І. Кіріспе Бағдарлы оқыту – жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сатысында даралап оқытуға, оқушының әлеуметіне және мектептің жоғарғы сатысының орта және жоғарғы кәсіптік білім беру мекемелерімен сабақтастығына бағытталған арнайы дайындық жүйесі. Бағдарлы оқытудың негізгі мақсаты оқушылардың өзіндік білім алу бағдарламаларын құруды жәнге оның жүзеге асырылуын, оқушының отбасында, жергілікті және аймақтық ортада әлеуметтенуін, оқушылардың орта және жоғары кәсіптік оқу орындарына дайындау үшін орта жалпы білім беру бағдарламаларындағы жеке пәндерді тереңдетіп оқытуды қамтамасыз ету болып табылады.