Астана, 2022 ж.
ҚР Қылмыстық құқығы (Жалпы бөлім) Құқық жоғары мектебі
Қылмыс ұғымы және оның белгілері
Қылмыс – бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді. «Қылмыс» ұғымы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9 – бабында берілген: «Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет – қылмыс деп танылады».
1. Қылмыс әрқашан іс – қимыл болып табылады, яғни, ол әрекетпен де, әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін.
1. Қылмыс әрқашан іс – қимыл болып табылады, яғни, ол әрекетпен де, әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін.
Әрекет – бұл қылмыс жасаудың белсенді нысаны. Әрекетсіздікте кінәлі адам өзі жасай алатын әрекетті және жасалуы тиіс әрекетті жасамайды. Адамның ойлау қызметі жазаланбайды, өйткені ол қоғамға қауіпті теріс қылық жасауға алып келмейді.
2. Қылмыс – бұл қоғамға қауіпті әрекет, яғни ол қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе зиян келтіруге нақты қауіп төндіреді.
3. Қылмыс - әрқашан құқыққа қайшы болады. Құқыққа қайшылық – бұл қылмыстық заңның әрекетке тыйым салуы. Құқыққа қайшылық деп қылмыстық кдексте бекітілген тыйымды қылмыс жасаған адамның бұзуын айтады.
4. Қылмыстың міндетті белгісінің бірі адамның кінәсінің болуы. Қасақана немесе абайсызда жасалған әрекет қылмыс болуы мүмкін.
5. Жазалану. Егер әрекет жазаланбайтын болса, онда ол қылмыс ретінде қарастырылмайды. Әрбір қылмыс үшін қылмыстық кодексте жаза қарастырылған.
Қандай қылмыс жасалғанын анықтау үшін «қылмыс құрамы» сияқты ерекше ұғым бар, мысалы, ұрлық немесе бұзақылық, кісі өлтіру немесе қарақшылық.
Қандай қылмыс жасалғанын анықтау үшін «қылмыс құрамы» сияқты ерекше ұғым бар, мысалы, ұрлық немесе бұзақылық, кісі өлтіру немесе қарақшылық.
Қылмыс құрамы деп қоғамға қауіпті әрекетті қылмыс ретінде сипаттайтын объективті және субъективті белгілердің жиынтығын айтады.
Қылмыс құрамы элементтерден құралады. Егер осы элементтің біреуі болмаса қылмыс жасалды деп айта алмаймыз. Қылмыс құрамының элементтері бұл – объект және объективті жағы, субъект және субъективті жағы.
Қылмыс субъектісі жай, белгілі бір жасқа толған және есі дұрыс боғандықтан өз әрекетін (немесе әрекетсіздігін) бағалай алатын қабіеті бар адам болуы керек.
Қылмыс объектісі – бұл қылмыстық іс – қимылға бағытталған және зиян келтіруі мүмкін қоғамдық қатынастардың жиынтығы, мысалы, өмір, жеке меншік, ар – ұят, абырой.
Қылмыстың объективтік жағы - әрекет деген жалпы ұғымды беретін адамның әрекет немесе әрекетсіздік нысанындағы сыртқы көрінісі.
Қылмыстың субъективтік жағы – бұл адамның өз іс – қимылына психикалық көзқарасы. Ол қасақаналық және абайсыз нысанында көрініс табады.