Құқық дегеніміз не?



Дата06.01.2022
өлшемі16,91 Kb.
#11612
Байланысты:
Құқық дегеніміз не


Құқық дегеніміз не?

Қазақстан – зайырлы, құқықтық мемлекет құру жолында. Тәуелсіздік алғалы бергі сындарлы кезең тарих беттерінен өз орнын ала білді десек, осы 20 жыл аралығында құқықтық жүйемізде қыруар шаруа жүзеге асты. Жалпы, осы құқық дегеніміз не? Бұл – мемлекеттің қуатты құралы, басқаша айтқанда, қоғамның жан-жақты дамуын заңдық тұрғыда қамтамасыз ету. Құқық ұғымының көптеген мәні бар. Ол заң ғылымында және күнделікті өмірде қолданылады. Кең мағыналық түсінік болғандықтан әрбір адамда қ ұқықтың мәні туралы қандай да бір пікір қалыптасады. Заң ғылымында құқық бірнеше мағынада қолданылады:

1. Құқық заң ғылымында оқу пәнінің атауын білдіретін ұғым ретінде қолданылады (азаматтық құқық, конституциялық құқық);

2. Құқық деген ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі (білім алу, еңбек ету құқығы). Осы жағдайда құқық субъективтік мағынада қолданылады;

3. Құқық мемлекетпен байланысты және мінез құлық ережелерінен тұратын жүйе ретінде түсіндіріледі (нормативтік акті, заңдар, кодекс). Осы жағдайда құқық объективтік мағынада қолданылады;

4. Құқық объективтік және субъективтік құқықтың жиынтығы ретінде қолданылады (құқық жүйесі).

Құқық теориясы көбінесе объективтік мағынада қарастырады. Оған сәйкес:

Құқық – бұл жалпыға міндетті, формальді анықталған, қоғамның мүддесін білдіретін, мемлекет бекіткен және қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған құқықтық нормалардың жүйесі.

Құқықтың белгілері:

- жалпылығы;

- міндеттілігі;

- нормативттілігі;

- құқықты бұзғаны үшін, мемлекет тарапынан жауапкершіліктің қолданылуы;

- мемлекетпен байланысы;

- формальді анықтылығы, оның ерекше атауының және нысанының болуы;

- жүйелілігі – оның саладан институттардан және нормадан тұруы.

Құқықтық тәрбие негізі неден басталады?

Адамдар арасындағы қарым-қатынастың қоғамдағы демократиялық жолы тікелей құқықтық тәрбиеге байланысты. Ұлы ойшыл Платонның көзқарасы бойынша, өркениетті мемлекет ақыл-ой ұштасуынан дамиды. Құқықтық мемлекет құру үшін азаматтық қоғам орнату қажетті. Азаматтық қоғам мүшелерінің құқықтық санасы мен мәдениеті жоғарғы деңгейде қалыптасуы керек. Жеке тұлғаның құқықтық дамуы – құқықтық (құқықтану, құқыққа көзқарасын қалыптастыру, құқықтық қатынасты жақсарту және т.б.) тәрбиенің арнайы мақсаты. Әйгілі Перикл де мемлекетті басқару жүйесін жетілдіруде құқықтың алатын орнын айрықша атаған. Сондай – ақ, Аристотель адамдардың құқықтық жағдайларын жақсарту мақсатында азаматтық қоғам құру – құқықтық меемлекеттің негізгі нысаны екендігіне өзіндік бағдар береді. Ежелгі Римнің саяси қайраткері Марк Тулли Цицерон «Мемлекет барлық еркін адамдардың келісімімен және құқықтық қатынастан тұрады» деп түсіндіреді. Ежелгі дәуір ойшылдарының тұжырымдарынан олар азаматтардың құқықтық жағдайларын жақсартуға, әрі демократиялық құқықтық мемлекет құруға талпыныс жасағанына көз жеткізуге болады.

Ресей ғалымы И.Ф.Рябко «құқықтық тәрбие - тұлғаның сана-сезімі мен мінез-құлқына жүйелі, мақсатты әсер ету» деп түсіндіреді, ал Қазақстандық зерттеушілер Ғ.С.Сапарғалиев, А.С.Ибраева құқықтық сананы қоғамдық сананың жеке бір саласы дей келе, «құқықтық сана – Қазақстан Республикасы азаматтарының жүзеге асырылып жүрген заңдарға, оларды қолдануға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына және қалаулы құқыққа, басқа да құқықтық құбылыстарға құқық сезімдерінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі», - деген анықтама береді.

Бағамдап қарасақ, құқықтық тәрбие - жеткіншектерге заң бұзушылық себептерін түсіндіретін, оған көмек көрсететін, құқықтық сана–сезімдерін қалыптастыратын ерекше қызмет жүйесі. Қазақстан тәуелсіздікке ие болғаннан кейін егемен мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тікелей тірек болатын барша құқықтық негізді қайта құру қажеттігі туды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында «біздің Республика өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады» деп бекітілген. Өркениет пен мәдениеттiң маңызды құбылысы ретiнде құқық мемлекеттiң жағымсыз iс-әрекеттерiне заңды түрде тосқауыл қоя отырып, адамның табиғи тарихи еркiндiгi мен бостандығының жанашыры, гаранты рөлiн атқарып отырады. Сөйтiп, адамға оның жан-жақты еркiн дамуына, қысылмай ыңғайлы өмiр сүруiне кепiл болады.

Осы тұрғыдан алғанда, құқық – қоғамдағы ең негізгі және маңызды қатынастарды реттейтін, қоғамға пайдалы әрі қажетті қатынастардың дамуына жол ашып, қорғап, қоғамға зиянды қатынастарды шектеп, тыйым салатын құрал ретінде адамдардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарының қоғамдық мүддеге, белгіленген тәртіпке, қабылданған заңдарға сай келуін талап етеді. Сондықтан қоғамның дамуы әрбір адамның өз құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асыра алатын мүмкіндіктерінің болуы арқылы көрініс табатын болса, ол мектеп қабырғасынан бастап қалыптасқан құқықтық тәрбиеге тікелей байланысты. Қазіргі қоғамдағы жеткіншектер арасында нашақорлықтың, зорлықтың, ұрлықтың, бұзақылықтың орын алуы және заңдарды бұзушылық, адам құқықтарын қорғаудың механизмінің болмауы, адамның өз құқықтарын қорғау тәсілдерін білмеуі құқықтық тәрбиелеуге қатысты жаңа бағытты қалыптастыруды талап етеді. Сондықтан дұрыс ұйымдастырылған тәрбие мен отбасының жағдайы арқылы тұлғаны қалыптастыруға педагогикалық басшылықтың шамасы жететінін ескеру қажет. Тәрбие - бүгінде ұлттардың бірігіп нығаюының бөлінбейтін механизмі ретінде әлемдік өркениет пен мәдениеттің дамуында әрбір халықтың өзінің тарихи тағдырын, өзінің орны мен рөлін саналы түсінуіне әкелетін құбылыс. ХХI ғасырдың басында жаһандануға байланысты ұлттық тенденциялардың бірлігі мен күресі, үйлесімі мен текетіресі қоғамымыздың қазiргi әлеуметтiк-тарихи даму кезеңiнде, бiлiм беру жүйесiн реформалау үдерісiнде отбасы мен жалпы бiлiм беретін мектепте туындаған тәрбиелеу үдерісінің педагогикалық ерекшелiктерiнің маңызы өсiп отыр.

Ұрпақ тәрбиесіндегі басты мақсат –жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу.Негізгі тұлғаның өз өміріндегі орнын, атқаратын міндетін,қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін,дүниесінің күрделі құрылымын түсіну және өзін-өзі тану арқылы дара тұлға ретінде өзін үздіксіз бірқалыпты қалыптастыруға баулу. Тәуелсіз мемлекет ретінде елімізде көптеген өзгерістер болуда.Ендеше осы елдің ертеңі-жасөспірімдерге ғасырға лайық тәрбие беру басты міндет болмақ. Елімізде жастарға құқықтық тәрбие беру барысы өз деңгейінде жүргізілсе, соғұрлым құқықтық білім алған жастарымыз мемлекетіміздің көркеюіне,дамуына үлес қоса алатын болады. Құқықтық тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялық пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады.Мемлекетіміз жастарға құқықтық тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді.Қазақстан заңдарына терең құрмет қалыптастыру,оларды сөзсіз сақтау және орындау –ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі.Көбіне құқықтық сананың төмендігі,материалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтар туғызады.Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу,жеткізіп қана қоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады.



Жасөспірімдердің мектептегі өмірі тұлғаның азаматтық қалыптасуының шешуші кезеңі болып табылады.Осы жылдары адамгершіліктің дүниетанымы,сенімдері,тәртіптілігі,өзіне және басқаға талап қоюы ,адалдығы мен шыншылдығы ,қайырымдылығы мен ұстамдылығы ,жігерлілігі мен батылдығы қалыптасады.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет