi бес жылдықта /51-

55/ өнеркәсiптi дамытуда едәуiр табыстарға қол жеткiздi. Осы

жылдары 200-ге жуық жаңа өнеркәсiп орындары iске қосылды. Осы

жылдары Қазақстанда энергетика, металлургия, кен рудасы, көмiр,

химия, машина жасау салалары дамыды. Түстi металлургия

республиканың экономикасының жетекшi саласына айналды. Елдегi

ең iрi объектiлердiң бiрi Қарағанды металлургиялық заводының /

Қазақстан магниткасы/ құрылысы басталды. Қарағандыда оннан

астам шахта iске қосылды. Алматы, Ақтөбе, Петропавл, Қарағанды

қалаларындағы машина жасау заводтары жаңа станок, жабдықтар

жасайтын болды. Өнеркәсiп орындарында өндiрiс процессiн

автоматтандыруда, механикаландыруда елеулi табыстарға қол жеттi.

 



Н.ХРУЩЕВТЫҢ «ЖЫЛЫМЫҒЫ»

ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН

 Тарихта “жылымық” деп аталып жүрген 1954-1964 жылдары

біршама басшылықтың ұжымдық принциптері енгізіліп, әміршіл-

әкімшіл басқару жүйесі босаңси бастады. Қоғамдағы кеңес және

қоғамдық ұйымдардың рөлі біршама өсті. Қоғамдық өмірді

демократияландыруға бағытталған бұл шаралар біршама ой

еркіндігін тұғызды. Нәтижесінде мыңдаған кінәсіз сотталған

адамдар лагерлерден босатылып, партияның кейбір көрнекті

қайраткерлері ақталды. 1930-1950 жылдары істі болған

зиялылардың істері қайта қаралып, 1953-1956 жылдары партия

қатарынан шығарылған 5456 адам, Ұлы Отан соғысы жылдары

жау басып алған территорияларда қалғандары үшін жазаланған

243 коммунист ақталды. Сондай-ақ, 1954 жылы Е.Бекмаханов,

Қ.Сәтбаев, М.Әуезов еліне оралды. К.Бекхожин, С.Мұқанов,

С.Кенебаев партия қатарына қайтадан алынды. Әйтсе де,

Н.С.Хрушев пен оның төңірегіндегілердің Сталиндік тәртіпті сынға

алуы үлкен ерлік болғанымен, олар әбден орныққан әміршіл-

әкімшілдік жүйені толық жойған жоқ.



1957 жылы сол кездегi Кеңес Одағында бiрiншi басшы болған Н.Хрущев шаруашылық

реформа енгiздi. Реформаның басты мақсаты бiр орталықтан басқарылатын жоспарлы

экономикалық жүйенi өзгертiп экономиканы басқаруды жергiлiктi органдардың

қолына беру болды. Халық арасында Хрущевтың атымен аталған бұл реформа бойынша

экономиканы басқаруды жергiлiктi жерлердiң қолына беру мақсатымен экономика

саласы бойынша құрылған министрлiктердi, мемлекеттiк жоспарлау комиссиясын

таратып жергiлiктi жерлерде административтiк-экономикалық райондар құрылды. Бұл

райондарда экономиканы басқаратын халық шаруашылық кеңестерi /совнархоз/

құрылды. Совнархоздардың қолына сол райондағы барлық шаруашылық объектiлерi

берiлдi. Совнархоздар өз қарамағындағы шаруашылықтардың өнiм өндiру, оны сату

мәселесiн өздерi шешетiн болды.



 

Бұл КСРО-да нан тапшылығын жою үшін жасалды. Астық

мәселесін шешудің теориялық тұрғыда екі бағыты болды:

 

ИНТЕНСИВТІК БАҒЫТ



экономиканы ретеудің нарықтық

қатнасына көшу. Бірақ та бұл социализм

идеологиясына қайшы келетін еді. Егер

Кеңес Одағында тың игеруге дейінгі астық

өндіруде гектарына 1 центнерден қосса,

онда бұл өнім бүкіл игерілген тың

жерлердің өнімімен пара-пар болар еді

ЭКСТЕНСИВТІК БАҒЫТ 

астық өнімін жаңа жерлерді жырту,

тың жерлерді игеру арқылы арттыру

жолы. Азық-түлік мәселесін шешуде

Кеңес үкіметі осы екінші жолды

таңдады.

1.

 




К

ЕҢЕС ОДАҒЫ БОЙЫНША 1954 ЖЫЛЫ 13,4 МЛН ГЕКТАР

ТЫҢ ЖӘНЕ ТЫҢАЙҒАН ЖЕРЛЕР ЖЫРТЫЛДЫ. ОНЫҢ 6,5

МЛН ГЕКТАРЫ, ЯҒНИ 50%-Ы ҚАЗАҚСТАНДА. ОСЫЛАЙША

ЖАППАЙ ТЫҢ ЖӘНЕ ТЫҢАЙҒАН ЖЕРЛЕРДІ ИГЕРУ

ҚОЗҒАЛЫСЫ БАСТАЛДЫ. ТЕК 1954-1955 ЖЫЛДАРЫ БІР ЖЫЛ

ІШІНДЕ ҚАЗАҚ ӨЛКЕСІНДЕ ЖАҢА 337 СОВХОЗ ҚҰРЫЛДЫ.

ЖАҢАДАН ҚҰРЫЛҒАН СОВХОЗДАРДЫҢ АТАУЛАРЫНЫҢ ӨЗІ

КӨП ЖАЙТТЫ АҢҒАРТЫП ТҰРСА КЕРЕК: «МӘСКЕУ»,

«ЛЕНИНГРАД», «КИЕВ», «РОСТОВ», «ОДЕССА»,

«КАНТЕМИРОВЕЦ», «ТАМАНОВЕЦ» СОВХОЗДАРЫ ҚҰРЫЛДЫ.

ОЛАР АҚМОЛА, КӨКШЕТАУ, ҚОСТАНАЙ, ПАВЛОДАР,

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНДА ҚҰРЫЛДЫ. 1954-

1955 ЖЫЛДАРЫ БҮКІЛ КЕҢЕС ОДАҒЫ БОЙЫНША 29,7 МЛН

ГА ТЫҢ ЖӘНЕ ТЫҢАЙҒАН ЖЕР, ОНЫҢ ІШІНДЕ ҚАЗАҚСТАН

БОЙЫНША 18 МЛН ГА, ЯҒНИ 66,6% ЖЕР ЖЫРТЫЛДЫ. ТЫҢ

ЖӘНЕ ТЫҢАЙҒАН ЖЕРДІ ИГЕРУ НӘТИЖЕСІНДЕ КЕҢЕС

ОДАҒЫНДА ЖАН БАСЫНА ШАҚҚАНДА 2 МЫҢ КГ АСТЫҚ

ӨНДІРУ МҮМКІН БОЛДЫ. АЛ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТӘЖІРИБЕДЕ

ЖАН БАСЫНА 1 МЫҢ КГ АСТЫҚ ЖЕТКІЛІКТІ БОЛАТЫН.




ТЫҢ ИГЕРУДІҢ НЕГІЗГІ ҚОРЫТЫНДЫСЫ – ОЛ СОЛ УАҚЫТТАН ОСЫ

КЕЗГЕ ДЕЙІН ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫН НАНМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

МӘСЕЛЕСІНІҢ ШЕШІЛУІ. СОНЫМЕН БІРГЕ ҚАЗАҚСТАН СЫРТ ЕЛДЕРГЕ

ЭКСПОРТҚА АСТЫҚ ШЫҒАРАТЫН ЕЛГЕ АЙНАЛДЫ.

ТЫҢ ЖӘНЕ ТЫҢАЙҒАН ЖЕРЛЕРДІ ИГЕРУДІҢ ЗАРДАПТАРЫ ДА БОЛДЫ.

1960 ЖЫЛДАРҒА ҚАРАЙ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТЫҢ ӨЛКЕЛЕРІНДЕ 9 МЛН

ЖЕР ЖЕЛ ЭРОЗИЯСЫНА ҰШЫРАДЫ. 1954-1962 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДА

ТЫҢ ИГЕРУ ҮШІН ҚАЗАҚСТАНҒА КСРО-НЫҢ ТЕК ЕУРОПАЛЫҚ

БӨЛІГІНЕН 2 МЛН АДАМ ӘКЕЛІНДІ РЕСПУБЛИКАДА ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ

ҮЛЕСІ 30%-ҒА ДЕЙІН ТӨМЕНДЕП, ҰЛТТЫҚ ТІЛ, САЛТ-ДӘСТҮР МЕН

ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ЖОЙЫЛЫП КЕТУІ

ҚАУПІ ТУДЫ.




Э

КОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРУ

РЕСПУБЛИКАНЫҢ ҚОРЫН ПАЙДАЛАНУ, ШИКІЗАТ

ЖӘНЕ ОТЫН-ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАРЫН

АЙНАЛЫМҒА ЕНПЗУ АРҚЫЛЫ ЖҮРДІ. 1970-1985

ЖЫЛДАР АРАСЫНДА ӨНЕРКӘСІП ЕНІМІНІҢ

ЖАЛПЫ КӨЛЕМІ ЕКІ ЕСЕГЕ ӨСТІ, АЛ МАШИНА

ЖАСАУ, ХИМИЯ ---ӨНЕРКӘСІБІ ӨНІМІ ҮШ ЕСЕ

АРТТЫ. МЫҢҒА ЖУЫҚ ӨНЕРКӘСІП ОРЫНДАРЫ

МЕН ЦЕХТАР ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ. ОЛАР ҚАЗАҚ ГАЗ

ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ, ШЕВЧЕНКО ПЛАСТМАССА

ЗАУЫТЫ, ҚАРАҒАНДЫ РЕЗЕҢКЕ-ТЕХНИКАЛЫҚ

БҰЙЫМДАРЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТЫ, ПАВЛОДАР

ЖӘНЕ ШЫМКЕНТ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТТАРЫ,

ҚАРАҒАНДЫ МЕТАЛЛУРГИЯ КОМБИНАТЫНДАҒЫ

АҚ ҚАҢЫЛТЫР ШЫҒАРУ ЦЕХЫ, ЕКІБАСТҰЗ ЖӘНЕ

ЕРМАК ГРЭС-І, ҚАПШАҒАЙ ГЭС-І, ЖӘЙРЕМ ТАУ-

КЕН КОМБИНАТЫ ЖӘНЕ Т.Б. БОЛДЫ.

МАҢҒЫСТАУ, ҚАРАТАУ-ЖАМБЫЛ ЖӘНЕ

ПАВЛОДАР-ЕКІБАСТҰЗ АУМАҚТЫҚ-

ӨНЕРКӘСІПТІК

 КЕШЕНДЕРІ ҚҰРЫЛДЫ.




Еңбекақыны төлеудегі әділетсіз теңгермешілік, халықтың басым

бөлігінде негізгі табыстың төмендеуі. Партиялық-мемлекеттік,

әскери және шаруашылық басқару жүйесіндегілерге берілген

артықшылықтар- әлеуметтік әділетсіздікті өрістете түсуге

бағытталған қадам. Халықтың материалдық тұрмыс жағдайының

төмендеу себептері. Тұрғын үй мәселесіндегі шешілмейтін

қиыншылықтар. Орталықтың этно-демографиялық саясатының

келеңсіз тұстары: ішкі миграцияны, соның ішінде қазақтардың

ауылдан қалаға көші-қонды тежеуді паспорттық жүйе, «тіркеу»

(прописка), тілдік кемсітушілік (дискриминация), т.б. жолдармен

жүзеге асырып отыруы. Ауыл тұрғындарының азаматтық

құқықтарына қысым жасау. Ақшаның құнсыздануы. Тұтыну

тауарларының тапшылығы. «Көлеңкелі экономика» (қара нарық),

криминалдық топтардың таралуы

ҚОРЫТЫНДЫ



ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ: ЛЕКЦИЯЛАР КУРСЫ. / РЕД. БАСҚ. Т.Ғ.Д., ПРОФ.

Қ.С. ҚАРАЖАН. – АЛМАТЫ: НҰРПРЕСС, 2011. – 376 Б.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАРИХЫ. ХРЕСТОМАТИЯ. (1917-1939).

1Т. РЕД. БАСҚАРҒАН Қ. С. ҚАРАЖАН. АЛМАТЫ, 2007.

НАЗАРБАЕВ Н.Ә. ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДА. АЛМАТЫ: АТАМҰРА, 1999

КАН Г.В. ИСТОРИЯ КАЗАХСТАНА: УЧЕБНОЕ ПОСОБИЕ ДЛЯ ВУЗОВ. –

АЛМАТЫ, 2005.

ҚАЗАҚСТАН (ҚАЗАҚ ЕЛІ) ТАРИХЫ. – 4 КІТАПТАН ТҰРАТЫН ОҚУЛЫҚ.

АЛМАТЫ, ҚАЗАҚ УНИВЕРСИТЕТІ, 2016.

ҰЛЫ ДАЛА ТАРИХЫ: УЧЕБНОЕ ПОСОБИЕ/КАН Г.В., ТУГЖАНОВ Е.Л. –

АСТАНА: ZHASYL ORDA, 2015. – 328 СТР.

АЯҒАН Б.Ғ., ӘБЖАНОВ Х.М., МАХАТ Д.А. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ.

– АЛМАТЫ, 2010.

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ: ХРЕСТОМАТИЯ /Б.Ғ.АЯҒАННЫҢ РЕД. –

АЛМАТЫ, 2010.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет