Ii. Негізгі бөлім II капсулалардың қолданылуы
Capsulae
Жоспары
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
II.1.Капсулалардың қолданылуы
II.2. Қатты және жұмсақ капсулалар
II.3. Капсулаларды алу
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Капсулалар(лат.Capsulae-қапшық,сырт қабықшасы,сырт қорабы)-дәрілік заттың қабықшамен қапталған дозаланған дәрілік зат.
Капсулалар(лат.Capsulae-қапшық,сырт қабықшасы,сырт қорабы)-дәрілік заттың қабықшамен қапталған дозаланған дәрілік зат.
Капсулалар ішке сиректеу ректальді,вагинальді және т.б. әдістермен енгізіледі.
Олар крахмалдан , бидай ұнынан, немесе желатиннен зауыттарда жасалынады. Капсулалар сопақша немесе дөңгелек пішінді болады. Капсулалар түрінде жағымсыз иісі немесе ащы дәмі бар (хинин,скипидар,эфир тәріздес ұшқыр заттар , көмертегі , тетрохлорид, қою майлар, бальзамдар, экстарктілер, кастор майы, еркек усасыр экстрактісі және т.б) және ас қорыту жолдарының кілегейлі қабатына тітіркендіріп әсер ететін заттар тағайындалады.
Капсулалар орта есеппен ас қорыту жолында 20 минут ішінде еріп кетуі керек.
Кіріспе
Ас қорыту жүйесінің кілегейлі қабатын бояулардан сақтау үшін;
Асқазан арқылы дәрілік заттардың өзгеріссіз өтуі үшін;
Асқазаннаң сілекейлі қабықшасын көптеген препараттардың тітіркендіргіш әсерінен қорғау;
Дәрілік заттардың босатылуының ақырындауы,осыған сәйкес олардың терапевтикалық эффектісінің пролонгирленуін қамтамасыз ету және улылықты төмендету;
Баланстық көмекші заттардың болмауына жоғарғы биологиялық қол жетімділігі;
Дәрілік заттың жағымсыз иісін жасыру үшін;
Дәрілік затты жарықтың, ылғалдың,ауа оттегінің әсерінен қорғау;
Дәрілік заттарды дәлдікпен дозалау;
Капсулалардың қолданылуы
қатты және қақпағы бар (cupsulae durae operculate);
molles).
жұмсақ, бүтін қаптамасы бар (capsulae molles).
Капсулаларды 2 типке бөледі:
Қатты капсулалар сусымалы ұнтақ тәріздес және гранулденген заттарды дозалау үшін пайдаланады. Олардың қалпы цилиндр, бүтін жақтары жартылай сфералы және екі бөліктен- корпустан және қақпақшадан тұрады.
Корпус және қақпақша бір-біріне жеңіл және қуыс қалтырмай тығыз киілуі керек.
Капсулалар ішінің сыйымдылығына байланысты 8 нөмірлі болады. № 000 00 0 1 2 3 4 5
Орташа сыйымдылығы 1,37 0,45 0,68 0,50 0,37 0,3 0,21 0,13.
Жұмсақ желатинді капсулалар әдетте олар сыйымдылығы 1,5 мл-ге дейін болатын жартылай сферальді түпті жұмыртқа тәрізді ,ұзынша формалы болып келеді.Оларға сұйық , паста тәрізді дәрілік заттарды капсулдайды. Май тәрізді сұйықтықтармен толтырылған сыйымдылығы 0,1-0,2 мл болатын капсуларарды кейде інжу моншақ немесе інжулер деп атайды.Ұзартылған мойынды капсулаларды – тубатиндер деп атайды. Оны мойнының соңын кесіп ішіндегісін оңай сығуға болады. Олар балалар дәрілерін орамдауға қолданады.
Капсулаларды алу бірнеше сатыдан тұрады.
Желатинді масса дайындау;
Капсулаларды формирирлеу;
Толтыру;
Қапшықшалармен жабу;
Сапасын бағалау
Желатинді масса дайындау
Желатин массасының құрамы-желатин, глицерин және су. Қатты желатин капсула массасы глицеринді 0,3%-ке дейін, ал жұмсақ желатин капсула массасы глицеринді 20-25% дейін құрайды. Капсула массасы құрамына, медицина саласында қолданылатын әртүрлі көмекші заттар кіреді. Пластификатор ретінде: сорбит, (4-40%) оксиэтиленмен, полиэтиленсорбит (3-15%), гексантрол және т.б. Бояғыш заттар ретінде: титанның қос тотығы(ақ түсті), аморант қышқылы, эритрозин, (қызыл түс), тартразин (сары түс), индиготин(көк түс), қолданылады. Желатин сырт қабатының микробтарға қарсылығын көтеру мақсатында консерванттар: калий метабисульфиті (0,2% дейін), бензол қышқылы, натрий бензоаты (0,05-0,1%), салицил қышқылы (0,12% дейін), нипагин және нипазол 7:3 (0,1-0,5%) қатынасында.
Желатин массасын араластырығышы бар эмульденген шойын реакторларда дайындалады, реакторда температурада автоматты реттелінеді, ауа кіретін краны және вакуум келтірілген. Микробтар мен зеңдерге тұрақты желатин массасын алу үшін технологиялық қондырғыларды және өндіріс орнын айына 2 рет дезинфекциялайды, ал аппараттарды әрбір тиелуден кейін ыстық бумен 1 сағат булайды. Желатин массасының құрамы мен алу жолдары капсула түрінде, капсулденетін дәрілік заттардың қасиетіне байланысты
Формирирлеу сатысы және капсуланы толтыру бірге жүруі мүмкін, ал қапшықшалармен жабу сатысы бірге жүрмеуі мумкін. Толтыру жүктеу әдісімен дайындалатын жұмсақ және қатты капсула үшін қажет. Қатты капсулаларды толтыру автоматта және жартылай автоматта жүзеге асады. Олар: Eli Lilli , R Shterer (США), Hofliger und Karg (Германия).
Жетілген аппараттар жоғарғы өнімділігімен және дозалау мүмкіндігімен ерекшелінеді. Толтырылған соң ақаулар болдырмау үшін капсула қақпағын желатиннің лентасымен немесе ПВС ерітіндісімен герметикалық тығындайды. Оны арнайы қондырғылар немесе толтыру үшін «Diaf» (Дания ) фирмасының аппаратында жүзеге асырады. Жұмсақ капсулаларды дәрілік заттармен дозатор көмегімен шприц арқылы толтырады және дәнекерлейді. Сосын капсулалар өңдеуге және қабықшамен жабуға жіберіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |