Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген



Дата29.04.2022
өлшемі9,51 Kb.
#32865
Байланысты:
Ыбырай


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Тақырыбы: Ыбырай - қазақ мектебіне

арналған тұңғыш оқу

құралдарының авторы.

Орындаған: Серикбаева Назгуль Еркинбековна

Тексерген: Панзабек Бағила

Төребекқызы


Алматы 2022

Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері.

Туған жері:

Арқарағай, Қостанай облысының Қостанай ауданы , Аманқарағай ауданы, Күнтимес орда-қыстауы

Қайтыс болған күні:

29 шілде 1889 (47 жас)

Қызметі:

халық ағартушы, ақын, жазушы

Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды.

Қазақ халқының ұлы перзенті, қазақ жерінде оқу-ағарту ісін жүзеге асырған қазақ зиялылырының көшбасшысы, тұңғыш халық ағартушысы қоғамда өзгерісті жасау жолында талмай күрескен , сөйтіп халық игілігі үшін жан алмай еңбек етудің үлгісін көрсеткен. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы акса көрнекті ағартушы-демократ - Ыбырай Алтынсарин Қазақстандағы қоғамдық ой-пікірдің өркендеу тарихында үлкен орын алды.Ол жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Қазақ даласындағы аумалы төкпелі заманда ұрпақ болашағын ойлап, балалар мен жас жеткіншектердің тағдырына терең үңілген ағартушы –ұстаз.

Мектепті үздік бітірген ол 1857-1859 жылдары арасында өз атасы Балқожа бидің писері (қағаз көшіруші ) болады да, 1860 жылы Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаштыққа орналасады. Кейіннен өз қалауы бойынша Торғай қаласындағы бастауыш мектепке мұғалім болып келеді , ел ішінде орын алған саутсыздық пен білімсіздікке қарсы ашық күреседі.

Осы кезден бастап, бұл бағыттағы асыл арманы Алтынсаринның ағартушылық педагогикалық қызметі басталады. Соныман бірге, Ресейде басталған азаттық қозғалыстың өрлеу кезінде қазақ ағартушыларының демократиялық идеяларының белсенді жаршысы болды. Ағартушылық қызметінің алғашқы қадамдарында кездескен кедергілердің бірі-ол кездердегі шалғай түкпірдегі мектеп ашудың қиындығы , қаражат, мектеп үйі, оқу құралдарының жетіспеуі. Оның үстіне осындай ізгілікті іске қараңғы орта –облыстық басқармадағылар да, жергілікті әкімшілік те салқын қарайтыны, оқу мен білімге деген надан әкімдердің енжарлығы да болды. Бірақ соның бәрі оның талабын қайтара алмады , ағартушылық идеямен қанағаттанған Ыбырай халықтың мұң-мұқтажы мен арман тілегін орындау мақсаты оның көздеген мақсаты болып сол арманға жетуге құлшына кірісті. Ол мектеп ашуға ел-елді аралап қаражат жинауға кірісті.



Сонымен, Ы.Алтынсарин Қазақстандағы әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді шешудің басты жолдары мен негізгі ұстанымдарын ұсынды. Іргесі қаланбақшы алғашқы мектеп құрылысын, тұнғыш берілетін білімнің бағыт-бағдарын айқындады, қалың бұқараға оның мазмұны мен маңызын түсіндірді, бастауыш мектепке қажетті оқу-құралдарын дайындады.

Сонымен қорыта келгенде, Ыбырай Алтынсарин-тұңғыш халық мұғалімі, Қазақстандағы халық мектептерін бірінші ұйымдастырушы және қазақ халқынан шыққан тұңғыш педагог-теоретик. Алтынсариннің қызметі біз үшін қоғамдық ойды дамыту тұрғысынан оның халық ағарту ісі мен қазақ әдебиетінің тарихындағы орны біздің көңілімізді ерекше аударып тұрады.

Қазақ балалары үшін ана тілінде құнды әңгімелер мен өлеңдер жазған Алтынсарин қазақ әдебиеті тарихында Абаймен қатар жазушы- суреткер ретінде тиісті орын алды. Оның шын ниетімен, жан-тәнімен жазған шығармаларының соншалықты ол күні бүгінге дейін жастарды жалықтырып, ескерген жоқ.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет