Суицид- (лат.тілінен sui –өзін + caedere – өлтіру) —өзін – өзіне қол жұмсауға икемді адамның әрекеті.Былайша айтқанда, бұл адамның өзінің «ішкі болмысына » жасалған қатыгездігі, яғни жауыздығы. Суицид дертіне әдетте рухани әлсіз,психикалық тұрғыдан тұрақсыз адамдар шалдығады. Сондай – ақ, өз– өзіне қол жұмсауға күнделікті күйзеліс түрткі болуы да мүмкін.
Қазақстан суицид бойынша әлемнің алдыңғы бестігіне кіреді екен. Ал Орта Азияда “бәйгенің » басында келеміз.Елімізде әрбір 100 мың адамның 53 – інің ажалы өздерінен болатыны анықталған. Нақтылы айтсақ,еліміз, өкінішке қарай, өзін –өзі өлтірушілердің жалпысаны жағынан әлемде үшінші орынға , ал қыз балалар өлімі бойынша бірінші орынға шыққан.Бұл Қазақстандағы суицид саны жалпы әлемдік стандартпен салыстырғанда,өте жоғары деңгейде екендігін білдіреді.
Суицид топтары:
1) өзара қарым-қатынас түрі бұзылғандар;
2)) өзін тым қатты сынауға алатындар;
3) уайымға салынған жасөспірімдер;
4) ауыр науқастан н/е жанындағылардың сырт айналуынан күйзелген адамдар;
5) өзін өлтіру жайлы әңгімелер және т.б.
•Суицид шақтары:
Әр бір жас кезеңдеріне сай суицидальді белсенділік тән болады.•
Балалық шақ – 12 жасқа дейін;
- Жеткіншектік кезең – 12-17 жас;
Жастар арасы - 17-29 жас;
Ересектер арасы – 30-35 жас;
Қарттық кезең – 55-70 жас.
•СУИЦИДИАЛЬДЫ МІНЕЗ ҚҰЛЫҚ ТИПТЕРІ:
Суицидальді мінез- құлықтың 5 типі бар:
1) Протест.
2) Жанашырлыққа шақыру.
3) Қайғыдан қашу.
4) Өзін-өзі жазалау.
5) Өмірден бас тарту.
•Суицид түрлері:
Шынайы суицид (шындығында да өзін-өзі өлтіргісі келетін адам ) –Қашанда жабырқау дағдарыстық жағдай н/е өмірден бас кешу жайлы ой, өмір сүрудің мәні жайлы ойланып күйзелу жатады.
Демонстративтік суицид – өлуге деген ниетпен байланысты емес, қайта өз проблемасына назар аудартудың әдіс-құралы болады, көмекке шақырады.
Жасырын суицид - өзін-өзі қол салу мінез-қылығының біртүрі. Бірақ қатаң мағынада оның белгілеріне жауап бермейтін, сонда да сол бағыт пен қорытындыға ие болады. Бұл іс-әрекет көп жағдайда қауіп-қатер деңгейінің жоғарғы ықтималдылығымен ұштасып жатады.
Алдын-алу шаралары:
Суицидтің алдын алу үшін ата-аналар,мұғалімдер,психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер, салауатты өмір салтын қалыптастырушы мамандар ,бұқаралық ақпарат құралдары бірлесе жұмыс атқару керек.Яғни ең алдымен алдын алу жұмыстары жасалуы қажет: жасөспірімдер мен жастар арасында осытақырыпта дәрістер,әңгімелесулер ,сұхбаттасу,кеңес беру ,сұрақ-жауап сияқты жұмыстардың көбірек жүргізілгені дұрыс.Суицидке баратын адамдар көбінесе ішкі жан-күйзелісін басынан кешіреді немесе қатты стресс жағдайында болады,сонымен қатар психикалық ауруларымен ,көңіл күй бұзылыстарымен,әсіресе депрессиямен зардап шегеді және болашақ өмір қызықтырмайтын болып келеді.