Құқық-өмір айнасы Тақырыбы: «Құқық өмір айнасы»



Pdf көрінісі
Дата26.12.2022
өлшемі134,79 Kb.
#59701
Байланысты:
Документ (1)



Құқық-өмір айнасы 
Тақырыбы: «Құқық - өмір айнасы»
Мақсаты: Оқушыларды құқықтық сауаттандыру, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған 
тиімді, бірлескен іс-қимылдар жүргізу. 
Д:Армысыздар құрметті оқушылар мен ұстаздар! 
А:Бүгінгі «Құқық-өмір айнасы» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! 
Д:Бүгінгі тәрбие сағатымызда біз сіздермен құқықтың маңызы туралы,өз құқығыңызды қорғау 
жөнінде,құқықтың қоғамдағы рөлі жайлы айтатын боламыз. 
А:Олай болса,тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!Назарларыңыз бізде болсын! 
Д:Жалпы құқық дегеніміз не?Ол туралы не білеміз?(Оқушылардан сауалнама) 
А:
Құқық дегеніміз – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық 
қатынастарды 
реттейтін 
тәртіп 
ережелердің 
жиынтығы. 
Құқық терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында күнделікті өмірде және қызмет бабында 
қолданылады. Кең мағыналы түсінік болғандықтан, әрбір адамның құқықтың мәні туралы қандай да 
пікірі қалыптасатыны сөзсіз. 
Д:
Қазіргі заман талабына сай әрбір Қазақстан азаматы, еңбектеген сәби мен еңкейген қартқа 
дейін өз құқығын жете біліп, оны қажетіне сай өмір сүру дағдысында қолдана білуі керек. Әрбір 
адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет. Сондай-ақ заң 
адамға міндеттер жүктейді. Адам - басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, 
денсаулығына, ар-намысына қол сұқпауы керек. Адам түрлі жағдайда өмір сүреді: отбасында, 
жұмыста, мектепте, көпшілік жерде. Адамның қоғам мен мемлекет алдындағы міндеті: 
мемлекетті қорғау, салық төлеу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу.
А:Құқықтың өзіндік ерекшеліктері де бар.Мысалы,құқық саласы-қоғамдағы нормативтік актілерді 
жүйе-жүйеге,сала 
салаға 
бөлу.Құқықтың 
өзіндік 
түрлері 
де 
болады.Атап 
айтқанда,мемлекеттік,әкімшілік,азаматтық,қылмыстық,еңбек,қаржы,отбасы т.б құқықтар.Біз бұл құқық 
түрлерін білуіміз қажет. 
Д:Олай болса,Айғаным!Достарымыздан құқықтың түрлері туралы не білетінін анықтап көрейік.(Әр топқа 
түрлі тақырып,Меншік құқығы/Еңбек құқығы/Бала құқығы) 
А:Дана келесі кезекті сыныбымыздың активист оқушыларына берсек қалай қарайсың? 
Д: Осы уақытты өзім де асыға күттім.Олай болса,келесі кезекте оқушыларымыздың дайындаған 
көрінісіне берсек. 
Көрініс.Мектептегі оқиға. 
А:Ендігі кезекте мына жағдаяттарды бірге шешсек. 
Жағдаят. 
1.Азамат А. ойын - сауықтан оралған соң пәтеріне 
кіріп теледидарды қосып
, дауысын жоғарлатты. 
Сол кезде уақыт 00.35 сағат болатын. Мұны естіген көршілер келесі күні полицияға арыз берді. 
Азамат А. әкімшілік құқықбұзушылық жасады ма? 
2.Жолаушы В. поезд вагонының ішінде шылым тартып тұрған жерінен көлік полиция қызметшілері 
ұстап алады да, әкімшілік құқықбұзушылық жөнінде хаттама толтырады. Ол әкімшілік 
құқықбұзушылық кодексінің қай нормасын бұзды деп ойлайсыз? 


3.
Азамат С. аңшылықпен айналысатын. Ол үйіне келгенде мылтықты 
шкафтың ішіне қоя салды
, сол 
қойғаннан бері бір жылдай уақыт өтті. Учаскелік инспектор рұқсат қағаз бен қаруды тексеру кезінде 
мылтықты көреді. Азамат С. әкімшілік құқықбұзушылық жасады ма? 
4.
15 жастағы Д. Мектепте өзiнiң досын жаман сөздермен қорлап айтты. Мұны байқаған мекептiң 
күзетшiсi мен сынып жетекшiсi 15 жасар Д.-ны мектеп директорына алып барады. 15 жасар Д. 
қандай құқықты бұзды? 
Д:
Құқық дегеніміз — мемлекет арқылы қамтамасыз етілетін, 
әділеттілік
 туралы адамдардың 
көзқарастарынан көрініс табатын, жалпыға бірдей міндетті нормалардың жиынтығы.
Адам құқығы 
бала құқығын қорғаудан басталады» дейді. Иә, шынында, бала дүниге келген сәтінен-ақ өзінің 
құқығына ие болады. Себебі «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы - адам, оның 
өмірі, құқығы мен бостандығы» деп Қазақстан Республикасының Конституциясының бірінші 
бабында айтылған. Мемлекеттік биліктің бастауы - халық. Яғни адам өзінің ойын, пікірін еркін 
айтуға да құқылы. 
А:Құрметті достар!Сіз дүниеге келген сәттен бастап,өзіңізге қатысты құқықтарыңыз болады.Өз 
құқығыңызды білу-сізді дұрыс өмір сүруге жетелейді.Өзіңіздің құқығыңызды біле отыра,сіз де 
басқалардың құқығын солай сақтауға міндеттісіз.Құқық бұзушылық орын алған сәтте,сіз ақиқатты 
таңдауыңыз қажет.Ешкімнің құқығына қол сұқпаңыз және өз құқығыңызды біліп жүріңіз. 
Д:Осымен бүгінгі тәрбие сағаттан көп мәліметтер алдыңыздар деп ойлаймыз.Бізді назар қойып 
тыңдағандарыңызға рахмет. 
Б:Олай болса,тәрбие сағатымыз осымен аяқталды! 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет