ХІХ ғасыр әдебиеті
Қазақ әдебиеті өзінің қалыптасу кезеңінде көптеген қиындықтарға кездесті. Атап жазар болсақ өте көп. Қиын да қасіретті әдебиеттің қалыптасуына көптеген қаламгер мен жазушылар бастарына қатер төнсе де, кейінгі ұрпақтың көзі ашық, шындықтың бетіне тіке қарасын деп жазып қалдырған шығармаларына сан жетпейді.
Белгілі ғалым Д. Ысқақов: «Әдебиеттің тарихын жазу барысында, оны жасау жолдары қандай, оны дәуірлерге бөлгенде, қандай ұстанымдар басшылыққа алынады, қандай талаптар қойылады деген ыңғайдағы біраз сауалдар туындайды. Қазір әдебиет тарихын дәуірлеудің хронологиялық, азаматтық тарихпен орайлас, әдебиеттің өзіндік көркемдік дамуына қарай негізгі үш жолы белгілі. Осылардың ішінде көбірек қолданылып жүргені – алғашқы екеуі. Өйткені, әдебиет дегеніміз, халық тарихының көркем бейнесі, бейнелі шежіресі. Сондықтан да халық бар жерде оның тарихы бар десек, оның ажырамас бір бөлігі ретінде белгілі бір оқиғаның, болмаса қайраткердің өмірде болғандығын көркем бейнелеп, иллюстрациямен дәлелдей түсетін әдебиетінің болуы да – заңдылық. Сол себептерден де әдебиет тарихын дәуірлеуді қолға алған кездерден бастап, оның шегараларын жылдармен, немесе ғасырлармен анықтап отырған дәстүр күні бүгінге дейін жалғасып келеді», - дейді. Ғалым сөзін түйіндесем, әдебиет- халық тарихының айнасы. Әдебиет барда халықтың тілі де, өзі де ары қарай дамиды, өмір сүреді.
21 ғасыр әдебиті өзіндк тарихты да, махаббатты да ұштастыра алған. Мысалға, І.Есенберлиннің "Ғашықтар" романын алар болсақ, шығармада жастардың ыстық сезімімен қоса партия мәселесі, тың игеру жұмыстары да бас көтереді. Осы сынды көпті романдармен әңгімелер жетерлік. Бейімбет Майлиннің "Айт күндері", "Күлпәш" т.б әңгімелерін де тілге тиек етуге болады. Шығармада ашаршылық пен ел арасындағы қарым-қатынас анық көрінеді.
Қорытындылай келе әдебиет тарихымыздағы ең құнды да қасіретті мәдениет дегім келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |